USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Өскеменде 9-сынып оқушысы 9 қабаттан секіріп кетті

Өскеменде 9-сынып оқушысы 9 қабаттан секіріп кетті

9-сыныпта оқыған қыздың өз-өзіне қол жұмсау себептері қазыр анықталу үстінде, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Оғиға өткен сенбіде, Тәуелсіздік даңғлының бойындағы тоғыз қабатты тұрғын үйлердің бірінде орын алған.

Соңғы келтірілген деректерге сәйкес ол өзінің жігітімен ұрсысып қалған. Мұндай қадамға барардың алдында оқушы артына тілдей қағаз қалтырып, оған өз өлімінің себебін жазып кеткен.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
12 комментариев
  1. Айбар
    Тәрбиеге байланысты. Кезінде біз „подростковый возраст„, психологтың кеңесі дегенді білмеуші едік. Қазіргілер қит етсе психолог дит
  2. Аида
    Мамаааааа, недеген сұмдық мынау, қазіргі жастар бұзылған, жігіт үшін өлгені нес?
  3. Едіге
    Психологтың қажеті керек емес. Мүмкін бойжеткенге ата-анасының мейірімі, жан жылулығы жетіспеген шығар, себебін бір жапырақ қағазға жазып кетіпті екен деп енді соған сенеміз дегілерің келіп отыр ма? Ұялмайсыңдар ма? Отбасындағы жағдайда әсер ету мүмкін ғо...
  4. Айзере
    9 сыныптың оқушысында неғылған жігіт? Жасына жетпей жатып, ешкім естімесін мұны..қазір заман басқа болып кетті ме, әлде адам ба түсінбей-ақ қойдық. Өлетіні бар екен, Отан үшін неге өлмеді? Қайдағы бір біреудің баласына бола 9 қабаттан секіріп кеткені нағыз ессіздік, психологиясы нашар!
  5. Эврика
    9 сынып және 9 этаж бұл жерде бір сыр бар секілді. Бүгінде интернетте қалай өлу керектігіне дейін жазатын болып кетті ғой. Мүмкін соннан оқып алып, бұрыннан дайндалған шығар, кім білсін! Сәйкестік!!!!!!!!
  6. Құралай
    Жетіспей ме аздап де қоям? Қалай өле салат жайдан жай түсінбейм
  7. магнум
    Не үшін? Не керек? Мағынасыз өлімнің керегі не? Жиырмаға да толмаған жап-жас қыз бала ғой.
  8. Еділ
    Ата-анасына әбден обал болды. Үйінде жалғыз бала ма екен? Бұндай қайғылы жағдайды ешкімнің басына бермесін! Балаларыңызға жақсылап қарап, көбірек көңіл бөліңіздер!
  9. Жанерке Семейден
    Қайтыс болған қыздың ұлты кім? Қазақ болса, ұяттан жерге кіретін болдық-ау... О заманда бұ заман жігіт үшін өлгенді шынымды айтсам бірінші рет естуім. Әй, айналайын қыздар, сендерге айтарым бар, әрине, құлақтарыңа ассаңдар. Төлеген қайтыс болғанда Жібек бірге өлді ме соны ойландарш ақыл таразысына салып....қатты кетсем кешірерсіздер
  10. Мен
    Құдай-ай, махаббаты құрысын! Осы уақытқа дейін махаббатты, орысша «лүбөпті», ағылшынша «әй ләбіюді» қастерлеп, қадірлеп, басымды иіп, жүрегімнің дүрсілімен, бүйрегімнің бүлкілімен де жақсы көріп көрмеппін өз басым.
  11. Мұхтар
    Құдай-ай, бүйткен махаббаты құрысын, бір күні әйелім жылап келді, «Қызымыз қайда?» деп сұрап келді. Жүрегім тоқтап қала жаздады, кіші қызым балконға шығып алып, секіргелі жатыр екен. «Тоқта қызым, папаң келеді, артыңда!» деп шыңғыра әндеткенімше, қызым секіріп кетті. Оныншы қабатта тұратынбыз, зәрем ұшып, балконнан еңкейсем, тоғызыншы қабаттағы кір жаятын жіпке ілініп қалыпты. Бәріміз тоғызыншы қабатқа жүгіріп жеткенімізше, қызымызды жібі құрғыр көтере алмай, үзіліп кетті де, жетінші қабатта мойнын созып тұрған еңгезердей еркектің екі иығына аяғы салбырап, отыра қалғаны! «Қимылдамаңыз!» деп айқайлап, жетінші қабатқа жетіп барсақ, үй иесі, «Бұл қандай мақұлық?» деп қорқып кетсе керек, басын сілкіп қалыпты. Қызым бесінші қабаттағы балконның жақтауына ілініп қалған. Ондағы әйел: «Ұры түсті, ұры, одан әрі құры!» деп қызымды итеріп жіберген... Қызым байғұс сол құлдилаған күйі ағаш бұтағына ілініп қалды. Бір қарғаның басына қонып, маңдайын шоқып кеткені болмаса, аман- есен! «Ойбай, не болды қызым?» деп сұрасақ: «Мәхаббат... Жігітім тастап кетті...» деп жылайды.Осы күнгі жастарға қайран қаламын! Содан не керек, қорқып қалған байғұс басымыз пәтерімізді бірінші қабатқа ауыстырдық.Бір күні жалғыз ұлым терезені ашып, секіргелі тұр! Жүгіріп барып, ұстай алдым.

    --Секіріп өлемін!—дейді балам.
    --Ойбай, бірінші қабаттан ешкім өлмейді!—деймін мен.
    --Ой, әке, есімнен шығып кетіпті ғой...
  12. Абай
    Қайта Ертіс не Үлбіден секіріп кетпегеніне қуаныңдар. Көпірден құлап кетсе көктемге дин таба алмаушы едіңдер))
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде