USD 314.4
EUR 343.83
RUB 5.51
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Үлбі жағалаулары реттеліп, Ахмер ауылы электр қуатымен қамтылады

Үлбі жағалаулары реттеліп, Ахмер ауылы электр қуатымен қамтылады

Өскеменнің ажарын одан ары шырайландыра түсу үшін биыл қалада үлкен істер қолға алынады. ШаҺардың орталық көшелері түгел абаттандырылып, Үлбі өзенінің жағалауы ретке келтірілмек, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Әуежайдан басталып Спорт сарайына, одан ары Қ.Сәтбаев даңғылына дейінгі аралықта көгалдандыру, жарықтандыру, безендіру жұмыстары жүргізіледі.

Терможаңғырту бағдарламасы арқылы жөнделген тұрғын үйлердің қасбеттерінде пайда болған кемістіктер қалпына келтіріледі.

Сондай-ақ, биыл Челюскин 17/2 мекенжайында орналасқан жатақхана ғимаратына жөндеу жүргізіліп, Ахмер ауылын электр қуатымен қамтамасыз ету мәселесі шешімін табады.

Біраз жылдар көлемінде қараусыз қалып келген Үлбі өзенінің Спорт сарайынан Ертіске құятын сағасына дейінгі жағалауы тазартылып, абаттандырылмақ.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: үлбі өзені
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
4 комментария
  1. Зеретай
    ЭКСПО-2017 нің арқасында салынғалы жатыр ғо..түсінуім бойынша)
  2. Айбын
    Жазда жақсы болды серуендегенге қысты білмей))
  3. Жазира
    Әуежайды қайтесіңдер, қаланың ішін жөндеп алыңдар ретке келтіріп алдымен))
  4. Ахмерден
    Уа-ха--ха)))) свет көріп көзім ашылатын болды ғой)) десең ия а!
Біз әлеуметтік желілерде