USD 314.83
EUR 341.87
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

«Жігіттер» квартетінің Мырзаханы да бойдақтықпен қош айтысты

«Жігіттер» квартетінің Мырзаханы да бойдақтықпен қош айтысты

Кеше қазақ эстрадасындағы қатарынан екі әнші үйленіп, бойдақ жігіттердің санын азайтты. «Тұсау» салынғандар – «Жігіттер» квартетінің солисі Мырзахан Маханов пен жас әнші Жаңабай Өтегенов.

Оңтүстік Қазақстан облысында туып-өскен Мырзаханның жүрегін астаналық Гүлім деген ару жаулапты. Бұл ретте қалыңдықтың ұзатылу тойы қараша айында елордада өткенін естеріңізге сала кетейік. Ал жігіттің тойы кеше, яғни 22-ші қаңтарда Алматы қаласында жалғасын тапты. «Орда бұзар» жасқа жеткен бөріктінің тойына өнердегі әріптестері, дос-жарандары мен тума-туыстары көптеп жиналды. Оған түрлі әлеуметтік желілерде есепсіз жарияланған суреттер айқын дәлел.

«Жігіттер» квартетінің Мырзаханы да бойдақтықпен қош айтысты

«Аяла» деп ән салған Жаңабай Өтегенов те кеше аялайтын құсын қолына қондырды. Ақтөбе облысының тумасының тойы тиісінше туған жерінде өткен. Әзірге келіншегінің шығармашылық адамы емес екені ғана белгілі өнер иесі «екі қошқардың басы бір қазанға сыймайдыны» берік ұстанса керек.

Алау Айбекұлы
Мәлімет көзі: Aynaline.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: жігіттер квартеті
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
22 комментария
  1. Айнұр
    Бақытты болыңдар! Қосақтарыңмен қоса ағарыңдар, айналайындар!
  2. Дархан
    «Жігіттер» квартетінің әншісі Мырзахан Маханов орда бұзар шағында отбасын құрды. «Жігіттер» тобының сүр бойдағы Мырзаханның аяғына тұсау салынды деш
  3. Перизат Семейден
    Әнші қараша айының оныншы жұлдызында сүйікті жары Гүлім есімді астаналық аруға үйленген. Оны неме жаңалық қып отырсыңдар бапше. Келініміз Гүлімді ата-анасы қазақы салт-дәстүрге сай ұзату тойын жасап, қыздарын сері жігітке сеніп тапсырды
  4. Аида
    Мырзахан үлкен тосын-сый жасады ғой. Өйткені, ол өзінің үйленетіні туралы алдын-ала тіс жарып ешкімге айтқан жоқ концертте айтты бәріне сол кезде естіп қойғам))
  5. Каляни
    Шаңырақтарын биік, керегелерің кең болсын, ЖІГІТТЕР!
  6. Зухра
    Мырзаханның жары әнші ме әлде актриса ма? Или өнерге мүлдем қатысы жоқ жан ба?
  7. Жасұлан
    Жастай үйленіп кетіпсіңдер. тағы біраз жүре тұрмадыңдарми
  8. Шалқар
    Өмірлері бақытты, әнді болсын,
    Өңірлері осындай сәнді болсын,
    Достық пенен жастық шақ жалын атап,
    Ақ махаббат баянды, мәнді болсын!
  9. Айдана
    Көтерген шаңырақтарың құтты да биік болсын
  10. Аружан
    Құрған шаңырақтарың биік, босағаларың берік, керегелерің кең болсын!
    Үйлеріңнің іші жанға, сырты малға толсын! Екі жаққа да сыйлы болыңдар! Денсаулықтарың зор, Махаббаттарың баянды болсын!
  11. Санжар мен Қайсар
    «Үйлену оңай, үй болу ќиын» деген бар, болашақ алда көре жатармыз не боларын
  12. Эврика
    Өмірде үш бақытты құс бар: көгершін, қарлығаш, аққу. Көгершіннің мейірімділігін, қарлығаштың қайырымдылығын, аққудың ақ махаббатын тілеймін сендерге алтындарым
  13. Жұлдыз
    Сендерге Алатаудың шыңындағы ақ қардай таза пәк көңіл, сол шыңдардан сарқырай аққан кәусар бұлақтай мөлдір махаббат тілеймін. Сендерге алтын күздің ырысын, денсаулықтың қыстай мықтысын, көктемдей көл-көсір өмір, жаздай жадыраған өмір тілеймін. Қыздарың моншақты, ұлдарың оншақты болсын. Шаңырақтарыңның керегесі кең, терезесі тең, босағасы берік, еңсесі "Келісім сарайындай" биік болсын!
  14. Жанар
    «Үйлену оңай, үй болу қиын» - деп қазақ атамыз бекер айтпаған
  15. Ақтөре
    Уа-ха-ха-ха)) «бас екеу болмай, мал екеу болмайды» дейтiнi тағы бар
  16. Бекзат
    Е оны қойыңдарш “үйлену оңай, үй болу қиын” деген мақал “үйлену оңай, үй алу қиын” деп өзгертсек, қазіргі заман ағымына келіңкірейт если што
  17. Ғазиза
    “Қызын қияға, ұлын ұяға” қондыру әке-шешенің ұл-қызына деген міндеті. Абай атамыздың атын иеленген даңғылдың бойынан өткен әрбiр жас ондағы ақ көйлектi келiн мен өңiрiне ақ гүл қыстырған күйеу жiгiтке қарап бiр тамсанары сөзсiз.
  18. Өскемен
    Үйлену оңай, ажырасу одан да оңай болып тұр. Сондықтан шаңырақтарың ЕШҚАШАН шайқалмасын ешқашан
  19. Райхан
    Тойдың бір көшірмесін бізге де берсе ғой
  20. Көркем
    Осы әншілерден баскада той болмайтындай той деген 1-кунде отеди-де кетеди неме айтат үйленгендерін((
  21. Сабина
    тойда құдаға шапан жауып, ат мінгізеді ме екен? жоқ европалық стильде шведский стол жасады ма екен))) хихихихихии
  22. Еркін
    Екi жас бакытты болсын!!!
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде