USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Қала ішінде темір емес тұлпар ұрлау оқиғасы тіркелді

Қала ішінде темір емес тұлпар ұрлау оқиғасы тіркелдіЖуықта Риддер қаласының полиция бөлімшесіне ауладан көлік ұрланғаны туралы кезекті өтініш түсті, бұл жолғы көлік - темір емес, кәдімгі аулада қаңтарылып тұрған ат-шана.

Ішімдікке тойып алған жігіттің таксиге ақшасы болмаған. Жер үйлердің бірінің ауласындағы орыс шанасына жегілген жарау атты көрген ол, еш ойланбастан шанаға жантая кетіп «шүу» деген сияқты. Жайлы ат-шанамен жетер жеріне жетіп алған жолаушы, қараңғылық қоюланған соң шанаға жегілген жануарды қалаған жағына қоя берген. Экологиялық таза көлігінен тапа-тал түсте көз жазып қалған ат-шана иесі болса бірден жол-патрульдік полициясына темір емес тұлпарының ұрланғаны туралы өтініш түсіріп, оның ішіне ұрланған мүлікті 250 000 теңгеге бағалайтынын да жазыпты.

Аталған оқиғаға байланысты қазір қылмыстық іс қозғалып, айыпталушыға пәтер тонаушылар мен ұсақ ұрылық жасаған қалмыскерлерге қолданылатын бап бойынша іс жүргізіліп жатыр.

Дарын Нұрсапаров
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
10 комментариев
  1. ЖТ
    Қалада ат-шана не іздеп жүр? Елдің бәрі темір тұлпармен жүргенде
  2. Фариза
    Таксиге ақшасы жетпей жүрген бейшара араққа ақшаны қайдан тауып алады?
  3. Ауылньюс.кз
    Ат-шананың ұрлануының жол полициясына қандай қатысы бар? Неге ІІД-не хабарламаған?
  4. Қуаныш Катоннан
    Қазір жылқының бағасы 250 000 теңге деп кім айтты? Ондай баға жоқ, елдің бәрі 170 пен 240 тың арасында ғана сатып жатыр ессе или мына жоғалған жылқының иесінің аты ахалтеке ме екен))
  5. Дамир М.
    Бұл Риддерде бірінші рет тіркелген факті емес. Бұндай оқиғалар жиі орын алып тұрады. Осыны жолполдарға айтпай-ақ, жігіт болса күнделікті мініске қолданып жүрген жылқысын өзі неге іздеп тауып алмаған?
  6. Аяз би
    Мааааа, сұмдық жағдай ғой. Ең бастысы, ана ішіп алған жігіт аман-есен. Үсіп қалмай, үйіне жеткені жақсы бопты ше
  7. Жылқыбай
    Айыпталушы жігітті соттап жіберді ме??? Әлде, ұрлап кеткен жылқының құнын төлеп құтылады ма?????????
  8. Балжан
    Бұндай ұрлықшыларды соттау керек 5-10 жылдап әйтпесе көзіне көрінген заттарды алып кете берсе түк қалмайды
  9. УКА
    Қытайдағы сияқты саусақтарын шауып тастаңдар, сонда келесі жолы ештеме ұрламайт
  10. Ерееке
    Саған неме қазақтың шанасы табылмады ма? Орыстардың шанасында нең бар
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде