USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Есірткіні ноутбукпен тасуды ойлап тауыпты

Есірткіні ноутбукпен тасуды ойлап тауыпты

Семей станциясындағы ішкі істер желілік бөлімінің қызметкерлері Алматы-Новосібір бағытындағы жолаушылар пойызынан ірі көлемде есірткі әкетіп бара жатқан Ресей азаматын ұстады. Иісшіл итпен тексеру барысында 1987 жылы туған жігіттің ноутбугіне мұқият жасырылған салмағы 6 грамм гашиш табылды.

- ҚР Заңнамасы бойынша шетел асып бара жатқандықтан жігіттің бұл әрекеті контрабандаға жатады. Сол себептен есірткілік зат ірі көлемде болып саналады. Әрі ауыр қылмыстар қатарына енеді. Қазір күдікті өз кінәсін мойындап, уақытша оқшаулау изоляторына қамалды. Іс сотқа жіберіледі. Есірткіні заңсыз тасымалдаған азамат 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін, – дейді бұл жайында түсінік берген бөлім бастығының тергеу ісі жөніндегі орынбасары, полиция подполковнигі Қалжан Орынбеков.

Бірнеше қабат пакеттерге оралған гашиш ноутбуктің ішкі құрылғыларына аса шеберлікпен жасырылған. Қызметтік иттің қатысынсыз табу мүмкін емес көрінеді.

Бұл іс жыл басталған 20 күн ішінде ескірткіге байланысты тіркелген 9-шы оқиға. Алынған есірткілік заттар арасында 50 грамм гашиш, 200 грамм марихуана бар. Теміржол бойындағы сақшылардың айтуынша, қылмыстың бұл түрі соңғы кездері күрт артып отыр. Өткен жылы заңсыз есірткі айналымына қатысты 23 іс тергеуге алынып, сотқа жолданған. Ал биылғы жылдың алғашқы айы аяқталмай жатып көрсеткіш бірден жоғарылаған.

Айта кетейік, Ресейдің Сібір бөлігін Орта Азиямен жалғайтын теміржол Семей қаласы арқылы өтеді. Есірткі наркотрафигін бақылауға алуда шаһардағы ішкі істер бөлімінің желілік полициясының жүгі ауыр.

Қуаныш Шәкенұлы
Мәлімет көзі: Munara.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: есірткі
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
13 комментариев
  1. Дастаниус
    Алматы-Новосібір бағытындағы жолаушылар пойызы сонда неме басқа станцияларда тоқтамаған ба? Ұсталғандары жақсы бопты ше
  2. Еркін
    87 жылғы болса, басқа кәсіп таппады ма? Сотталды ма? Қандай жаза қолданды оған? Бұндай қылмыскерлерді өлім жазасына кесу керек
  3. Салтанат Семейден
    Есірткі тасушылар мен шеттен келетін гастербайттерлерден құтылмайтын болдық. Шекараны жауып тастап, жабық саясат ұстанайық
  4. Эврика
    Иісшіл иттеріміз аман болсын, әйтпесе басқа қызметкер өз бетінше ұстай алмайт ондай қылмыстардың бетін))
  5. Лаура
    Есірткі бағзы замандардан қолданылып келе жатқан дерт екені тарихтан белгілі. Біздің заманымызға дейінгі 2700 жылдары Қытайда анаша пайдаланылды деген дерек бар. Көкнәрді Египетте емдік және діни ғұрыптарда пайдаланғаны туралы грек тарихшысы Геродоттың да еңбектерінен кездестіруге болады. Ең алғаш рет есірткінің зиянын шығыс ғұламасы Ибн Сина жазып көрсеткен.Көкнәрдің таралуы XIX ғасырда кеңінен етек алды. Ол үшін Англия мен Қытай арасында соғыс та болды. XX ғасырдың ортасында дамыған батыс елдерінде нашақорлық пен есірткі айналымы қауіпті жағдайға жетті. Бұл жағынан АҚШ бірінші орынға ие болды.
    Есірткіге қарсы күрес XX ғасырдың басында халықаралық сипат алып, арнайы құжаттармен бекітілді. 1946 жылдан бақылау Біріккен Ұлттар Ұйымының құзырына көшті ессе
  6. Аида
    Нашақорлыққа көбінесе жасөспірімдер шалдығады, алайда осы кезенде ересектер арасында да ескірткіге әуестенетіндер көбейіп келеді. Нашақорлардын саны 2000 жылы 1999 жылмен салыстырғанда 98% өскен, азайту үшін есірткі сататындарды түгелдей дерлік ұстап, жазаға тарту керек.
  7. Назерке
    Мәәәәәәәәә, естімеген елде көп деген рас екен ғо))))
  8. Жаннұр
    Есірткі – адам денсаулығына және қоғамға аса қауіп төндіреді соны біле тұра қалайша қолданады екен бұл нәрсені? Контрабандалық есірткі Ауғанстанда тиеліп, одан әрі транзит маршрутымен жол тартат екен Ал Халықаралық жүк тасымалдау туралы конвенцияға сәйкес кейбір көлік құралдары тексеруге мүлдем жатпайтын көрінеді. Олар – «TIR» режімінде қозғалатын және пломбыланған транзиттік автокөліктер, темір жол вагондары, контейнерлер. Міне, героин, есірткі көбіне осылар арқы­лы тасымалданад қой
  9. Серик
    Оны қойыңдарш есірткі контрабандасында теңіз, автомобильдер, темір жол көліктерімен таситыны бесенеден белгілі ғой. Бірақ, осы әуе көліктері арқылы тасылмалдайтындарды қалай ұстап алад? Сондайды естімеппін өмірі...
  10. Эльвира
    Барлығына белгілі Шу алқабында құрамында есірткі бар жабайы өсетін қарасораның алқабы, шамамен, 140 мың гектар аумақты құрайды. Қылмыскерлер не болмаса оларға табыс табу үшін жалданған адамдар осы Шу алқабынан қарасораны орып, дайындайтын көрінеді. Көбіне, олар қарасораны орып, кептірген соң, көзден таса жерлерге тығып қояды. Сонан кейін қыс, көктем кездерінде келіп, алып кетпек болады. Жыл сайын маусымнан бастап қазан айына дейін «Көкнәр» арнайы операциясы өткізіледі. Әр операция барысында осы өңірден 20 тоннадан астам есірткі алынады дейді. Сұмдық, айтарға сөз жоқ!!
  11. Психолог
    Жастардың, кәмелетке толмағандардың синтетикалық есірткіні тұты­нуына қарсы қандай алдын алу іс-шара­лары қабылдануда? Бұл син­тетикалық қауіпті заттар қай­дан келіп жатыр? Осы сұраққа жауап беретін жан бар ма араларыңызда?
  12. Жақсылық
    Ой ресейлік наркотик тасылмаудаушының басы тшны істемейт. Біздің Кентаудың 40 жасар тұрғыны есірткіні асқазанында жасырған болатын. Оның жанында мынау түк емес. Оны сарапшылардың өзі әрең тапқан асқазанынан
  13. магнум
    Ресейде біздің шу аумағындағы шөп жоғары бағаланады.7 жылға жабамыз деп ауыз толтырып п... Болатын емес. 6 грамм деген не? Камаздап тонналап тасып жатыр билік бұл бизнесті мықты бақылауда ұстап отыр, Америка Ауғанстанға неге соғыс ашты екен, Иранның да жайы сол сұмдық ақша жатыр бәрінің артында. Қой барып шегіп алайын
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде