USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

«Келінге» түскен келін ендігәрі мұндай фильмдерге жоламайтынын айтады

«Келінге» түскен келін  ендігәрі  мұндай фильмдерге жоламайтынын айтады

Осыдан бес жыл бұрын бүкіл елді шулатып, сынның астында қалған "Келін" фильмінде басты рөлді сомдаған актриса Гүлшарат Жұбаева бүгінде аяулы жар, екі баланың мейірімді анасы болып отыр.

31 арна тілшісі Аида Боранбай атышулы "Келіннен" кейінгі келін Гүлшараттың тұрмысымен танысып, ашық-шашық сахналаған көрініске толы фильмнің оның өміріне қалай әсер еткенін біліп көрген.

Атышулы "Келін" фильмі көрерменге 2009 жылдың маусым айында жол тартқан еді. Режиссер Ермек Тұрсыновтың бұл туындысы шыға саласымен сынға ұшырап, қоғамды дүрліктірген болатын. Фильмге деген халықтың ызасы бір бөлек, жұрттың қызу талқысына басты рөлді сомдаған актриса Гүлшарат Жұбаева да түскен еді.

Актриса ашық-шашық, жалаңаш сахналанған көріністері үшін қоғамның талай әңгімесіне іліккен. Өнер үшін жасаған бұл құрбандығына жасы үлкендер "фильмнен кейін тұрмысқа шықпай қалауың да ықтимал" деген де. Алайда, Қарақалпақстаннан Алматыға арман қуып келген бойжеткенді бұл сөздер фильмге түсуден айныта қоймапты.

Алайда, уақыт бәрін өз орнына қойды. Гүлшарат бақытын тауып, тұрмысқа шықты. Бүгінде актриса бақытты әйел. Жантемір, Алина есімді бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған ана.

"Келіннен" кейінгі өмірім келіндік қызмет етумен жалғасып жатыр. Бірақ бұл бақыттың дәмін тату үшін де кейбір қиындыққа төзу керек болды- дейді актриса.

Фильмге түскеннен кейін көзіне жас алып, жылаған сәттерін де есінен шығармапты ол. Гүлшарат болашақ жарын фильмнен кейін жолықтырған. "Келін" фильміне қатысты тақырып бұл отбасы үшін басында ауыр болатын.

Актриса: "Артынан өкіндім неге түстім деп, неше түрлі әңгімелер көбейіп кетті, жыладым", - деп еске алады өткен күндерді.

"Қызғаныш та болды, бәрі болды, әрине, басында қатты қызғандым", - дейді актрисаның жұбайы.

Қазір Гүлшараттың жары Жандос бәрін түсінген. Әйелін қолдаған жұбайы кино әлемімен өзі де таныса бастапты.

Алайда ендігәрі Гүлшараттың өзі де, жұбайы да мұндай фильмдерге ешқашан жоламайтынын айтады. Бірақ өнер жолында самғауына кедергі келтірмеймін дейді жұбайы. Ал, Гүлшараттың ата-енесі оның өмірде үлкендердің батасын алған, нағыз ибалы келін екенін айтады.

Қазір актриса телехикаяларға түсіп, өзі жетекшілік ететін "Шабыт" би ансамбілін алға тартып, өнердегі өз бизнесін дөңгелетіп жүр.

Ал, "Келін" фильміне түскені үшін актриса қанша табыс тапқанын бес жылдың ішінде бірінші рет біздің арнаға ашық айтты. 2-3 ай түсірілім жұмыстары үшін оның нәпақасы 5-6 мың доллар шамасында болыпты. Бірақ түсірілім жұмыстары таулы аймақта өткен соң, тамақтануы дұрыс болмай, асқазанына зақым келіпті. Сөйтіп, бар тапқан-таянғанын жинап, ол Қытайға емделуге аттаныпты. Өнер құрбандықты тілейді деген осы болар.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
13 комментариев
  1. Айым
    Мынау кімнің фильміне түсіп жүр
  2. Баке
    Уа-ха-ха-хаааааа))))))) «Келіннің» тарихы әріден басталады екен. 2006 жылдың 27 нші ақпанында www.kinokultura.com сайтында жарық көрген қырғыз режиссері, сценарисі, актері Ақтан Арым Құбаттың сұхбатында былай деген екен: Ермек Тұрсынов, «Келін» көркем фильмінің режиссері. Алматы, маусым 2009 жыл.
    «Фильмнің негізгі оқиғасы біздің дәуіріміздің VII-VIII ғасырларында болады. Бұл ислам дәуіріне дейінгі кезең. Кез-келген канондық негіздерге ұстындалған дін – өзіндік заңдар мен догмалардан тұрады. Ал, тәңіршілдік дәуірінің ерекшелігі тіршіліктің табиғатпен тұтасып жатуында.
  3. Әйкерім
    «КЕЛІННІҢ» ДАУЫ БІРАЗ ЖЫЛДАРҒА СОЗЫЛДЫ. ЕНДІ, БАСЫЛДЫ МА ДЕСЕМ МІНЕБІРЕУ ҚАЙТАДАН ШЫҒА БАСТАПТЫ ЖЫЛТЫҢДАП
  4. Диас
    Негізінде, «Келін» көркем фильмі «Қазақфильмнің» өнімі ретінде үлкен экранға жол тартты. «Келін» қатты сынға да ұшырады. Фильмді сынға алушылардың бірі «Қазақфильм» көркемдік кеңесінің мүшесі, киносценарист, жазушы Дулат Исабеков оны «қияли, өтірік кино» дееп тура бетке салды ғой
  5. Ержас
    «Бізден кім өтінді тарихи кино түсіріңдер деп? Қазақтың, түркінің тарихын түсіреміз деп, «Келінді» түсірдік. Жарайды, түсірсін. Бірақ осындай өтірік кино түсіруге бола ма? Мейлі, өтірік бола берсін, бірақ тағы да қазақты жерге қарататын фильмдердің қатарын толықтырды. Жаңа бір кино жарық көрген сайын қазақ жерге қарайды», – деді Дулат Исабеков ол кісінің сөзінің жаны бар кім не деседе
  6. Ермек Тұрсынов
    Бұл жерден тарихи дерек іздеудің қажеті жоқ. Бұл – көркем дүние. Өмірдің шындығы мен өнердің шындығы бар, бұл екеуін шатастыруға болмайды. Меніңше, «Келінге» осы тұрғыдан қарау керек
  7. Экспонат
    Бұл фильм самырсын, қарағайлы қарлы тау көрінісінен басталады. Титрда фильмнің атауынан соң «Алтай, біздің дәуіріміздің ІІ ғасыры» деген жазу шығады. Сөйтіп, қызды ұзатуға дайындап жатқан көне түркінің ғұрпы көрініс табады. Демек, бұл тарихи кино
  8. Райымбек
    Сценариін оқып шыққан, Дулат аға дұрыс айтады, қазақты жерге қарататын, шылқыған өтіріктен құралған "Боратты" екі орайтын фильм. Шаманизм болғанда да қазақтың тәңіршілдігі емес, қайдағы бір жабайы адамдардың нәпсәни әрекеттерін қазақтың исламға дейінгі көрінісі етіп таңады
  9. Айбек
    "көш жүре келе түзеледі" деген бар емес па? жаман болса келесі режиссерлер сол қателікті қайталамауға тырысар!
  10. Күйген Қазақ
    Қазақта ұлытқа жаны ашитын Қазақтың батырлығын ,салт дәстүрін дәріптейтін ,билеріміздің ақылды сөздерімен әділдігін ,шешендігін,хандарымыздың бір сөзділігін , сөзге тоқтап тағын босатып беретін мәрттігін көрсететін кинолар түсірудің орнына ,қай қайдағы қазақтың намысна тиетін жарымес киноларға құмар болдығой біздің режисорлар. Қазақтың патшасынан бастап намыссыз ұлытты силамайтын мәңгүрттер пайда болды не істейміз халайық бұған шыдамныңда шегі бардеген бұл өзі қазақты езгілей беру ,мазақ қылу қашан тоқтайды?Ақшаны құр шашқанша қазақты мадақтайтын бір кино түсірсе сол пайда болар еді.Ақша үшін ұлытын сатқан опасыз режирлар.
  11. Мейірім
    Қазақты мадақтайтын өнерің қайда ? Бізідің бір атақты актер айтып еді қазақты ақымақ қылып көрсететін киноларға түспеймін .Ол басқа Мемлекеттің міне қазақтар қандай болған деп жамандап көрсету үшін пайдаланады деп .Сондықтан оларға өтірік мадақтап атақ береді деп .Ал біздің режисорлар қазақты мазақ қылып ақша табудың жолына түскен.Еврейлер балаларын былай тәрбілейді екен ,ай сен орыс емессің ғой ,сен еврейсің .Еврей дүниедегі ұлы халық деп миына құя береді екен .Ал біз өз баларымызға не тәрбие беріп жүрміз.Шәкен Аймановиан кейін қазақтың дені дұрыс киносы бар ма? Режисор сымақтар Миллартап ақша шашып Абылайды түсіргенің анау . Шыңғысқаның анау жабайы қылып түсірген.Сендерде (режисерларда)қазақтың намысы бар ма өзі.
  12. Күйген Қазаққа
    Барып дем алшы, бауырым! Қаның тасып, өліп қаларсың! Өрең жетпейтін өнерде нең бар еді. Сенікі жәй айқай. Фильм қазақтар туралы емес қой. Тарихи фильм де емес. Еврейлердің бала тәрбиелеуін көргендей бөсесің ғой. Бұл пікір талас емес, пікірді сөндіру! Кезінде сендей бақырауықтар *Қыз Жібек* фильміне де қарсы шыққан. Ғабит Мүсірепов, Әкім Тарази, Шәкен Айманов т.б. Олар да сен сияқты *мыналар қазаөты масқаралады* деген. Енді ол фильмді шедевр деп жүрміз. Дулат Исабектер таудан төмен домалап қалғандарына күйініп жүрген адамдар. Өмірге деген реніші зор. Ол әділ баға бере алмайды! Ішің күйсе тұз жала!
  13. Заңғар
    Кыскасы:адамдыктан журдай,жексурын,жауыз фильм. Режиссерга айтарым: Жабайылык туралы фильм тусиргин келсе онда Амазония немесе Африкага бар. Сол жактан саган сюжет молынан табылады.Ал,оз ултынды булайша корлаганын ушин жауап беретининди умытпа!
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде