USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Ішкі істер қызметкерлерінің шығындарын мемлекет төлейтін болды

Ішкі істер қызметкерлерінің шығындарын мемлекет төлейтін болдыМәжіліс депутаты Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, ішкі істер органдары қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуы қоғам арасында кеңінен талқыланып, қызу пікірталастар тудырған болатын. Осыған орай, аталмыш мәселелер жаңа редакциядағы заң жобасында арнайы 6-шы тараумен бекітіліп отыр. Үкімет депутаттардың бұл ұсынысына қолдау білдірген.

- Жаңа заң жобасымен ішкі істер органдарының қызметкерлері бірқатар әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз етілетін болады. Атап айтқанда, ішкі істер органдарының жекелеген қызметтерінің криминалдық полиция, тергеу, анықтау, жедел-криминалистік қызметтер, ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге және есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімшелерінің қызметкерлеріне тұрғын үй жалдауына арнайы ақшалай өтемақы төлеу белгіленіп отыр, - дейді Нұрлан Әбдіров.

Сонымен қатар, ішкі істер органдарының қызметкерлеріне жұмыс бабымен орын ауыстырған кезде, қызметкер өзінің екі айлық жалақысы және өзімен бірге көшкен отбасының әрбір мүшесіне жарты айлық ақшалай жалақы мөлшерінде көтерме жәрдемақы алатын болады. Әуе көлігінен басқа, көліктермен жүру, дүние-мүлкін тасымалдау шығындарын өтеу мәселес де қарастырылған.

Мәлімет көзі: Қаз Ақпарат
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
14 комментариев
  1. Айбар
    Жақсы жаңалық екен. Әйтпесе мардымсыз жалақымыз жетпейт бала-шағаны асырауға мемлекетке рахмет айтамын
  2. Түкбілмес Отырғанов
    Ішкі істер департаментінде істейтіндерге біраз өкпе назым бар. Сөйлеген кезде құдай үшін мен үшін болмасада белгілі бір әлеуметтік немесе ұлттық топтарға қатысты дөрекі қалжың және мысқыл сөздер, «паразит» сөздер, тіл тигізу болып саналатын пікірлер, адамның кемтарлығына байланысты қорлайтын сөздерді айтпаңдарш пажалуиста
  3. Жасұлан
    Жыл сайын мұғалімдер мен дәрігердің жағдайын жасай бергенше, бір уақыт мындарға көңіл бөлгендерің құптарлық іс
  4. УКА
    ООООООО ондеше 11 бітіре сап криминалистикаға түспесем ба))
  5. Шоқан
    Бөлінген қаржына қалталарына қампитып салып алмаса бопты әйтеу
  6. Баке
    Iшкi iстер органдарының қызметкерлері атыс қаруын, арнайы құралдар мен күш қолдануына бола ма? Оған олардың қаншалықты праволары бар???
  7. Фотосуретші
    Бүгінгі күннің батырлары ессе мындар))
  8. Диляра
    Үй жалдап бергенше оданда сатып әпере салса нелер кетед
  9. Каляни
    Ішкі істер министрі облыстардың біріне келіп Ішкі істер департаментінің есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен танысып жатыр.
    -Лейтенант фамилияңыз кім дейді, жас лейтенантқа келіп
    -Шөпшеков
    -Ойбууу бұндай фамилиямен есірткіге қарсы күрес басқармасында қалй жұмыс істеп жүрсің?
  10. АнАнДи
    Үй берсе, күйлеріде жақсарат))
  11. Раушан
    Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков Қорғаныс министрі болғаннан бастап жағдайымыз жақсарып келеді. Шүкіршілік етеміз. Мынаны оқып тіптен қуанып аспанға сәл ғана жетпей отырм
  12. Ауылньюс.кз
    Ертең аяқ астынан соғыс басталып кетсе үйді тегін алғандар үйлерін сатып қашып кетеді әлі көресңдер айтқаным айтқан өмір алда. Қарапайым адамдардың жағдайын жасамай ма оданда или оларға пака што кезек келген жок па не
  13. А. Смайылова
    Ауыл аймақты көркейтуге жұмсамайма қаражатты зарплатларын төлеп отыр еще енді бұлардың квартирасын төлеп береуіміз керек екен. Шынымды айтсам мынаны оқып давлением көтеріліп, орнымнан тұра алмай отырм
  14. Айнұр Жаңабай
    Полиция ескертусіз қару атпайды дейді бірақ кейде олар оқ жатып жатады неге сол кезде әкімшліік-құқықтық жауапқа тартпайт одарды айтындарш а??????
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде