USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Боксшы Қанат Ислам АҚШ-қа неге кетіп қалғандығын ашық айтты

Боксшы Қанат Ислам АҚШ-қа неге кетіп қалғандығын  ашық айтты

Ол жаңа жыл қарсаңында аз уақытқа демалыс алып елге оралды. Қазір Алматыда келесі айқасына жаттығып жатыр. Алайда, ғаламтор мен БАҚ беттерінде "Қанат "Астана арландары" командасына қайта келуі мүмкін", Қанат "Арландарға керек пе?", "Қанат Олимпиадаға қатысуы мүмкін" деген неше түрлі ой-пікірлер желдей есіп жүр. Осы сұрақтар мен пікірлерге жауап алу үшін Қанаттың өзіне қоңырау шалып, анық-қанығын білуге тырыстық, деп жазады Alasharena.kz.

Қанат айтады:

- Бақтияр Артаев арнайы кездесіп, өзінің ұсыныстарын айтты. "Астана" президенттік клубына қайта шақырып, "Арландар" сапында өнер көрсетуін сұрады.

"Біздің қатарымызға қосылсаң "Астана арландарында" өнер көрсетесің және АИБА ұйымдастыратын APB жобасына қатысып, Рио-де-Жанейро олимпиадасына жолдамаға таласуына болады. Егер келісіміңді берсең, біз сені "Астана" құрамына қабылдауға дайынбыз", – деген болатын Бақтияр Артаев.

Мен қазір кәсіпқой бокста жүрмін. Бір жылда 16 кездесу өткізіп барлығында жеңіске жеттім. Оның 14-і нокаунд, 2-і таза жеңіс. Он бесінші кездесуімде колумбиялық Эмилио Хулио Хулионы жеңгеннен кейін, WBA (Дүниежүзілік бокс ассоциациясы) тұжырымы бойынша орташа жеңіл салмақта Fedecaribe (Америка және Кариб теңізі аймағы чемпионы) чемпион атандым. Осылайша осы тұжырым бойынша әлем бойынша үздік 12-орынға қол жеткіздім. Бұл дегеніңіз әлем чемпионы атағына жақындау деген сөз.

Осындай деңгейге келіп алып, кәсіпқой боксты қалай тастап кетем? Сондықтан, Бақтиярға келісім берген жоқпын. Менің басты мақсатым – Олимпиада қатысу болса, онда қытайдың атынан бара беруші едім. Қытайдың атынан бір емес, екі Олимпиадаға қатыстым. Үшінші рет қазақ туын жамылып шықсам деген арманым болды. Ол арманым орындалмады. Бұл жайында айтқым да, ойлағым да келмейді,- деп күрсінеді боксшы. Енді Олимпиада да емес, кәсіпқой бокста Байрағымызды желбіретуді мақсат еттім. Сол мақсатыма жетуім керек. Табандылығы жоқ адамнан етшеңе өнбейді. Анау шақырды, мынау шақырды деп шақырған жерге кете берсең мақсатың қайда қалады?! Әрең қол жеткізген "Қазақстан азаматы" деген жеке төлқұжатымды енді басыма ешқандай қоспасыз алтыннан сарай соғып берсе де ешқандай елге айырбастамаймын.

Бойымда қан, кеудемде жан бар кезде елімді тауып, кішкене болса да маңдай терім ата-жұрт топырағына тамсын деп келдім. Шетел асқанда бір жола қоныс аударып, қазақстан азаматтығынан бас тартып, шетел азаматтығын қабылдаған жоқпын.

