USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

«Қазақтелеком» АҚ-ның ғимаратында өрт шықты

«Қазақтелеком» АҚ-ның ғимаратында өрт шықтыӨскемен қаласындағы «Қазақтелеком» АҚ-ның ғимаратында өрт шығып, бір адам құтқарылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

АҚ-ның баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер ғимараттың жер төлесінде орналасқан аулашылардың бөлмесінде жиһаздардың ағаш құрандылары, есік және терезе жақтауларының, шаруашылық бұйымдары мен арнайы киімдерінің жанып жатқанын анықтаған. Қып-қызыл от барлығы 15 шаршы метр аумаққа жайылған.

Құтқарушылар өрттің шығуына себеп ретінде бірнеше болжам қарастыруда. Оның ішінде электр жабдықтарын құрастырған кезде қауіпсіздік техникасын сақтамау немесе өртке қарсы ережені бұзу сияқты болжамдар айтылды.

Өрт кезінде бір адам құтқарылды.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
14 комментариев
  1. Ғалия Семейден
    Өрт деген қиын ғой. Қызметкерлердің жағдайы қалай? Бәрі аман-сау ма әйтеу
  2. Маржан Народныйдан
    Қисынсыз болжамдар айтып отыр. Біреу өртеп кеткен шығар Қазақтелекомда қарызы бар
  3. Айжан
    Алматыдағы "Барахолканың" жолын берген ба не сендерге? Өрттің сигнализациясы орнатылған ба өздерінде? Бұны сұрап отырғаным даладағы базар емес, Қазақтелекомның өртенгені қызық(((
  4. Эврика
    «ТЕМІРГАЗ» ҒИМАРАТЫНАН ДА ӨРТ ШЫҚҚАН БҰРЫНДАРЫ. АЛ, ҚАЗАҚТЕЕЛМКОМНЫҢ ӨРТЕНГЕНІ ТҰРҒЫНДАРҒА СОНДАЙ ҚАТТЫ ЗИЯН ТИГІЗБЕЙТ МЕМЛЕКЕТТЕН БАСҚА
  5. Ақмарал
    Мен "Қазақтелекомның" жанында тұрамын. Өрттің шыққанын да естіммепппін. Жаңалықты оқып бойымды үрей билеп кетті ғо. Үлкен өрт шықса соның маңайында тұратын тұрғындарға иіс тиіп қалар еді. Қайта құдай сақтапты бізді
  6. Биолог
    Өрт дегеніміз – бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы))))))десем ия?!!!!!!!!!
  7. Дамира Риддерден
    Ағаш құрандылары, есік және терезе жақтауларын, шаруашылық бұйымдарын қоятын жерді тауыпты,басқат қауіпсіздеу жерге неге қоймаған, ондайц заттарды қоятын арнайы қойма болуы керек ессе, бәрі Қазақтелекомның қызметкерлерінің жауапсыздыңының 0000000000000 екенін көрсетіп тұрған жоқ па
  8. Тимур
    Күзетші өрт шығып жатқанда қайда қарап отырған? Өрттің неден шыққанын өтірік анықтай салат айтқаным айтқан көресідер әлі
  9. Назира
    Шығын көлемі қанша екен а?
  10. Архунус Семейден
    Бұндай өрттерде үнемі қайғылы оқиғалар болып жатады. Соңы жақсы бітсін! Қалаларыңызда ешқашан өрт шықпасын!!
  11. Айдана
    Обал-ааайй, қайта түгелдерлік жанып кетпегеніне шүкіршілік. Желтоқсанның 20 сында Индустрияландыру күні ауқымында «Қазақтелеком» Өскеменде LTE (4G) жаңа ұрпақ мәліметтер беру желісін іске қосқан болатын бірақ шо та дұрыс істемей жүр 2-3 күннен ббері нестесем болат
  12. Дастаниус
    4G жоғары жылдамдықтағы ұялы интернет қызметі халықтың 30 пайызы тұратын аумақта қолжетімді, бұрынғыдан қарағанда жағдайымыз жақсы. Оның барлығы "Қазақтелекомның" арқасында
  13. Олжас
    «Қазақтелеком» АҚ Қазақстанның ірі байланыс операторы, но компанияның акцияларының бақылау пакетінің 51% «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ға тиесілі екен ғой
  14. Дженнипер
    Қазақтелекомда өрт болып, мына жүгіріп келе жатқан өрт сөндіруші ме? Өртті сөндіре алмады ма))))))
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде