USD 314.83
EUR 341.87
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Енді халықаралық келісімдер қазақ тілінде жасалатын болады

Енді халықаралық келісімдер қазақ тілінде жасалатын болады

ҚР Парламенті Сенатының бүгінгі пленарлық отырысында өзге елдермен мемлекеттік тілде екіжақты келісім жасау тұжырымын түзетуге байланысты «Қазақстан Республикасының халықаралық келісімшарттар жөніндегі ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Aynaline.kz порталы халықаралық КазТАГ ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Парламент мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің тұжырымдамасында: «ҚР мемлекеттік тіл және өзге тілдер туралы келісімге екіжақты халықаралық келісім тұжырымдамасын қарау барысында «ҚР Халықаралық келісімшарттар туралы» және «ҚР Тілдер туралы» Заңдарға өзгеріс енгізілді» деп көрсетілген.

Осылайша, халықаралық келісімшарттар жасауды жоспарлау жүйесін енгізу көзделуде. Сондай-ақ «ҚР халықаралық келісімшарттар туралы» заңда ҚР ұлттық мүддесіне сай келмейтін, ұлттық қауіпсіздікке зиянын тигізетін немесе ҚР тәуелсіздігін жоғалтуға әкелетін халықаралық келісімшарттарды бекітуге жол бермейтін нормаларды бекіту жоспарлануда.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: қазақ тілі
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
6 комментариев
  1. Айзере
    Шыныменде қазақша жүргізбекші ме? Баяғыдан осылай ету керек еді, басқа тілде сайрап шетелдіктердің алдында ұятқа қалғанша
  2. Гүлмира
    Өз тілімізде жүргізілетіні жақсы болды ғой, мына жаңалықты оқып бір қуанып қалдым, өзгенің тілінде сөйлеп құл болғанша ана тілімізде сөйлегеніміз миллиард есе артық, бағалы болады
  3. Ойбай
    Недейд эй, сеніп қалдым осыған. Уа-ха-ха
  4. Мұрат
    Әшиін жәй сөз ғой бұл
  5. Айша
    Телевизордан әлі айтқан жоқ қой заңға өзгеріс енгізгені туралы)))
  6. Баке
    Ойййбуууууууйййййй біздер қашаннан бері орыс тілінен азат бола бастағанбыз, еріккеннің әңгімесін айтып оттай береді екен осылар бұндай заң шығу үшін әлі 300 жыл күтесіңде қазақтар
Біз әлеуметтік желілерде