USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Шәкәрім атындағы университеттің білім жүйесіне шетелдік тәжірибе енгізілетін болады

Шәкәрім атындағы университеттің білім жүйесіне шетелдік тәжірибе енгізілетін болады

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің білім жүйесіне шетелдік тәжірибе енгізілетін болады. Жоғары оқу орнының ректоры Шәріпбек Әмірбеков оқу орнының белсенді студенттерімен, әр факультеттің старосталарымен кездесу барысында осындай бастамасымен бөлісті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Университет ректоры жиында Елбасының биылғы Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген «Мәңгілік ел» идеясының маңыздылығына тоқталды. Осы ретте кездесуде студенттердің білім сапасын жетілдіру, олардың ғылыммен айналысуға деген құштарлығын арттыру мәселелері кеңінен қозғалды. Бүгінгі студенттердің білім деңгейі қандай? Студенттердің өзін-өзі басқаруға, өзінің білім сапасын жақсартуға талпынысы қандай? Міне, университет ректоры мен жиынға қатысушылар осы сұрақтардың жауабын іздеді. Кез-келген жоғары оқу орнының түлегі зерек, жоғары білікті және өз саласы бойынша мамандығын жетік меңгерген, төрткүл дүниенің әр елінде сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті маман болуы қажет. Бұған тек білім беруші ұстаздар қауымы ғана емес, студенттердің өздері де белсенді болуы шарт.

Шәкәрім атындағы университеттің білім жүйесіне шетелдік тәжірибе енгізілетін болады

Сөз барысында Шәріпбек Ағабайұлы университеттің білім жүйесіне шетелдік тәжірибені енгізу керектігін алға тартты. Ал, бұл мәселенің жүзеге асуына шет мемлекетте білім нәрімен сусындап, мол тәжірибе жинақтап келген университет студенттері ат салыспақ. Әрине, бұл алдағы уақыттың еншісінде. Бұл өз кезегінде, жастардың білім деңгейін жоғарылатуға өзіндік ықпалын тигізері анық. Иә, кез-келген елдің болашағы, сол елдің білімі мен ғылымына байланысты. Бүгінгі заманның талабы осындай.

Кездесуге келген белсенді жастар көкейлерінде жүрген сауалдарын, ұсыныс-тілектерін жолдап, тұщымды жауап алды. Жиын соңында Университет ректоры жалынды, жігерлі жастарды білім алумен қатар, қоғамдық өмірге белсенді түрде атсалысуға шақырды. Тек мұндай маңызды жиыннан жастар жағы жақсы қорытынды шығарса игі.

Жібек Серғазы
сурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде