USD 314.79
EUR 337.96
RUB 5.59
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Семей балуандары Ресейден жеңіспен оралды

Семей балуандары Ресейден жеңіспен  оралды

Семейлік грек-рим күресінің балуандары Ресейден жеңіспен оралды. Олар Бердск қаласында өткен еңбек қаһарманы Л.Максимовты еске алуға арналған турнирде жүлделі орындардан көрінді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ресей мен біздің елдің әр аймағынан екі жүзге жуық балуан қатысқан дода аса тартысты өтті.

Осы турнирде 58 келі салмақ дәрежесін-де сынға түскен Ернар Сидахметов пен 54 келіде белдескен Мадияр Мәлтекбаев қарсылас шақ келтірмей бірінші орынды жеңіп алды. Ал 69 келіде боз кілемге шық-қан Дулат Нысанбаев екінші орынды иеленсе, Әлихан Серікжанов 63 келі салмақта жақсы өнер көрсетіп, жүлделі үштікті түйіндеді.

Бұл ретте жеңімпаздар мен жүлдегерлер-ді жаттықтырған білікті бапкерлер Дүйсен Иманғалиев пен Қайыртай Оразалиннің еңбегін ерекше атап өткен абзал.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: грек-рим күресі
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
6 комментариев
  1. Санжар мен Қайсар
    Құтты болсын! Спорт әлемінің үздіктері болыңдар! Әлем чемпионы атанасыңдар әлі-ақ
  2. Инабат
    Семейліктер биыл жақсы нәтиже көрсетіп жатырсыңдар! Жарайсыңдар! Ел үмітін арқалайтын нағыз азамат пен азаматша боласыңдер деп үміттенемін
  3. Бауыржан
    Нешінші орын алды сонда
  4. Олжас
    Семейлік балуандар “Қазақстан барысы” атты бұқаралық жарысқа қатыстырайық келер жылы қалай қарайсыздар?
  5. Дархан
    Тұлпарда да тұлпар бар – қазанаты бір бөлек, жігітте де жігіт бар – азаматы бір бөлек
  6. Жасұлан
    Нағыз қазақтын палуандары Өскемен мен Семейде дегенге келісесіз бе?
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде