USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Шығыс Қазақстанда ресей рубліне деген сұраныс басым

Шығыс Қазақстанда ресей рубліне деген сұраныс басым

Желтоқсан айында еліміздегі ақша айырбастау пункттері 23,9 миллиард теңгеге ресей рублін сатыпты. Қараша айымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 11 пайызға кеміген, деп хабарлайды Ranking.kz.

Еліміздегі ірі мегаполистерді есепке алмағанда, ШҚО, Қостанай, Қарағанды облыстарында рубльге деген сұраныс басым. Бұл аймақтарға рубль сатылымының республика бойынша жалпы көлемінің 29 пайызы келеді. Алматы және Астана қалаларына 30 пайыз. Пайыздық көрсеткіштің ең төменгі бөлігі Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қызылорда облыстарында.

Оңтүстік өңірлердің ақша айырбастау пункттеріне рубль сатылымы бойынша республикалық жалпы көлемінің 5 пайызы ғана тиесілі.

Ұлан Ақтайұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: ресей
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
10 комментариев
  1. Айбар
    Теңгені әлі күнге мойындағылары келмей, „рубль„ деп сөйлейтін мәлкілдеген көк көзді апаларды жиі кездестіріп қаламыз қалада.
  2. Аида
    Ой сорлылар өңкей менсігілерің келмесе ресейдеріңе қайтыңдар
  3. Олжас
    1 рубль шамамен 5 теңге.....
  4. Заңғар
    Рубльдің аймақтық ұйымдар шеңберінде айналымға ене бастауы сөзсіз төл теңгемізге қауіп төндіреді. Жалпы, Ресейдің бастамасымен құрылған қандай да бір ұйым болса, солтүстіктегі көршіміз сол ұйымға мүше мемлекеттерге өзінің өктемдігін жүргізгісі келетіні бесенеден белгілі.
  5. Дархан
    Ұлттық валютамыз – теңгемізге ешқандай да қауіп жоқ. Елдің Үкіметі оған жол бермейді. Ресей рублі қару-жарақ саудасында тек айырбас құралы ретінде ғана пайдаланылып жүрген шығар
  6. Мархабат
    Ресей рублі теңгенің құнын құлдыратуы мүмкін содан сақтанайық ағайын
  7. Мен
    Ресей мен Украинада бірнеше айдан бері жергілікті валюта бағамы түсіп барады. Жаңа жыл белaрусь рублі бағамының төмендеуімен және түрікмен манатының ауысуымен басталды.Әзірше тұрақты болып отырған тек Қазақстанның ұлттық ақшасы екенін орыстар мойындағысы келмейт, меніңше
  8. Лаура
    Жанжақтылық керек,жанжақтылық,сауда,өнеркәсіп,саясат,мәдениет, қай салада болмасын,сонда бір нәрсеге,бір елге тәуелділіктен құтыламыз
  9. Эврика
    Біздің ұлттық валютамыз теңгеге қауіп төндіретіндей рубль экономиканың барлық саласына енейін деп отырған жоқ. Жалпы алыс-беріс құралына да айналмайды.
  10. Баке
    Осыдан бес жыл бұрын бүкіл әлемді қаржы дағдарысына әкелген де батыстың көк қағазы емес пе? Жуырда тағы әлемдік қаржы нарықтарының дағдарысы келеді деп жатыр. Бұл шетел банктеріндегі дефолт қаупін арттырып, қаражаттық жарамдылыққа әсер етеді деп болжанып отыр
Біз әлеуметтік желілерде