USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Қазақстанның үздік сатиригі Семейде тұрады

Қазақстанның үздік сатиригі Семейде тұрады

Сатириктердің республикалық «Көзкөрген» атты байқауында Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Аймұханбет Бейсембеков бас жүлде иегері атанды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі университеттің баспасөз қызметінің ақпаратына сілтеме жасап.

Байқау сатирик жазушы Садықбек Адамбековтың туғанына 100 жыл толуына орай өткізілген болатын.

Байқауға қатысушыларға үш талап қойылды. Бірінші, С.Адамбековке арналған эпиграмма түрінде жазылған өлең арнау, екінші, парақорлық пен жемқорлық тақырыбына жазылған шығарма жазу, үшінш, еркін тақырыпқа жазылған сықақ өлең. Жалпы, байқауға 50-ден астам белгілі сатириктер қатысып, 150-ге жуық шығармалар орындалды. Нәтижесінде қазылар алқасының шешімі бойынша университетіміздің аға оқытушысы Аймұханбет Бейсембеков Бас жүлдеге лайық деп танылды. Одан кейінгі орындарды астаналық Балапан Базар, алматылық Ермахан Шайхыұлы иемденді. Додаға қатысушы сатириктер арнаулы жүлделерден де құр алақан қалмады. А.Тоқпанов атындағы жүлдені А.Боранбаев, С.Адамбеков атындағы жүлдені М.Рәш, О.Әубәкіров атындағы жүлдені К.Әмірбек қанжығаларына байлады. Ынталандыру сыйлықтарына белгілі сықақшылар А.Асылбеков, А,Наймантай, Ө.Жаппархан ие болды.

Аймұханбет Бейсембеков 2007 жылы Астана қаласында өткен Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдарының республикалық конкурсында «Ең үздік сатира» номинациясы бойынша бас жүлдені жеңіп алған еді. Енді міне, Аймұханбет Бейсембеков қазақ сатирасындағы өзінің алатын орнын тағы бір мәрте дәлелдеп берді. Бұл біздің университет үшін үлкен мақтаныш!

Университет ұстазы, ҚР мәдениет қайраткері, республикаға танымал әнші-композитор, сатирик-ақын А.Бейсембеков өзінің шығармашылық жолында 9 халықаралық, республикалық фестивальдер мен конкурстарға қатысып, тек жүлделі орындарға ие болды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде