USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Қазақтың біртуар ақын қызы Фариза Оңғарсынова өмірден өтті

Қазақтың біртуар ақын қызы Фариза Оңғарсынова өмірден өтті

Қазақтың біртуар ақын қызы Фариза Оңғарсынова 74 жасында өмірден өтті. Белгілі ақынның өлімінің себебі әлі белгісіз, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Фариза Оңғарсынова Қазақстан Республикасының Халық жазушысы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қоғамдық қайраткер, бірнеше жинақтар мен кітаптардың авторы.

Ақын 1939 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысында дүниеге келді. 1961 жылы Фариза Оңғарсынова Гурьевтегі педогогикалық институттың филология факультетін тәмамдап, 1966 жылға дейін мектепте мұғалім болып жұмыс істеді, кейін директор қызметіне дейін көтерілді.

Фариза Оңғарсынованың алғашқы жыр жинағы «Сандуғаш» 1967 жылы жарық көрді. Ақынның шығармалары ТМД елдері мен алыс шетел халықтарының тілдеріне аударылған.

Фариза Оңғарсынова «Құрмет белгісі» және «Достық» ордендерімен марапатталған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
40 комментариев
  1. Гүлдана
    Иманды болсын, жаны жәнәтта болсын!
  2. Парасат
    Қазақ халқы Фаризадай ақын қызынан айырылды. Алдынан жарылқасын!
  3. Айбек
    Апамыздың иманы серiк, жаны жәннатта болғай! Әмин!
  4. Нұрасыл
    "Жігітінен қазақтың дос таба алмай,
    Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын"...
  5. Іңкәр
    Біртуар ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көрнекті қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынова кеше 75 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Өлеңін өрнектеп, жыр маржанын тізіп, соңында өшпес із қалдырған ақын қазақ әдебиетінің дамуына үлкен үлесін қосып кетті.
  6. Лаура
    Кеше естігенде сенбеп едім. Рас болғаны ма? Өкінішті....
  7. Аида
    Қоғамдағы үлкен істердің бастамашысы болған, халықты ынтымақ-бірлікке бастар, қоғамға ой салар шараларға белсене атсалысқан ақын қайтыс болғанына орай сіздерге көңіл айтамын баршаңызға
  8. Марат
    Жұмысқа келе жатып, ФБ қараймын ғой өзімше, жолды қысқартпақ оймен. Фариза апамыздың бақилық болғаны расталған соң (кеше біреулер маған сілтемесі жоқ ақпаратты неге таратасыңдар деген соң, расталмаса екен деп тілегем ішімнен), уффф деп күңірендім де, шопыр балаға қарап "ие, Фариза апамыздан да айрылып қалдық" дедім. сөтсем, әлгі сабазым "ол кім?" деп қойып қалды. не айтарымды білмей дағдарған күйі "Фариза Оңғарсынова апамыз ғой" демеймін бе, өрімдей жап -жас қазақтың бір қара домалағына, түсініп, бәлкім, көңіл білдірер деп...сөйтсем, ол шырақ, Фариза Оңғарсынованың кім екенін білмейтін болып шықты. "Фариза апамызды білмеуші ме едің?"десем, білемін ғой деп ерін ұшымен күбірлеген соң, менде қоямын ба, "ал, айт, онда кім екен?" деп қойып қалдым. сөйтсем, сабазым, "Ол әнші ғой" деп ұрыееееееп тұр.
  9. Айбар
    Бұл деген, қазақтың әдебиетінен мақұрым ұрпақ өсіп келеді деген сөз ғой? Басқа емес Фариза аапмызды танымауы сұмдық, трагедия нағыз!
  10. Марат
    Ақындар емес, әншілер билеген заман боп тұр ғой қазір.
  11. Фариза
    Есімімнің қойылуына себепкер болған Фариза апамды
    Аллаһ Тағала қабір азабынан, тозақ отынан сақтағай!!!
    Ауыр тигені-ай қазаның…
  12. Эврика
    Фариза апайдың ақындығы өз алдына бір төбе. Сол сияқты ол кісінің балалар журналистикасына сіңірген еңбегі де бір төбе. Әсіресе, "Ақ желкен" мен "Ұланға". Білсеңіздер, ел тәуелсіздік алып, бәрі жекешеленіп жатқанда "Ұланды" аяғынан тік тұрғызған осы Фариза апа. Қош болыңыз апатай!
  13. Данияр
    Казак кызынын кайсар бейнеси, олендери 62 тамырынды иiлдирердей сыршыл акыны Фариза Онгарсынова дуние салды...каралы хабар тагы...Жаны жаннатта болсын!
  14. Алмат
    Иманы саламат болсын! Жаткан жери жайлы топырагы торкалы жани жаннатта болсын!
  15. Айзере
    Али талай Фариза апамыз туралы естеліктер мен туындылар айтылар көресіңдер осыдан айтқаным айтқан
  16. Еркеш
    Жаны жанатта болсын. Есими аркашан ел есінде болатынына сенімім мол.
  17. Гүлім
    Фариза апай болганымен барлык казак оны Фариза кыз деп ес!нде сактары анык
  18. Бауыржан
    Фариза апамыз дүниеден өтіпті, жыраулардың жалғасындай қазақтың қайсар қызының иманы жолдас, алды жарық, мекені жұмақ болғай!
  19. Айман
    "Қиял шіркін қисынға бір бағынбай,
    Ертеңіңе емексіп тұрғанымды-ай?!
    …Өшпей жүрсең көкейден болды-дағы,
    Аттас ақын апаңның жырларындай".
    Бақұл бол, апа!!!
  20. Дархан
    "...Ол рас, адамда мың жан бар шығар,
    Мың шыбының қырылса арман сынар.
    Ажал-бақа бір-бірлеп таусып бәрін,
    Қалса менде біреуі-ақ қалған шығар" деп жазып еді Фариза апа "Шыбын жан" деген өлеңінде. Ол да ұшыпты... Иманыңыз жолдас болсын, Ақын Апа!
  21. Жаннұр Семейден
    Беу, дүние! Иманды болсын! Алдынан жарылқағай!
  22. Әйкерім
    ..Менің мынау қиындау тағдырым болып,
    О, баста көріскенің үшін,
    Өлең, мен сені аялап өтем! Қош болыңыз!
  23. УКА
    Бақұл болыңыз, маэстро!
  24. Нұржан
    Тұманбай, Қадыр аталар дүние салғандп арамызда Фариза апамыз бар еді. Енді Фариза апамыз дүние салғандп олардың арамызда болмауы расында көңілге ауыр тиді. Иманды болсын. Қабірі кең сұрауы жеңіл болғай.
  25. Нұрлан Тілеуов
    Әдебиетіміздің тағы бір уығы сынып түсті. Орнына қадалар, Фариза апамыздай Әдебиет атты алып отаудың шаңырағын қайыспай көтеріп тұра аларлықтай ақын қыздар бар ма орнын басар.
    Жаның жаннатта болғай, АПА! Жерлес апамыз, Фариза апаларың біздің ауылымыздан қанат қаққан деп оқушыларыма бір иығым шыға мақтанушы едім. Алдыңнан жарылқасын. Исі қазаққа бір сендей Фариза қыз қайда енді...?
  26. Жеті шатыр
    Иманды болсын! !„Ақынның хаты өлмейді„,-дейді. Қазақ әдебиетінің биігінде және ел жүрегінде мәңгі қатал мінезімен, сыр толы өлеңдерімен, ерекше өткізген өмір жолымен қалмақ. Өзі де айтпақшы : „Ұқтырмасын сиқырын бал құндағы –
    тек жасағай жақсы өлең – жанның нәрі!„Ұрпақ сізді ұмытпайды!
  27. Асылай
    Қазақтың ардақты ақын қызы,поэзия алыбы,жерлес апамыз Фариза Онгарсынованын өмірден өтуіне байланысты қайғырып көңіл айтамыз!"Өлді деуге сияма ойлаңдаршы,өлми тұғын артына із калдырған"Қазақ халқы барда Фариза аты ұмытылмас!Жаныңыз жанатта болсын!
  28. бесбайыс
    ФАРИЗА ОНҒАРСЫНОВАНЫҢ - ҰЛЫ ФАРИЗА, ДАНА ФАРИЗА - ДЕЙТҮҒЫН МӘҢГІЛІК ӨМІРІ БАСТАЛДЫ.
  29. Гулмира
    Жулдызы жарқырап туылган Фариза апамыздың жаны жаннатта болгай.
  30. Батима
    Иманды болсын, жаны жәнәтта болсын!
  31. Рузия
    ФАРИЗА апамыз - феномен. Енді қазақтың маңдайна ондай қыз біте ме?!ЖАНЫ ЖӘНАТТА БОЛСЫН!
  32. Фариза
    Есімімнің қойылуына себепкер болған Фариза апа еді... Жаныныз жәннатта болсын.
  33. Нурсултан
    Ауыр кайгы болды баримизге,жаныныз жаннатта болгай.
  34. Гульмира
    Жерлесіміз Фариза апамыздың жататын жері жайлы болсын, жаны жәннәтта болғай. Қазақ халқына, тума-туысқандарына көңіл айтамыз. Қазақ әдебиетіне қосқан үлесі зор. Сонымен қатар, қазақ халқынын тұрмыс-тіршілігіне бейжай қарамаған. Фариза апамызды орны толмас дана адам ретінде қазақ халқы онын атын ешқашан ұмытпайды.
  35. манарбек муханбетов
    хош фариза апа аттен омир жалган жаныныз жаннатта болсын бул батыстын кызы еди
  36. Жібек
    Ұлы ақынымыз 74 жасында өмірден өтті жатқан жері жайлы болсын. Әмин!
  37. Рахила
    Фариза апамыз омирден отседе, есими манги олмесин, ардайым ел естен шыгармайды. Жаткан жериниз жайлы, топырагыныз торка, жаныныз жаннатта болгай, апатай.....
  38. Женис
    Арты қайырлы болсын! Жаны жаннатта болсын!
  39. нургул
    Топырағы жеңіл болсын! Есімің мәңгі өшпейді! Жан Апа!
  40. казима
    Арамызда апамыздың болмағандығы өкінішті. Арамызда болғанда 5 желтоқсанда ел болып туылған күнін дүбірлетіп тойлар едік.Енді тек оқушыларымызға жарқын бейнесін еске ала таныстырамыз. Жаныңыз жәннатта болсын.
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде