USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Өскеменде І Петрге ескерткіш қою мәселесі мүлдем қарастырылған емес

Өскеменде І Петрге ескерткіш қою мәселесі мүлдем қарастырылған емес

Бүгін Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облыстық мұрағат және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрболат Ахметжанов журналистермен брифинг өткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Басқосуда Өскемен қаласының 300 жылдық мерейтойына орай, қалада І Петрдің ескерткішін орнату жоспары туралы ақпараттың анық-қанығы жөнінде айтылды.

Мәдениет басқармасы өкілінің мәлімдеуінше, мәселені талқылап, ушықтыруға еш негіз жоқ. Санкт-Петербург пен Өскемен басшылығы арасында ескерткіш орнату туралы ресми келісім болған емес.

- Қоғам өкілдерімен кездесуде облыс басшылығы тарапынан қаланың дамуына сүбелі үлес қосқан тұлғалардың есімін тарихи жадыда мәңгілік сақтаудың құптарлық іс екендігі жайлы айтылған болатын. Осылайша, 2013 жылы облыс орталығында белгілі қоғам қайраткері Н. Протозановтың, еңбек сіңірген металлург әрі «Халық қаһарманы» А. Күленовтің кеуде мүсіндері және атақты жазушы, драматург О. Бөкейдің ескерткіштері орнатылды. Ал орыс императоры І Петрге ескерткіш қою мәселесі мүлдем қарастырылған емес,-дейді Нұрболат Ахметжанов.


Дарын Нұрсапаров
Видео: Серік Әбілхан
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
22 комментария
  1. Айзада
    Орыстарды басқа шығарғанша, әкиматтың мына шешімдері дұрыс болды
  2. АнАнДи
    Жаудың бетін қайтаруларыңмен))
  3. Ауылньюс.кз
    Қуанышты жаңалық. Қабанбайды орнатқан соң, ренжітпей сразу Бөгенбай мен Наурызбай бабамызда да орната салмадыңдар ма? Аруақтары риза болсын деп.........
  4. Нағима Алматыдан
    Александр Протозановтың ескерткішінің көзін құртыңдар енді шамаларың жетсе шала қазақтар, намыстарың қайда орыстың бәріне мүсін қойып атсыңдар, ұялмайсыңдар тарихтан
  5. Айбар
    Алыпқашпа әңгіме екен ғой. Дұрыс болды. Көрші сайттарда, көрші халық пір тұтқан Петрлерін жоқтап жатыр. Көңіл айтайық)))
  6. Оскеменнен
    Ол дегеніміз тарих ғой. Петрге де Лихоревке де ескерткіш орнатсақ дұрыс болар еді.
  7. Дәулет
    Ештеңкеде шаруам жоқ, бірақ, фотадағы Абай атамыздың мүсіні мошный)) ұнады
  8. Ей Оскеменнен
    Тарихта басың қалсын, Петр мен Лихоревке ескерткіш орнатайық дегенің сатқындық
  9. Аида
    Жеңіс құтты болсын жерлестер, барлықтарыңды шын жүректен құттықтаймын
  10. Аида карындасым
    Әлі жеңіске жеткеміз жоқ. Шайқастың басы ғана сияқты. Енді „олар„ арнайы комиссия қарасын деген мақсатта Петрге ескерткіш орнатайық деп ұсыныс жасауы мүмкін. Осының алдын алайық.
  11. Ернат
    Әй, осы ескерткіш орнатқаннан басқа істейтін істерің жоқ па? қыруар қаржыны баяғыда сүйегі қураған адамға Шығын қылудың не керегі бар? Шәкәрімге қойыңдар қойғыш босаңдар
  12. Лаурик Цемпостан
    Оскеменнін орыстары "оттапты"! Петр-І патшага ескерткіш орнатпак ниеттерін Ресейге жолдапты дит сол каншалыкты шын? Шыгыс Казакстаннын билігіне колдау корсетейік! Ескерткіштін орнатылуына жол бермейік! Жетпегені сол еді бізге!
  13. Дамира Риддерден
    Петр \ отарлаушы оңбаған. Қазақ жеріндегі орыстардың отарлаушыларды аңсауы-Қазақстандық ұғымға,Мәңгі Ел -ұлттық рухымызға қарсы әрекет.
  14. Аида
    Астанаға жазса, бұл жақта мақұлбайлар көп қой! Құл-Мұхаммедтің ұлтжандылығы жеңіп кетсін деп тілеңдер мұндайларды
  15. Дастаниус
    Кеше естідік қой орнатылмайтынын, қайдаағы жоқты айтпай тыныш отырыңдар
  16. Қуаныш
    Жергілікті билік солай дегенімен, маселені Астана шешеді
  17. Зарина
    Бул не деген озімбілермендік, а! Жергілікті биліктен аттап кетіп, Ресейге хат жолдайды! Барып тұрған опасыздық!!!
  18. Асылзат
    Олардын жергиликти биликтин шешиминсиз оз бетимен баска елден комек сураганы ушин зан тургыдан мумкин болса ондайларды жазаалау кеерееееккккккк бар ессе
  19. Мағжан
    Петр І ҚАЗАҚқа кім, қандай еңбек сіңірген біздің тарихымызда қалатын. Оданда ҚАЗАҚ деп өліп кеткен Дулат, Мағжан, Қайрат, Әлия секілді аға-апаларымыздың ескерткішін орнатпаймызба? Оян ҚАЗАҚ!
  20. Казах
    Бұл ниеттің артында кім тұр екен
  21. Әйкерім
    Жат жерде бір айелге абайсызда саусагынын ушы тиіп кеткені ушін, бір казак сотталып кете жаздады! Ресейліктердін оздері шеттен келген коконіс, жеміс сатушыларга не корсетпей жатыр! Журттар торін калай сыйлатады, ия! Тыныштык боп турганда тыныш жатпай ма?!!
  22. Жетішатыр
    Жарайсың, Дарын! Петр Ұлы болса да орыстарға, Хақы жоқ төрімізге қоныстауға, Мың жерден шуласа да қойдырмаймыз, Кеудеде найзағайдай намыс барда, Және де тиіспесін Қабанбайға, Қазақ үшін қан мен тер төгісті ол да, Шамданса әруағы Дарабоздың, Орысқа әзір о дүниеге жол ұшқанға, Тәубе деп тыныш жесін пеш түбінде, Тартып ап саласымен борщты алға!
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде