USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Илья Ильин 2017 жылы қазақ тілінде еркін сөйлеуге уәде берді

 Илья Ильин 2017 жылы қазақ тілінде еркін сөйлеуге уәде бердіЕкі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин қазақ тілін жетік меңгеріп, еркін сөйлегісі келеді. Бұл жайында ауыр атлетші "Казахстанская правда" газетіне берген сұхбатында мәлімдеді.

"Он жылдан соң өзіңізді қалай елестетесіз?" деген сұраққа, Ильин жұмыс істеуін жалғастыратынын айта отырып, "спорттық мансабым аяқталған соң, өз-өзімді тастап жібермеймін", деп жауап берген.
"Әлем мойындаған бір университетті тәмамдасам жақсы болар еді. Жастық шақта ғана болатын асыра сілтеп, мақсат қою деп ойлап қалмаңыз, расында да, спорттық мансабым аяқталған соң мәселен, Оксфордқа түсу ойымда бар", - деп жоспарымен бөлісті атақты атлетші.

"Ол кезге дейін жағдай өзгерер (мүмкін бір емес, екі-үш бала-шағам болар), алайда, осындай бір жоғарғы оқу орнының дипломына қол жеткізгім келеді. Оксфордта алған білімім болашаққа жетелейді деп сенемін. Және кез келген елде жерде қалмайсың", - деді спортшы.
Күнделікті жаттығудан бөлек, Илья Ильин ағылшын тілін үйренуді де күнтізбеге қойыпты.
"Ойлаған мақсатыма жетуде алғашқы қадам жасап та қойдым. Өткен жылы бірнеше ай бойы Лондонда тілдер колледжінде оқыдым. Екіншіден, мемлекеттік тілді толық меңгергім келеді. Түзген жоспарыма сай Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарынан соң, 2017 жылы қазақ тілінде еркін сөйлейтін боламын", - дейді Қазақстандық ауыр атлетші.

Олимпиада чемпионы сонымен қатар, үшінші сыныптан оны чемпиондыққа дайындағандықтан, мектепте тек екі-үш сабаққа қатысқандығын айтқан. Дегенмен, 10-шы сыныбында Илья Әлем чемпионы атанған.

Айта кетейік, спортшы көктемде Қызылорда қаласында Илья Ильин атындағы спорт мектебінің құрылысын бастамақ. Жаттығу бұл мектепте болгар әдісі бойынша жүргізілетін болады. Болашақ атлеттерді даярлайтын мекеме келесі жылы іске қосылады деп күтілуде.

Мәлімет көзі: BAQ.KZ
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
11 комментариев
  1. Еркеш
    Әй, жарайсың Ілияс))
  2. Нұрзат
    Қазақша үйренгенің өзіңше жақсы, сөйлегенің бізге жақсы
  3. Журик
    Қ мен К, Ғ мен Г, Ә - А, Ө- О ажырата алсаң болды еш қиындығы жоқ,2015 ке дин даж үйреніп алуына болат бауырееем
  4. Ауылньюс.кз
    Илиньді қайтесіңдер сорлылар Серік Сәпиевке қазақша үйретіп алсаңдарш алдымен адамның күлкісін келтірмей
  5. Тілек
    Еліміздің мәртебесін асқақтатып, көк байрағымызды желбіретіп жүрген осындай спортшыларымз МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛІМІЗДІ ҮЙРЕНЕМІН ДЕСЕ ОНДА оған қуанбасақ, ренжімейміз, тезірек үйренуіңе тілектеспіз
  6. Жұбандық Семейден
    Жарайсың балам, өркенің өссін! Нағыз азамат екенсің!!!!!
  7. Алмас
    ЭКСПО-2017 ге падаркі жасайын деп жүр екен ғой мына бала)) әйй, маладес
  8. Айбар
    Сөйлесін. Олимпиада чемпионы Серік Сапиевтың қазақшасы аз болса да орысшаға мықты. Ілиясымыз үлгі болсын қатарластарына
  9. Эльдар
    Екі қоянды бірдей атпақша ғой мынау, қазақша- ағылшынша үйреніп ап, Елбасымыздың үштұғырлы тіл саясатын іске асырмақшы ғой тегі
  10. Джерри
    Айбар бауырым орысшасының мықтылығ кімге керек? Қазақша ресейден қайтып келген қазақ сиқты сөйлеп тұрғанда
  11. Меруерт
    Мұның бәрі далбаса. Қырта береді ел өзін ұмытпасын деп айта салған да анда-санда пиар керек спортсмендерге де қазір, үйренбейді қазақ тілін
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде