USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Қазақстанда ереуілге шыққандарды түрмеге кесу жазасы қарастырылып жатыр

Қазақстанда ереуілге шыққандарды түрмеге кесу жазасы қарастырылып жатыр

Қазақстан қылмыстық кодексінің жаңа жобасы жасалды. Оны енді депутаттар талқылайды. Жобада еңбек дауын қоздырғандарға айыппұл ғана емес, түрмеге кесу жазасы да қарастырылған.Жаңа қылмыстық кодекс жобасымен Қазақстан бас прокуратурасы сайтында танысуға болады.

400-БАП
Жобадағы 400-бапта еңбек дауын қоздырғаны үшін ереуілге қатысушыларға айыппұл салу, түзету жұмыстарына жіберу және үш жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Баптың бірінші бөлімінде егер сот ереуілді – "заңсыз", ал "оған қатысушылар бұқаралық ақпарат құралдары немесе әлеуметтік желілер арқылы ереуілге жария түрде шақырған" деп тапса, сот ереуілге қатысушыларға бір мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу, түзету жұмыстарына жіберу немесе бас бостандығынан бір жылға дейін шектеу сияқты жаза тағайындай алатыны жазылған.

Ал баптың екінші бөлімінде жаза күшейтіліп, түрмеге қамау мерзімін үш жылға дейін ұзарту қарастырылған. Заңсыз ереуілге қатысушылар "азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтірген не жаппай тәртіпсіздікке әкеп соқтырған іс-әрекеттері үшін" бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мәлімет көзі: Азаттық радиосы
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
25 комментариев
  1. Мағжан
    Көтеріліске шыққалы жатқан халық жоқ. Заңды ненің құрметіне қабылдағалы жатыр сонда а!
  2. Әсел
    Түк түсінсем бұйырмасын, қабылдап қойды ма әлде қабылдағалы жатыр ма????
  3. Абзал
    Осыдан соң біз қандай демократиялық мемлекетпіз, құр сөзбен қуырдақ қуырып таңннан кешке дин айтатындары біз зайырлы, демократиялы, тәуелсіз елміз дид. Әй, қарғыс атқыркапитализм(((((((
  4. Арай
    Саяси еркіндігіміз қайда қалад
  5. Ақнұр
    Бұл дұрыс еліміз тыныш болады жаңаөзендегідей оқиғалар орын алмайт құптаймын өз басым бәрі көтеріліске шыға берсе неміз қалад елдігімзден айырыламыз шетелге қазақтар көтеріліп жатыр екен жаңалықты көрсеткенше осы шешім жақсы
  6. Аида
    Егер астананы көшіріп әкетпегенде Киевтегідей революцияларды Алматы да басынан кешер ме еді...Мәселенің түп төркіні осында жатқан секілід
  7. Жарқын
    Кличконың көтерілісіндей бірдеме туындап кетпесін деватқандары го шамасы
  8. Санжар мен Қайсар
    Жыл сайын жаңа заң мен жолдаудан құтылмайтын болдық. Сол заңды қабылдасада ешкім білмейтін болады жыл сайын жаңа заң жобасы шығарып тұрсаңдар қайдан жаттап, еске сақтап жүреміз бәрін жынды ма осы өкіметтегілер вапще
  9. Альбина
    Халық көтеріліске шықпаса, анда санда мемлекетке наразылығын білдіріп тұрмаса онда несіне мемлекет болып отырмыз біттік дей берейік енді халықтың мұң-мұқтажын ешкім құлағынада қыстырмайт деген сөз.
  10. Каляни
    Уа-ха-ха)))))) Алдыңғы жылы Жаңаөзендіктер тыныш отырса мұндай заң қабылданбаушы еді. Соын ойлаған біреу барма араларында?
  11. Кенесары
    Оның несіне таңқалып, дауласып оотсыңдар, сендермен ешкім санаспайды, санасқалы да тұрған жоқ, заңды қабылдай берсін, ал сендер өз білгендеріңді жасай беріңдер
  12. Дәулет
    Былай, элегантный заң ғо за то элитный халық боласыңдар ))))))
  13. Мен
    Өрттей қаулатып қарап отыратын біздің ҒҒ ма екен? Рулық, жүздік санадағы халықтың қолынан өз руын айтып мақтану ғана келеді. "төңкеріс, қиратулар жасамайды деп кім айтты". МЕН АЙТТЫМ!
  14. Оқымысты
    Кешпес еді арқайым болыңыз, біздің қазақ қойдан да жуас
  15. УКА
    Тыныштық тілегіш бір көңілім тәубе етсе-дағы, көшеде атойлап теңдік сұрамайынша шын тәуелсіз болмайтының тағы бар...
  16. Жұбандық Семейден
    Негізі біздегі сарапшы атаулы парламентін өртеп, үкіметін қуып жіберген Қырғызстан мен Моңғолияны күлкі етеді... Меніңше біз олардың деңгейіне жетпей келеміз. сондықтан сондай қақтығыстар, Украинаның халі алдағы уақытта біздің бастан да өтеді
  17. УКА
    Оқымысты, иә, қойдан жуасы жуас-ау, бірақ, Бек айтқандай, бастан өтпей болмайды-ау, басқа жол жоқ-ау шамасы
  18. Бекзат
    Қазақ халқы украин халқы емес. Біздің елде ешқашанда революция да, төңкеріс те болмайды. Біздің әңгімеміздің барлығы да ру-жүздің айналасында. Санасы рулық-тайпалық дәрежеден аспай қалған халықтың қолынан бір нәрсе келеді деп ойламаймын.
  19. Аманжол
    Өзгенің мүддесі үшін жығыла кететін биліктің орнын алу үшін топтасатын, тартысатын ұрпақ тезірек өссе екен, соларды алға тартып, жетелейтін жігіттер саяси ойын көріп, тез ширай түседі
  20. Айбек
    Сол ушин коширген сияктыгой.халыктан коркып.Ал Астана казир кызылдар каласы деген лакап ат алгалы кашан
  21. Самат
    Жігіттер, асықпаңдар, қазақтан да бір Гитлер шығар, халықты бір ИДЕЯНЫҢ маңына топтастыратын))
  22. Дархан
    Мүмкін емес нәрсе жоқ. Бір белгілі нәрсе ол қақтығыстарда Қазақ пен ҚазаҚ шайқасады. Ал қалғандары кіріспей тыныш отырады
  23. Нұрасыл
    Талай қазақтың көкірегінде қыжыл бар...САБЫРМЕН ТЕК ЖЕҢЕ БІЛІҢДЕР! КӨТЕРІЛІСКЕ ЖОЛ БЕРМЕҢДЕР БАУЫРЛАРЫМ!!!!
  24. Есбол Ташенов
    Кезінде 86-дағы марқұм болған қазақтарды айтып мақтанамыз. Сол күн қазір де басымыздан өтіп жатыр. Еруілге шықандарды қамап жатқан адамның өзін көшеге шығарып атып тастау керек халық жауы деп. Сонда ғана тәртіп орнайт Қазақстанда. Пара алып қашып кеткендерді соттап жатыр. Ол аз оларға. Олардың қолын шауып, газет беттеріне шығару керек ұрылар деп. Көрсін кімнің кім екенін халық.
  25. Айбану
    Заманымыз тыныш одан артық не керек. Іші тарлар көре алмайтындар құртады.
Біз әлеуметтік желілерде