USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Роналду: «Алтын доп» иегері екенін алдын-ала біліпті», деген жұрттың өсегі қанымды қайнатты

Роналду:   «Алтын доп» иегері екенін алдын-ала біліпті», деген жұрттың өсегі қанымды қайнатты

«Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду «Алтын доп» сыйлығын алғаннан кейінгі өзінің көңіл-күйімен бөлісті,- деп жазады. Dni.ru.

- Мені бірнеше апта көлемінде мазасыздық биледі. Жұрттың бәрі «Алтын доп» туралы айтып жатқан болатын. Біреулер оны мен алады деді, біреулер Рибериге бұйыруы мүмкін деді. Осының бәрін естігің келмесе де айналаңда айтылып жатқан тақырыптан алыстап кете алмайды екенсің. Тіпті, үйдегі анамның өзі: «сен жеңесің бе?» деп жиі сұраған болатын.

Қазір бәрі қалыпты. Биыл өзімді өткен жылғыдан да жоғары деңгейден көрсеткім келеді. «Реалдағыдай», Португалия құрамасындағыдай жетістіктер биігінен төмендемеуім керек. Бұл туралы кез келген ойыншы армандайды әрине. Ең бастысы мен, «Алтын доп» алдым екен масаттанып кететін адам емеспін.

«Алтын допты» алған сәт – мен үшін үлкен толқыныстарға толы болды. Әсіресе кішкентай ұлым келіп қолыма қуаныштан бал-бұл жанып қараған кезде өз-өзіме ие бола алмай қалдым. Көңілім босап кетті. Залда отырған туыстарымның да көздерінен жас моншақтарын байқаған кезде мен жылап жібердім. Бұл – менің шынай көз жасым еді. Алаңда салмақты, сұсты ойыншы болып көрінгенмен, туыстарым мен достарым менің былайғы өмірде қарапайым адам екендігімді жақсы біледі.

Жеңіске жету де оңай болған жоқ. Рибери жыл көлемінде керемет ойын үлглерін көрсетті, Месси де. Бірақ Пеле менің атымды атамағанға дейін «Алтын доп» иегері екенімді білген жоқпын. Жұрттың көбі мен Цюрихке жеңісін алдын-ала біліп, марапаттау рәсіміне дайындалып келген деп жүр екен. Мен бұл қалаға жыл сайын келемін. «Туыстарын да алдын ала алып келген» деген сөздер шығып жатыр, олар мұнда биыл үш рет келген. Ал ұлым бірінші рет келіп тұр. Бұрын ол тым кішкентай болғандықтан өзімізбен бірге алып жүрмейтінбіз.

«Алтын допты» алатынын алдын ала білген деген жұрттың өсегі мені шынында да ызаландырып, қанымды қайнатты. Бұл өтірік. Егер мен оны алдын ала білсем, көз жасыма ерік бермей марапаттау сәтінде айтатын жөнді сөздер жаттап келетін едім,-дейді Криштиану Роналду.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
31 комментарий
  1. Қуаныш
    Месси мен Роналду – кім мықты сіздер үшін?
  2. Қазақ
    Қазақстанда футбол өте дамыпты,
    Бразиляға 2014ке жолдама алыпты,
    Группасында корей,жапон,россия ойнапты,
    Түк қалдырмай бәрін Қазақ шайнапты.

    1/8 финалға қазақстан жолдама алыпты,
    1қарсылас Аргентина болыпты.
    Аргентинаға қиналмайақ Қазақтар,
    15 голды ойланбайақ салыпты.

    1/4 финалда Бразилия мен Қазақ елі ойнады,
    Қазақтар,Бразилдарға 1-ші голды тығып еді.
    Бірақ,Қазақтар 1голғада тоймады.
    Тағыда 2-3гол тыққан қазақтар,
    5:0 мен тойлады.

    Финалда Қазақстанмен-Германия кездесті.
    Германия 1:0мен Қазақтарды ұтып жатыр еді.
    Бірақ 89 минутта ойын қайта тенесті.
    Төреші қосқсан 30 минут қазақтарға түк болмады,
    Есепті 2:1ге жеткізген қазақтар
    Алтын кубокты аспанға көтеріп көп қуанды
  3. Ақтөре
    Негізінен, жер бетінде біріне-бірі қайшы келетін заңдылықтар өте көп.Ақ пен қара, жер мен көк, от пен су, «Реал» мен «Барса» дегендей))десем ия
  4. Жанболат
    Криштиану Роналду өзінің голдарының барлығына жуығын оң аяғымен салат ессе или Мессимен шатастырып оотырм ба достар
  5. Диас
    Футбол шығармашылық ойын болған соң онда еркін қимылдар да, әдемі финттар да, жалпы тартымдылық болу керек.Осы тұрғыдан алып қарағанда Криштиану Роналдудың ойын мәнерін ЖАҚСЫ деп білемін.
  6. Есхат
    Мааааааа, «Реал» мен «Барса» да мәңгі қарсыластар болып өте ме өмір бойы? Кім не ойлайт осы туралы а!
  7. Шыңғыс
    Дегенмен Роналду мықты
  8. Дико
    Криштиану шыфн манисинде мыкты ойыншы болып тур. Мессидин откен ойында истеген артистиги енди кулакка кирмеитин ангиме го
  9. Жанкүйер
    Роналдо мықты 300 гол соққан ал Месси 235 ақ гол соққан сосын Месси Барсада жақсы ойнағанымен Аргентинада ойнай алмайды Барсада оған аузына тамақты Инесьта мен Хави салып беріп жұр Роналду болса Манчестерге 1 өзі ақ алып берді Мессидің қасында Аргентинада ойнайтын игрок көп атап айтсак Тевез Ди мария Игуаин Верон Агуэро ал Роналдоның қасында кім бар ойнайтын
  10. Асхат
    Не десеіңдер де Роналдо Пеледен кейiнгi ең мықты футболшы деп ойлаймын
  11. Дархан
    Мен Мессидің де Роналдудың да персофанаты емеспін. Бірақ кейде осындай даулар еріксіз езу тарттырады. Сол салыСтырудан да көрініп тұр ғой кім мықты (Марканы айтамын). Ал ұлттық денгейдегі айырмашылық шамалас болып тұр емес па. Мессидің ұлттық ойындары аз себебі жас қой. Жылауық Рони индивидуалист екенің жұрт жақсы біледі. Роналдо командалас таза шабуылшылардын нагыз соры. Әсіресе сонғы кездері. Бензема да Игуаин де «Жылауық»
  12. Олжас
    Кришти қақпашымен бетпе бет келгенде егер ол қақпашы қарсы шаппаса не істерін білмей қалады. Өйткені «парашютты» әлсіз менгерген, сосын обводка жоқ. Ал Мессиге бұл мәселе емес, ол қақпашымен бетпе бет келгенде тіпті Касильяс сияықты керемет қақпашылардың шансы жоқ.
    Менің айтарым Криштиану жай футболшы емес әрине, бірақ Месси формасында болғанда ол ешқашан №1 бола алмайды. 4 Алтын доп бұның айқын дәлелі, не айтсаңдарда
  13. Мен
    Менімше ең мықты футболист Криштиано Ранальдо Ал Месси болса ең нашар ойыншы,өйткені ол алдынан келе жатқан адаммен алдаспай басқа бір қасында тұрған адамға пас беріп жібереді. Менде Мессиге жақ болғым келеді бірақ Месси бірде бір финт жасай алмайды ал Криштиано Роналду бірнеше финт істей біледі Мессидін несін ұнатқанын білмеймін бірақ мен білетінім Мессиді мен ең мықты ФУТБОЛИСТдеп айта алмаймын.
  14. Едіге
    ronaldo 1000пайыз месси 00000000000000 пайыз. Мадес, Роналдо!!!!
  15. Рүстем
    Роналдо мыкты ол ЕВРО 2012де португаляны алып шыкты ал месси аргентинада ойын көрсете алмады Роналдо мыкты бәрінен.РЕАЛ МАДРИД АЛҒА!!!
  16. Жанасыл
    Әрине екі футболшыда мықты салыстырудан аулақпын бірақ менің көңілімнен шығатын футболшы Роналду. Ол Өте мықты әлемде тез жүгіретін футболшы және бас пен аяқ пен сол аяқпен тіпті қайшылап басымен,тебе алып гол салады ешқандай футболистерге ұқсамайды 1 ойынның өзінде өзінің бомбардирлік талантын көрсетіп тастайт. Ал месси де өте мықты ол көбінесе финт жасамай дриблинг пен алдап ойнайд қой оған көбінесе хави мен инеста пас береді
  17. Бауыржан
    Көрде тұрыңдар 2014 бразилияда өтетін әлем чемпианатында Месси өз құрамасы үшін көп көмектесе алмайт деп ойлаймын уйткені ғган пас беретін хави мен инеста.Сөзсіз Роналдинио кезінен пас беріп келе жатқан хави мен инеста аблен пас берудің кыр сырын біліп алған .Ал роналду ше ол португалия енбеккорлығымен алға сүйреп шығады артына командаластары көмектесед бірақ ол 5 адамнын жұмысын аткарат
  18. Жасұлан
    Англиялық “Манчестер Сити” Мадридтік “Реалдың” көшбасшысы Криштиану Роналдуды сатып алыппеді осы, айтжеріңдерш ағайын
  19. УКА
    Бас байрағын айтулы аламанның
    Бізден басқа бәрі де алады, әттең!
    Тап осындай жағдайды қалаған кім,
    Түсінісе алмадық ала доппен... десем, иә?
  20. Санжар мен Қайсар
    Футбол тек қана алға Қазақтар қашан футболды жөндеп ойнайсыңдар ееейййййй
  21. Айбын
    Уа-ха-ха))))))))))) Бразилиялықтар сол ғой шал болғанша ойнап жүре береді кім ақша төлесе
  22. Қайрат
    Кiмнiң мықтылығын лига чемпионовта бiлетiн боламыз. Қазiргi айтып отырғандарын кiшкентай балалардың әңгiмесi
  23. Әділ
    Реалга бүйрегім бұрады. Бірақ барселонаға қарсы ойында тізелері дірілдейтін әдеттерін әлі қоймапты… Психологиялық тұрғыдан суықтылық жетпей тұр Реалға. Сонда Барсаның шаңын қағар ед
  24. Жандос
    Ең үздік футболшы Роналду, Месси оған жете алмайды
  25. Санат
    Криштану Рональду алды ғой Мессидың фанаттарының іштері күйсін (dance)
  26. Аида
    Роналдудың алғаны жақсы болды, бірақ Иньеста мен Мессиге обал болған сияқты
  27. Дастаниус
    Тек Мессидің алмағаны дұрыс болды. Бесеу көптік болады көтере алмай қаларет. Роналдуды лайықты бағалады осы жолы
  28. Аида
    Соңғы алты жылда ең үздік плеймейкерге берілетін жүлдені тек "Барселона" футболшылары алыпты)))
  29. Азамат
    Ранальдо кубоктарды, алтын доптарды алып жүрген кездері Месси шешесін енді танып білетін еді.
  30. Або
    Роналду лучший оған сөз жоқ.
  31. Жандос
    Барсаның фанаттарын реал мадридтің іші тар фанаттары мен салыстырма базар жок барселона сиякты тактика коиып оинасын аи каидам реалда ондаи тактика коиып оинаитын оиыншыда жок сияктығо бір бірінен доп кызғанад одан казакстаннын фудболшылары 10есе артык оинаид
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде