USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

«Қазақстан» мәдени-тарихи кешені Өскемен қаласының құндылықтарының бірі

«Қазақстан» мәдени-тарихи кешені Өскемен қаласының құндылықтарының бірі

Кейбір БАҚ Өскемендегі Ботпай тауында орналасқан «Қазақстан» кешеніндегі Туды жаңартуға мемлекет қазынасынан қыруар қаржы жұмсалғаны жайлы мәселе көтерілген-ді. Мемлекеттік Ту ауа райының әсерінен ескіріп, тозғандықтан бірнеше мәрте ауыстырылған. 2013 жылы алынған тудың 3 данасы түгелдей зақымдалып, қосымша тағы 3 данасын алуға тура келді.

Аблакетка тауы төріндегі мемлекеттік нышандар кешені 2009 жылы қала әкімдігінің бастамасымен өскемендіктердің абройын асқақтатып, патриоттық тәлім-тәрбие беру мақсатында ашылды. Дәл осындай нысан ел ордасы Астанада ғана бар.

Ерекше кешенді әу бастан-ақ есімдерін атағысы келмеген екі ірі компания туған жеріге тағзым ете отырып, қала халқына тарту етті. Қаладан 266 метр биіктікке «Қазақстан» деген алып жазуы орналастырылды. Жанына ту тігілді. Ұзындығы 24, ені 12 метр болатын, политекс матасынан жасалған жалауды Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мемлекеттік тапсырыс заңы аясында байқау жариялай отырып, ҚР жалауы мен басқа да рәміздерін жасауға мемлекеттік лицензиясы бар Алматы қаласындағы «Алматыоформление» АҚ-нан сатып алған. Әр тудың бекітілген сатылым бағасы 1 150 000 теңге.

Шың басына 2011 жылы жылы ашық аспан астындағы театр да салынды. Осы жерде мемлекеттік рәміздер күні және басқа да мемлекеттік маңызы бар ауқымды шаралар өткізіліп жүр.

2012 жылы 1500 оқушының қатысуымен өткен мемлекеттік рәміздеріміздің 20 жылдық мерейтойына орай Қазақстан тарихы мен қала тарихында айрықша орын алған оқиғалар тізімі тасқа, темірге қашалып жазылды. Үздік жобалар шың басына көтерілетін баспалдақтың бойына хронологиялық ретімен қойылды. Енді мұнда келген адам ел тарихында ерекше орыны бар Семей ядролық сынақ полигонының жабылуы, Қазақстанның тұңғыш ғарышкерінің көкке самғауы, Ұлттық валютаның айналымға шыққан күні, ал қала тарихынан «Жеңіс» мемориалдық кешенінің ашылуы, қазақтың данасы Абай ескерткішінің қойылуы және тағы басқа көптеген тарихи күндерді еске түсіріп, мағлұмат ала алады.

«Қазақстан» кешеніне келетін адамдар қарасы күн санап артып келеді. Саяхатшылар мен қала қонақтарын құшақ жайып қарсы алатын ерекше нысан сөзсіз өскемендіктердің мақтанышына айналып отыр.

Мәлімет көзі: ШҚО Ақпараттық орталығы
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
10 комментариев
  1. УКА
    Таудағы ту жыртылып та қалады
  2. ВГПЛТД
    Туға қанша ақша жұмсасада артықтық етпейді
  3. Асылзат
    «Қазақстан» тауына келетіндер көп. Тауға шықсаң қаламыз кіп-кішкентай болып көрініп тұрады, таудағы көрініс тамаша
  4. Самиға
    Таудың Ботпай деген атауын жастарымыз білмейді де, олар Қазақстан деп атап кеткен. Қайда барасың десе Қазақстан тауына деп айтып жатады
  5. Шахеризат
    мынау тура Астанадағының көшірмесі қолдарынан келсе басқа нәрсе салмадыңдар ма көшіре бергенше
  6. Тұрар
    7 миллион қаржы кетті деп естіп ем. Сол рас па
  7. Эльвира
    Байрағымыз жауын-шашынның астында, желдің өтінде тұрғандықтан оны жиі ауыстыруға тура келетіні белгілі канешна.
  8. Казах
    Туымыздың жаңарып тұрғаны жақсы а то кейде мемлекеттік ғимараттарда ілініп тұрған көк байрағымыздың сарғайып кететіні тағы бар. Сондықтан 3 рет емес, 12 рет жаңарып тұрсада қарсы емеспіз
  9. Хихихихихихи
    Есеп беру жиналысына түсіп кеттім бе де қоям))))))))) хихихи
  10. Гүлнара
    2012 жылы 1500 оқушының қатысуымен өткен мемлекеттік рәміздеріміздің 20 жылдық мерейтойына орай Қазақстан тарихы мен қала тарихында айрықша орын алған оқиғалар тізімі тасқа, темірге қашалып жазылды дей ма? Ол қай жерде?
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде