USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Қазақстан Президентінің жолдауы жөнінде - қысқа және нұсқа

Қазақстан Президентінің жолдауы жөнінде - қысқа және нұсқа

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада ҚР Парламенті қос палатасының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын арнады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Биылғы Жолдаудың басты 10 ерекшелігіне тоқтала кетсек.

Бірінші рет Қазақстан Президентінің халыққа Жолдауы Тәуелсіздік сарайында жарияланды. Бұған дейін мемлекеттің бір жылдық бағытын айқындайтын құжатты Мемлекет басшысы Парламент ғимаратында жариялап келді.

Көпшілік Жолдаудың мәтінімен танысу үшін іздейді. Сондықтан болар «Қазақстан Президентінің Жолдауы» сұрауы бойынша Интернеттегі іздеу жүйелері үш тілде 20 миллионнан астам сілтеме ұсынады.

Жалпы әлемдегі көптеген елдің басшылары жыл сайын атқарылар жұмыстар туралы бағытты айқындайтын құжатты немесе тұрғындарға жолдауын жыл сайын жария етеді. Солардың ішінде тек Қазақстан Президенті Жолдауын 2 тілде жариялайтын жалғыз мемлекет басшысы. Бұл үшінші ерекшелік.

Төртінші тұста биылғы Жолдауда 2014 жылы Үкімет пен мемлекеттік органдарға 15 нақты тапсырма берілетіндігін айтуға болады.

Бұдан кейінгісі биылғы Жолдау Президенттің стратегиялық Жолдауын қоса есептегенде, 1997 жылдан бері жарияланған 18-ші Жолдау.

Алтыншы - Президент Жолдауында 80-нен астам инновациялық идея ұсынылды.

Жетінші Жолдау тақырыбына арналған толыққанды портал жұмыс істейді. Бұл 2013 жылдан бастап қолға алынған www.strategy2050.kzсайты.

8. Сөздер бойынша қарастырсақ, «Қазақстан» және «қазақстандықтар», «инновациялар және инновациялық» сөздері Жолдауда 50-ден астам рет айтылған.

9. «Экономика» сөзі Жолдауда 17 рет, «білім» 8, «әлеуметтік» сөзі 10 мәрте атап өтілген. «Сапа» және «сапалы» сөздері құжатта он шақты рет, «құру» және «құрылу» сөздері 20-дан астам рет қайталанған.

10. Президент Жолдауы 3 842 сөзден тұрады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
10 комментариев
  1. Ұлжан
    «Сапа» және «сапалы» деген сөздер құрылыспен құрылысшыларға айтылған сөз ғой
  2. Айша
    Елбасының арқасында осы күнге жетіп отырмыз. Президенттің қажырлы еңбегінің арқасында жақсы өмір сүріп жатырмыз
  3. Сапар
    3 842 сөз ғана болғаны жақсы, айтпесе, көп сөзден құлағың ауырады.
  4. Арайлым
    Елбасымыз жасасын! Сол кісінің арқасында әлі талай жетістіктерге жетеміз!
  5. Аида
    «Білім» сөзі сегіз рет қана айтылса, онда білім жағынан еш проблема жоқ деген сөз бе елімізде,қалай ұғуыма болады))
  6. Марфуға
    Жыл сайынғы жолдаудың әртүрлі өзіндік ерекшеліктері бар ессе, әлде осы жолғының жөні бөлек пе сіздер үшін. Жауап күтемін
  7. Жаңылайййй
    Салу деген сөзді ұмытып кетіпті. Мысалға, жол салу, үй салу, Самардан Күршімге өтетін көпір салу дегендей))
  8. Кәусәр Ерғалиева
    «Қазақстан» және «қазақстандықтар» сосын "Отандастар" деген сөздер жиі айтылады. Кім байқады осыны? Бұл сөздері арқылы Елбасымыз халқын қаншалықты жақсы көретінін көрсете түскендей болып көрінеді
  9. Назира Семейден
    Елбасымыз жолдауында 2014 жылға Үкімет пен мемлекеттік органдарға 15 нақты тапсырма берді дейді. Нақтырақ айтсаңыздар осы туралы жақсы болар еді, жолдауды тыңдауға үлгермей қалып едім
  10. Мәлік Н.
    Президентіміз Жолдауын 2 тілде жариялайтын жалғыз мемлекет басшысы. Бұл үшінші ерекшелік деп жатыр ғой. Құдай бұйырса, әәліііііііі ағылшынша да айтатын болады жыл сайынғы жолдауды. Сол кезде бұл ешқандай ерекшелік емес, тек таңғажайып оқиға деп санайтын шығарсыңдар
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде