USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Ауылда ашылған амбулаторияда 14 дәрігер қызмет етеді

Ауылда ашылған амбулаторияда 14 дәрігер қызмет етеді

ШҚО Үржар ауданы Бестерек ауылында жаңа отбасылық дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Нысанның құрылысы 2013 жылы мамыр айында басталып, қараша айында аяқталған. Жұмсалған қаражат көлемі 142,7 млн теңге.

Халқы жыл санап өсіп келе жатқан ауданның Бестерек ауылдық округінде 2 мың 924 тұрғын бар. Олар бұл күнге дейін аудан орталығына барып ем қабылдайтын. Енді ауылдық округ жұртшылығы орталық емханаға қаралатын болды. Бұл әсіресе Қазымбет, Ер Қабанбай ауылы тұрғындары үшін тиімді.

Нысанның ашылуы аудандық денсаулық сақтау саласына оң ықпалын тигізіп қана қойған жоқ. Сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді. Ауыл жастарының білім алып, туған жеріне оралуына да жол ашты.

Толық жарақталған 17 ем-шара кабинетінде 14 дәрігер қызмет көрсетеді. Олардың 1-еуі жалпы практика дәрігері, 7 медбике, 6 орташа медициналық қызметші. Айта кету керек, аталмыш медициналық мекеменің дәрігері Сергиенко Марина Николаевна Семейдегі медициналық академияда білім алған. Мемлекеттік «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында кәсіби жолын ауылдан бастау үшін жолдамамен осында келген екен.

Мәлімет көзі: ШҚО ақпарат орталығы
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
12 комментариев
  1. Айғаным Силикаттан
    Семей медициналық университетінен оқыған жастар білімді. Еңбектері жансын! Осы ауылда халықтың денсаулығының мықты болуы үшін аянбай тер төгетініне кәміл сенемін
  2. Еркеш
    Халыққа жақсы болды аудан орталығына қарай ауырғаенда шапқыламайтын болды
  3. Мұхтар
    14 дәрігерден басқа пол жуатындар мен аула сыпырушыларде бар шығар, неге солардың бәрін қосып айтпаған? Оларда еңбектеніп жатыр ессе сол жерде халық үшін
  4. Зере
    Бестерек ауылында жаңа отбасылық дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілгені жақсы бастама екен. Болашақта менің ауылым Ер Қабанбайда да ашылатын шығар осындай амбулатория
  5. Айпара
    Ауылдағы медпунктте или аудандағы больницада істейтін дәрігерлердің жалақысы қанша екен? Мен Семей Медициналық университеінде оқымын 1-курста. Егер ауылда жұмыс істейтін ақ халатты жандардың зарплатасы көп болса онда сол жаққа барып туған ауылымда жұмыс істегім келед
  6. Алина 4-курс
    «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылға жұмыс істеуге бару үшін кезекке тұрасың ба или өзің бара беру бола ма? Білетін біреу болса айтсынш маған жарай ма
  7. Кенен
    ОООООООООО жақсы хабар екен. Гүлденсе ауыл гүлденеміз бәріміз. Осының бәріне мемлекеттің дұрыс қаражат бөлуі арқылы қол жеткізіп отырмыз. Ауылдарға осылай көңіл бөліп қойса, бізде риза болып қаламыз ғой сөздің шынын айту керек
  8. Айару
    Бұл медпунк пе или кәдімгі больница қылып ашқан ба?
  9. Кукук
    Ауылға барып спокойна ауыруға болады екен ғой енді))
  10. Үржар
    Жас дәрігер қыздар бар ма екен, бар болса қазыр ауруханаға түсуге дайынмын
  11. Ауылбай
    Ертен сол мамандарың кетіп қалады бәрібір. Ауылда жастарға болашақ жоқ. Ол жақта не бітіремз
  12. Ауылньюс.кз
    Еууу, Ауылбай мал бағасың, трактір айдайсың, жұмыс жетед так штооо))))))
Біз әлеуметтік желілерде