"АҚШ-қа кетсем жер шарының арғы бетіне қазақ деген елдің бар екенін, қалай жұдырықтасып, қалай төбелесетінін көрсету үшін кеттім. Ай сайын еліме келіп, отбасымда болып демалып келіп, кетіп жүрмін", - деп түйіндеді әңгімесін боксшы Қанат Ислам.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
28 комментариев
  1. Жарқын
    Жеңіске жете бер, бауырым! Біз саған тілектеспіз!
  2. Заңғар
    Қанат, қайда жүрсеңде, әрқашан, жолың болсын. Сен біздің мақтанышымызсың, бүкіл қазақтың балаларына үлгісің Серік Сәпиевтен кейін бірақта))
  3. Руслан
    АҚШ-қа неменеңе жетісіп кеттің? Жындысыңба? Сені онда күтіп отырған біреу бардай тайып тұрыпсың шетелге, сендейлерді ату жазасына кесу керек
  4. Түкбілмес Отырғанов
    Қанат, халқымыздың мақтанышы. Осындай ұлдарымыз көп болса, елдің ертеңіне алаңдамас едік!!!
  5. Болат
    Атажұртын аңсап келген оралман қалың Қытай жұртына қазақ жұдырығының құдыретін танытқанымен қымбат. Лондон Олимпиадасынан бармай қалса да, «Астана арландары» сапында жарқылдап жүрген сүмірейіп, қай уақытта қашып кеткесін
  6. Рико
    Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері, «Астана арландары» кәсіби бокс клубының капитаны, танымал боксшы Қанат Сіләмұлы. Қанат таныстыруды қажет етпейтін азамат. Шетелге мансап қуып кеткен шығар сол баяғы
  7. Жәнібек
    Рио-де-Жанейро Олимпиадасына және 2013 жылы өтетін Астанадағы әлем чемпионатына қатысты ма осы боксшыларын
  8. Диас
    Қанат,сен Бейжіңде қола медаль алғанда қатты қуандым. Бірақ, Лондонға бара алмағаныңа өкініп жүрмін. Өзіңде өкініш бар ма?
  9. Бастаушы
    Қанат, бокста жену бап пен баққа байланысты. егер сен Ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен жағдайда украиналық Левген Хитров пен өзбекстандық Аббос Атоевтан айла асыра алар ма едің?
  10. Мұхтар
    Қанат, сен біраз жылдар бойы Қытайдың ұлттық құрамасы сапында Хонати Силами болып өнер көрсеттін. Бейжің Олимпиадасының чемпионы, Әлемнің 3 дуркін чемпионы, Афина Олимпиадасының қола жүлдегері, 2003 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Цзоу Шиминь (Біздің Біржан оның дарменсіз куйін коргісі келеді екен ;) )туралы айтшы? Ол кандай боксшы? Кай провинцияда туган? тагысын-тагылар...
  11. Асылзат
    Қанат сенің Қытайда жүріп иеленген медальдарын кайда осы?
  12. Серік
    Беижн олимпиадасында жартылаи финалда С.Бақыт бокстесп жеңілп қалғанда, қандаи күиде болдыңз. Қуаныш н/е өкінш
  13. Шыңғыс
    Касипкой бокстагы жулдыздардын арасынан киммен жудырыктаскыныз келеди ?
  14. Мұхтар
    Егер ой келіп жатса қай салада, қандай лауазымға өзіңді лайық санар едің. Өтініш - ой жоқ деп қысқа қайыра салмай, қиялға салсаң да жауап беріп көрші, "қай салада, қандай лауазымда, не үшін" деген сұрақтарға. Қызық болсын! Ал өмірде саған тек сәттілік тілеймін. Жеңісті бола бер!
  15. Айбын
    Жарайсың Қанат атың әлемге әйгілі болатынына сенемін
  16. Ильяс
    ӘДІСІ МЫҚТЫ ҚАЗАҚ БАЗАР ЖОҚ
  17. Тілек
    Қазақ боксшысы осыған дейін Доминикан Республикасының бес боксшысымен кездесіп, барлығын нокаутпен жеңген. Әттең шетелге жібермеу керек ет мұны
  18. Берік
    ҚАНАТ ИСЛАМ АМЕРИКАДА ЖАТТЫҚПАҚШЫ СОНГИН ҚАЦТ КЕЛЕТ ЕЛГЕ
  19. Жаннұр Семейден
    Канат бауырымыз — ешкандай боксшы болмаган, ешкандай жулде алмаган кунде де, жай азамат ретинде үлкен-улкен курметтерге лайык адам. Казахтын барлык жигиттерине Канаттын ултжандылыгын берсе! Канатын кайырылмай, жигерин мукалмай, кайда да аман-есен жур! Сен бизге жай гана Канат ретинде-ак кымбатсын.
  20. Әлім
    Достар сендерди тусинсем буйырмасын е оган не жетпейт.Бауырга баспады дейсиндер.Уй аперди казакстан азаматтыгын аперди ишентини алдында «астана арланыска»алып коймай капитангып койды.Акша болинди кайта-кайта эфирден корсетип сухбат алды.Онын кесиринен «Бакыт Сарсекбаевта»кетти.А бунын истеп отканын кара.Акыр сонында оз шаршы аланымызда женилип маскарамызды шыгарды)))
  21. Эврика
    Қанат бауырым алдыңа қойған мақсатыңның орындалуына тілектеспін.Америкаға барып чемпион бол,біз сені мақтан тұтып жүрейік.Біз өзіміздің батырларымызды құрметтей алмаймыз.Кезінде елім,Қазағым деп келген Мұстафа Өзтүрік де күндегендер көп болған,ақыры ағамыз маңдайымызға сыймай кетті.Оның есесіне қаңғып келген басқа ұлттың ортанқол спортшыларын көкке көтереміз.1998 жылы Бақтияр Байсейтов Әлем Чемпионы атағын жеңіп алған кезде он мың теңге сыйақы беріп «қарық қылған» болатын.Ал кейінірек әлем чемпионатының күміс жүлдегері болған қаңғыбас грузин спортпен қоштасқан кезде бірнеше қыбмат шетелдік авто көлік сыйлады.Неге біз өз қаракөздерімізді құрмет тұпаймыз?Қашаңғы басқаұлттық қағыбастардың алдында жалпақтаймыз?
  22. Аида
    Канат та коп боксшылардын бири. Алып бара жаткан атагы да жок. Олимпиада чемпионы емес. Сондыктан былжырай бермендер.
  23. Найман
    Сергей Деревянченкодан еки рет маскара боп женилди. Ыржалактап журип Газизовтан да таяк жеди. Кыскасы, батырынды ким коринген сабайтын болды))))
  24. Жадыра
    Қанатты қойып, атақты Майк Тайсон мен Мұхаммед Әли де талай жеңілген. жәй жеңілмей нокаутпен жеңілген кездері болған!!!!!!
  25. Алмат
    Арамызда журген кейбир ултын суймейтин ессыздермен салыстрганда канаттай елим деп ениреп келген кандас баурларымыз алде кайда артык. Олардын кай биринин бойынан отанына деген опалы улдын, улты мен тилине деген зор курметин, казак деп соккан улт жанды журегин коресин. Мухтар аган айткандай ТЖ(туфли жалагштар)-ларга айтарым: озин ози силаса жат жанынан тунлер дейды.
  26. Кәмшат
    Қанат ағай мен сізге сенем.тек алға Ағай мен сізден әлі талай жеңістер күтемін.мен сізді үлгі тұтамын.Алғааа Қанат ағай))))) десем ия а!
  27. Ербол
    Канат биз саган сенемиз! Алга бауырым мойындатшы баскаларын
  28. Айбек
    Аманжол,
    Бауырм сен қатты айттың. Құл екеніңді кңөрсетпесеш. Шүкір де. Кәсіпқой бокстан чемпион алсада біз үшін мәртебе.
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде