USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Қаңтардың ортасында Қалғұты өзені тасып, шаруалар қауіпсіз жерлерге көшіп жатыр

Қаңтардың  ортасында  Қалғұты өзені тасып, шаруалар қауіпсіз жерлерге көшіп жатыр

ШҚО, Күршім ауданындағы Қалғұты өзені қыстың ортасында арнасынан асып, бірнеше шаруа қожалығы су құрсауында қалды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өзен Ақши ауылынан екі шақырым қашықтықта арнасынан асып, жағаға жайылып кеткен. Сол маңдағы үш шаруа қожалығы, бірнеше тұрғын үй мен қора-қопсы қыстың ортасында ойламаған жерден тасыған судан зардап шегіп отыр. Аталған қожалықтардың иелігінде 1300 ден астам қой, 425 бас ірі қара бар. Қазір шаруалар малдарын Ақши ауылына айдап апарып, жергілікті тұрғындарының қораларына орналастыруға мәжбүр болып отыр.

- Ауыл әкімдігінің мәлімдеуінше, өзеннің тасуы өткен жылы Ақши ауылын судан сақтандыру мақсатында Қалғұты өзенінің арнасын бұру жұмыстары салдарынан болып отыр,-деп хабарлайды ШҚО ТЖД.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: күршім ауданы
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
15 комментариев
  1. Алмас
    Бұл жағдайдың алдын неге ертерек алмаған? Ылғи да осылай су басып кеткен соң тіріледі екен осылар
  2. ИНДИРА
    Малды қойш, әйтеу адамдары аман ба екен десеңші
  3. Ауылньюс.кз
    Ауылдың әкімдері базар жоқ жақсы жұмыс істейт))
  4. Географ
    Қалғұтты негізі – Зайсан алабындағы өзен ғой. Күршім ауданының жерімен ағады. Ұзындығы 62 км, су жиналатын алабы 652 км². Бастауын Күршім жотасындағы Салқыншоқы тауының етегінен алып, Қарақұдық қыстауына 8 км жетпей жерге сіңіп кетеді. Жоғарғы арнасы шатқалды, орта ағысы сайлы-жыралы, қырқалы-төбелі жерлермен ағады. Қаратоғай ауылынан төменде арнасы кеңейіп, жайылма пайда болады. Ақши аулына дейінгі арнасында жыл бойы су болады. Қар, жауын-шашын суларымен толығатын бұл тентек өзен тез арада қалпына келіп, ел-жұртқа зиянын тигізбесін деп тілейік
  5. Ғалия Семейден
    Аңғары мал жайылымына қолайлы деуші еді. Енді мына жерде айтылып отырған малдан да көп қырылған шығар мал басы, ол жақта ірі қара мен қойды бағып, күнін көріп жатқан жандар көп деп естуші едім, обал-айййййй
  6. Айнаш Риддерден
    Айтпақшы, Қалғұттының жалпы ұзындығы 45 км болатын 15 саласы бар өзен емес пе? Енді қыс мезгілінде осындай үлкен өзендер тасымағанда платиналар тасит дейсіңдер ме
  7. Батырхан
    Ауылды түгелімен шайып кетіп па екен? Әлде, жай топан су ма ауылдың ішіне кіріп кеткен?
  8. Тақыр
    Қалғұттылықтардың жағдайы тым қиын екен. Тезірек, шаруалары қалып келсін, мал-жандары аман болсын! Ешқай ауыл бұндай жағдайға тап болмасын
  9. АнАнДи Қалжырдан
    Өзеннің ағысы қатты сияқты ғой. Дереу бұл өзендерді тасытпайтындай жөндеу жұмыстарын жүргізіп, арнасында ұстаудың амалын табу қажет, былай бәрі таси беретін болса, онда жағдайымыз не болмақ????
  10. Айшуақ
    Қыстың кезінде тасығаны қиын болыпты. Бірақ, ештеңе етпейді, алдын алу шараларын жасамаған өздерінен көрсін
  11. Мен
    өзеннің тасуы өткен жылы Ақши ауылын судан сақтандыру мақсатында Қалғұты өзенінің арнасын бұру жұмыстарының салдарынан болып отыр дейді ғой, меніңше олар өздерін ақтау үшін айтып отырған секілді
  12. Жагдишия
    Мынау сендердің араласатын шаруаларың емес, бұл геоэкологиялық мәселе
  13. Санжар мен Қайсар
    Ақшиліктердің жағдайы бір оңып тұрғандай, онда малдарын апарғандары несі
  14. Балжан
    Төтенше жағдайлар нестеп жатыр екен? мені сол қызықтырады!
  15. арай
    Күршімдіктер өте жай жұмыс атқарады. Әкімнің жұмыс атқарып жүргені шамалы.
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде