USD 314.4
EUR 343.83
RUB 5.51
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Қытай компаниясы Үржарға шағын ГЭС салмақшы

Қытай компаниясы Үржарға шағын ГЭС салмақшы

Шығыс Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы суармалы жерлердің көлемін ұлғайтуға Қытай компаниялары жұмылдырылуы мүмкін.

Үржар ауданының Қоңыршәулі ауылдық округіне қарасты Қарақол су қоймасында шағын ГЭС салу мақсатында Қытайдың NYDROCHINA CORPORATION компаниясымен келіссөздер жүргізілуде.
Қазір аталмыш нысанның жобалық-сметалық құжаттары жасалып, сараптамаға жіберілді. Қарақол өзені бойында су қоймасы салынса, тағы 10 мың гектардай суармалы жер пайдалануға беріледі.

Бұл жоба облыстағы баламалы қуат көзін пайдалану жөніндегі жұмыстардың бір бағыты. Бұдан басқа аймақта судан, желден, күннен қуат алу мақсатында 12 компаниямен жұмыс жасалуда.
Айта кету керек, қазіргі таңда ШҚО бірқатар энергия өндіру көздері болғанымен, экономиканың қарқынды дамуына байланысты қуат тапшылығы 2 млрд. кВат/сағатты құрап отыр.

Мәлімет көзі: ШҚО Ақпарат орталығы
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
9 комментариев
  1. Кәсіпкер
    Қарақол су қоймасында шағын ГЭС салынатын болса, қанша адам жұмыспен қамтылады? Бұл ГЭС-ті суармалы егістікке жіберу үшін салғалы жатыр ма сонда
  2. Еркебұлан Үржардан
    ГЭС-ті салған соң ел игілігіне қолданатын боламыз. Экономиканың қарқынды түрде дамытып қуат тапшылығы болашақта жоямыз. Осы арқылы суармалы егістік көлемін ұлғайтуға септігімізді тигіземіз
  3. Медеу
    Қазақтың өзінің компониялары қайда жүр? Неге солар салмайды, қытайларға салдырғанша. Әйтеуір, қазақ десең өзіңе тиеді
  4. Жазира 343-тен
    Баламалы қуат көзін ойлап тауып жатқан жас ғалымдар ғой, сол ғалымдардың жұмыстарын бір бағытқа қою керек,меніңше. ЭКСПО-2017 күннен балама электр қуатын алатын қондырғы ойлап табу үшін ғалымдар еңбектеніп жатыр ғой. Сол сияқты осындай ГЭС-тің жобасын жасап жатқан ғалымдар жетерлік. Соған тек қана инвестиция құятын азаматтар керек
  5. Дастаниус
    ГЭС салынса жұмысымыз біраз жеңілдер еді. Бау-бақшаны суарғанға жақсы болды, тезірек келісімшартқа отырып, ГЭС салу жұмыстары басталып кетсе екен
  6. Қуаныш
    Қарақол өзені бойында су қоймасы салынса, сосын 10 мың гектардай суармалы жер пайдалануға берілсе, демек қосымша ауылшаруашылық техникалары да берілетін шығар. Ауылға трактор, комбайн деген сияқты техникалар қажет-ақ
  7. Рамазан
    ГЭС-ті салуын салармыз-ау халайық, бірақ ертең көктем шыққанда су таситын болса қайтпекпіз, соны ойландыңдар ма?
  8. Амангелді
    Ауылға жаңа техникалар келсе жақсы, онда жұмысымыздың алға басатыны хақ. Әйтпесе ана ескі-құсқы трактір мен кәмбәйнді жөндейміз деп үсті-басымыз салярка, одан қалса май-май болып қалат. Мына ГЭС-сі осы жазда іске қосылса екен
  9. Пәтуа
    Үржардың маңайына соя мен рапс егіліп жатыр. Оны егіп жатқандар кімдер? Қытайлар. Жайлымның бәрі 50 жылдарда тың игергендей жыртылып жатыр. Не үшін? соя мен рапс үшін. Ол соя қайда кетеді? қытайға. Ол жерде кімдер жұмыс істейді? Қалың қара қытай. Неге аусылдан қайта қайта мал қырылады? Халық үшін малды базарға сатқаннан өтемақысын алған әлдеқайда пайдалы болып тұр. Ал мал қырылса жайылым босайды, жайылым босаса соя егіледі. Оны суару үшін платина салынады, ГЭС екінші пландағы әңгіме сияқты
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде