USD 314.4
EUR 343.83
RUB 5.51
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Иранда 60 жыл бойы жуынбаған адам бар екен

Иранда 60 жыл бойы жуынбаған адам бар екен

Иранның Фарс провинциясындағы Дежга ауылының 80 жастағы тұрғыны, соңғы 60 жыл көлемінде мүлдем жуынбапты. Оның ойынша тазалық адамға ауру әкеледі екен, деп жазады Tengrinews.kz сайты.

Жас кезінде өмірдің ащы-тұщысын көп көріп, тағдыр тәлкегіне ұшыраған Аму Хаджи елден саяқ ғұмыр кешеді. Ол уақытының көп бөлігін өзі қазып алған жер кепеде, немесе маңайындағы адамдар кірпіштен тұрғызып берген шағын лашықта өткізетін көрінеді.

Өлген жан-жануарлар мен құстардың етін отқа қақтап жеп күнелтіп жүрген диуана, таза су ішуді де ұмытқалы қашан. Оның өмірдегі бар қызығы су құбырынан жасалған трубка арқылы будақтатып кептірілген қи тарту.

Иранда 60 жыл бойы жуынбаған адам бар екен

Киімі алба-жұлба Аму Хаджи, қыста тоңбас үшін басына әскери каска киіп жүреді екен. Анда-санда автомобиль айнасына қарап шашын түзетіп қоятын көрінеді. Сақал-мұрты өсіп, шашы ұзарып бара жатса қайшы іздеп әуре болмайды, күйдіріп өрттей салады.

Жергілікті тұрғындар оны ұстап алып бірнеше мәрте жуындырмақшы болған екен. Алайда ол, су атаулыдан ат-тонын ала қашқан. Жартылай жабайы адамға айналып кеткен ирандық, таза тамақ пен таза судан да бас тартыпты.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
22 комментария
  1. Мадияр
    Мадес брат))
  2. асем
    Қалай биттемейді аромат.
  3. Сәмиға
    Мынау жынды ма өзі? Қалай алпыс жыл бойы жуынбауға болады? Аптасына бір рет моншаға түспесек жүре алмаймыз
  4. Дариға
    Ароматы былай тұрсын, қалай өмір сүріп десеңші) неше түрлі адам болад екен ғой))
  5. Замира
    Қыста тоңбас үшін басына әскери каска киіп нең бар, оданда дұрыстап жуынбайсыңба моншаға барып
  6. Ауылньюс.кз
    Өлген жан-жануарлар мен құстардың етін отқа қақтап қалай жеп жүрсің, жиіркнішті ессе, есің барда үйіңді тауып, қайтадан адам қалпыңа орал мақұлық
  7. ))
    Дайын моншаға түспей жүрген сен бір қызық екенсің. Расыменде, сенің есің ауысып кеткен шығар, мынаны тошны емдету керек психиатрға апарып
  8. Айзере
    Сақал-мұрты өртенгенге ұқсап тұрған жоқ. Мынау сақалына қолында тигізіп көрмеген ғой сосын айдалада қайдағы дайын тұрған сіріңке мынаған
  9. Едіге Шугаевадан
    Таза тамақ, таза су ішпей, вапще жуынбай жүрген Дежга ауылының тұрғыны Аму Хаджидің денсаулығы денсаулық екен))
  10. Эльвира
    ФФФФФФФФууууууууууу мынандай жерде қалай өмір сүруге болад түсінбеймін осы қаңғыбастарды
  11. Әйкерім
    Кірпіштен тұрғызып берген лашықтары не болады, неге сразк үй салып бере салмаған, мүмкін сонда мына бейшара адам болып кетер ме еді
  12. Заңғар
    Джунглиде өмір сүруге жарап тұрған азамат)))
  13. Еркебұлан
    Брава Аму Хаджи Тағы бір 60 жаса!
  14. Жайна
    Таң қалып тұрмын, расында да осындай адам бар екен ау ия... 1 апта былай тұрсын, 1 күн су болмаса шыдай алмаймын мен.
  15. Акбаршын
    Мүмкін ода фобия, ол туралы білмесеңдер сыртынан әңгіме етудің қажеті жоқ))) Не нәрсенің болсын өзіндік себебі бар.
  16. Берік
    Ойпырмай, адамға адам ұқсайды деген рас екен. Тура меннің группаласыма ұқсайды екен.
  17. Гауһар
    Әлемде де қаншама түсініксіз адам бар екен-ау, я. Бұл Иран халқынын азаматы өте ұсқынсыз екен. Не көп су көп емес пе, бұлай судан қашып журген адамды бірінші рет көруім. Сонда бұл адамның отбасы жоқ па?
  18. катя
    Өте жиіркенішті десеңдерші.
  19. лизка
    Ужс, түрін қараш бомж ғой.
  20. қанат
    Бейшараға сабын шақ келмес, ә.
  21. Талша
    Мұндайда болады екен!
  22. Аряна
    Мумкин кудай тагдырына солай жазып берген болар ким билсин
Көп оқылған
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде