USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Семейлік қос оқушы әлемнің үздік математиктері атанды

Семейлік қос оқушы әлемнің үздік математиктері атанды

Семейдегі физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушылары әлем бойынша өткен SAT тестілеуіне қатысып, үздік жасөспірім математиктер атанды.

Бұл тестілеу жаһанның 175 мемлекетінің 1000-нан аса жоғары сынып оқушылары арасында өткен-ді. Оған зияткерлік мектебінен 7 оқушы қатысыпты. Араларынан Айнұр Мәшпиеваның бағы жанды. Ол қойылған 50 сұраққа 100 пайыз дұрыс жауап беріп, максималды 800 балл жинады. Оның құрбысы Ақгүл Кенжешева 710 балл алды. Бұл да жоғары көрсеткіш. Себебі, барлық қатысушылардың тек 10 пайызы ғана үздіктер қатарына ілінген.

Ағылшын тілінде өткен тестілеуге қос оқушыны математика пәнінің мұғалімі Майкл Малучи дайындапты.

- Тест сұрақтары АҚШ-тан хат арқылы келеді. Емтихан күні ғана ашамыз. Яғни, тестілеу әлемнің 175 елінде бір күн, бір сағатта өткізіледі, – дейді Айнұр мен Ақгүлдің бапкері.

Бұл жеңіс әсіресе Айнұр үшін жаңа мүмкіндіктер ашып отыр. Ол енді әлемнің таңдаулы оқу орындары грантының иегері. Таңдауы бойынша Гарвард, Оксфорд пен Кембриджде білім ала алады. Бұл жайындағы сұрағымызға Айнұр:

- Болашақта инженерлік сала бойынша білім алғым келеді. Себебі, бүгінде елімізде инженерлік сала мамандарына сұраныс жоғары. Ал әзірге таңдаған оқу орыным – Астанадағы Назарбаев университеті. Бұл білім ордасы да әлем бойынша алдыңғы қатарда. Өз елімде білім алып, Отанымның дамуына үлес қоссам деймін, – дейді.

Ақгүл де осы университет студенті атануды көздеп отыр. Себебі, «шетелдік үздік оқу орындарының айтулы профессорлары осында білім береді. Әрі халықаралық стандартқа сай, сапалы білім алуға толық мүмкіндік бар» деген пікірде.

Айта кетелік, өткен жылы Семейдегі Назарбаев Зияткерлік мектебінде халықаралық SAT тестілеу орталығы ашылған-ды. Бұған дейін мұндай орталық тек Астана мен Алматы қалаларында ғана болған. Енді Павлодар, Өскемен мен аудандардан келетін оқушылар алысқа ат сабылтпай Семейде тапсыра алады. Бұл жолғы шара алғаш рет өткізілді.

Ал қай салада болмасын шетелде жұмыс істегісі келетіндер SAT емтиханын тапсыруы міндетті. Себебі, Еуропа елдерінде жұмысқа қабылдану үшін халықаралық тестілеудің осы түрінен өту және алған баллдың жоғарылығы талап етіледі.

Қуаныш Шәкенұлы
Мәлімет көзі: Munara.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
16 комментариев
  1. Жаннұр Семейден
    Асқар Жұмаділдаевтай мықты математик болыңдар қыздар
  2. Аида
    Көрген адам танған естен қыздар ак таңбыз Кең далада жайнап өскен ... біз,қазақтың қыздары,қазақтың қыздары Қазақ қыздары аман болсын
  3. Ғазиза
    Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
    Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
    Қыз өссе-елдің көркі-деген сөзді,
    Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

    Намысын бермеу үшін жатқа қолдан,
    Арулар аз болды ма атқа қонған деген ән тура мына алтындай екі қызыма арналғандай боп тұрғаны
  4. Жұбандық Семейден
    Жарайсыңдар қыздар! Бұдан да жоғары нәтижелерге жете беріңдер! Біздің мақтанышымызсыңдар сеендер!!!!
  5. Әсел Юностьтан
    Қай салада болмасын шетелде жұмыс істегісі келетіндер SAT емтиханын тапсыруы міндетті дейді, ал менің тапсырғым келмейді? Не істесем болады, сіздердің ақыл-кеңестеріңіз қажет. Болашақта Нью-Йоркте жұмыс істегім келет
  6. Хихи
    Екі арудың ортасында отқан ана қара негр кім))
  7. 5-гимназия
    Назарбаев мектебінде оқып жүрген оқымыстылар алмағанда оны кім алат, қарапайым мектептің балалары ма енді қызық ииии
  8. Перизат Семейден
    Қыздар, табыстан табысқа жете беріңдер, әлем танитын ұлы математик болыңдар жандарым сол
  9. Айзере
    Асқар Жұмаділдаев: Қазақтың арасында данышпан көп деп дәл айтыпты. Қыздар осы сөздің нақты дәлелі емес па
  10. ЧС
    Отандық математиктердің еңбектері Үкімет тарапынан лайықты бағаланбайды. Сондықтан ғылым саласына бет бұрғандарың көбісі шетелге кетіп қалад қой......
  11. Инабат
    Нобель сыйлығын алуды жазсын сендерге
  12. Әли Өрнектен
    Егер сіз «Коттедж саламын», «Машина мінемін» десеңіз, сізге ғылыммен айналысудың керегі жоқ. Қай жерде, қай кезеңде болмасын, ғылымдағы, өнердегі адамдардың жалақысы төмен болған, бола береді де. Шетелде де солай. Алайда олардың (шетелде) мықты қорлар бар. Ғалымдар сол қорлардың гранттарын ұтып алып, соған мәз болып күн көреді, сатқындар.
  13. Рүстем Ақшоқыдан
    Асқар ағайдың деңгейіне жетсем, өзімді шексіз бақытты санар едім. "Қырсықсам, математика үшін ғана қырсығамын" деп жүре берет қой ол кісі. Негізі менің саясатта немесе басқада шаруам жоқ. Біреулерге пікірім ұнамаса «Ну и что?». Мен қыз емеспін ғой, жұрттың бәріне ұнайтын дей салғым кеп тұрат
  14. Құралай
    Ал математиктерге берілетін Филд сыйлығын алған қазақ математигі бар ма Қазақстанда вапще
  15. Данияр
    Қазақ математиктері әлем математиктерінің алдына «Нагата проблемасы» сияқты есепті неге қоймайды аааааа соны айтындарш
  16. Сырғалым
    Жапондардың басы қатты істейді екен, бұлардың бәрі керемет екен деген көзқарасты жоққа шығарыңдар қыздар көрсін Қазақтай елдің ұландарының да мықтылығын
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде