USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Өскемендегі Виноградов пен Д.Серікбаев көшелерінің қиылысына бағдаршам орнатылуы мүмкін

Өскемендегі Виноградов пен Д.Серікбаев көшелерінің қиылысына бағдаршам орнатылуы мүмкін

Өскемендегі Виноградов пен Д.Серікбаев көшелерінің қиылысындағы жол шеңберіне бағдаршам орнатылуы мүмкін. ІІД қызметкерлері қалалық әкімдіктің қарауында осындай ұсыныс жіберген, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Таңертең және кешкі уақыттарда жол шеңберіне қосылар тұста ұзаққа созылатын көлік кептелістері орын алады. ІІД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше жауапты орындар аталған мәселені бағдаршам орнату арқылы шешкелі отыр. Қазір қалалық әкімдікке жобалық-сметалық құжаттарды дайындау жөніндегі ұсыныс жіберіліп қойған. Бағдаршамның орнатылуы немесе орнатылмауы қала бюджетінің мүмкіндігіне байланысты болмақ.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: бағдаршам
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
13 комментариев
  1. Заңғар
    Ол орнатылады дегелі қай заман әлі орнатқалы жатыр ма
  2. Еркежан
    Бағдаршамды орнатса жақсы болар еді, әйтпесе сабақтан кеш шығамыз еще үйімізге кеш жетеміз осы кептелістің кесірінен. Ал, кешкі 6 дан соң бұл арада ылғи кептеліс болып тұрады, студенттің жағдайын түсінетін шығарсыздар енді......
  3. Қымбат
    Неше бағдаршам қоймақшы екен?
  4. Дана
    Бағдаршамның орнатылуы немесе орнатылмауы қала бюджетінің мүмкіндігіне байланысты болса онда тез арада орнатылады деей алмаймын, 2015 тің үлесінде бәрі
  5. Альбина
    Сол бағдаршамның кімге керегі бар и? Пешеход болса болды ессе, оданда қала бюджетінен бөлінетін қаражатты жетімдер үйіне берсеңдерш
  6. Аяулым
    Бағдаршам орнатса нұр үстіне нұр болады. Себебі, кейбір жынды жүргізушілердің кесірінен талай адам зардап шегіп жүр. Көлік жургизе алмайтын кейбиреу кейде өзіңді жаяу жургиншилер жолынан отип бара жатканда кагып кете жаздайды. Егер бағдаршам орнатсақ тәртіп орнайды жолда
  7. Аманжол
    Мүмкін деген жоқ дегенді білдіреді так што үміттеріңді үзіңдер ееейййййййй
  8. Нұрасыл
    Естуімше бағдаршамды ақпан айынның 15-іне дейінгі мерзімде орнатады дейді. Бағдаршамды Ровесник жаққа да орнатады дид қой білгіштер
  9. Диляра
    Жобалық-сметалық құжаттарды дайындаудың жұмысы жетіп артылады. Сондықтан мамырға дейін сендерге никакой бағдаршам жоқ
  10. Водила
    Ей мүміндееер! ол жерге светафордың мүлдем қажеті жоқ. Көресіндер ертен, пропканың көкесі светафор орнатқанда болады. Қазір час-пик кезінде ғана пропка болады ол жерде, басқа кезде норм. Қооййймаңдаааррр!!!
  11. приора
    Иә ол жерге қажет емес. Бірақ қоямыз десе қоя берсін бір минут тоқтай саламыз
  12. Жолдыбек
    Бір минут емес, бир минут қырық секунд тоқтайтын боласың әлі приора))
  13. Дейін
    Жолдың үстімен өтетін көпір керек ол жерге
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде