USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Мәдина Сәдуақасоваға сақина салынды ма?

Мәдина Сәдуақасоваға сақина салынды  ма?

Негізінен сырлы сезім турасында сыр шертетін әндерді орындаушы Мәдина Сәдуақасова туралы «тұрмысқа шығыпты» деген ақпар соңғы бірер күнде ғаламтор бетінде кеңінен талқыланып жатыр. Алайда, оның өміріндегі осынау өзгерісті көпшілігі болжаммен, жұрттан естігеніне сүйеніп қана білдіріп әлек. Шын мәнінде, ол тұрмыс құрды ма? Біз осы жайтты білу үшін әншінің өзіне хабарласқанбыз.

Өнер иесіне телефон шалғанымызда, тұтқаны оның көмекшісімін деп таныстырған Азамат есімді жігіт көтерді. Мәдинаны қазіргі таңда өзі де таба алмай жүргенін жеткізген ол, оның «ұзатылғаны» турасында әлдебір мәлімет таратудан бас тартты. Сондай-ақ сахна саңлағының өзі бұл турасында БАҚ өкілдерінің ешқайсысына жақ ашпағанын, оның жеке өмірі турасында осылай хабар таратылуының құптамайтынын және қосты.

- Бір айтарым, ұзатылу тойы әлі болған жоқ. Мәдина Сәдуақасова әзірге келін атанбады. Журналистердің бізге хабарласпай, жаһанға жар салғанына қайранмын, – дейді әншінің әкімшісі.

Сенімді дереккөздердің сөзіне сенсек, махаббат тақырыбында ән салатын Мәдинаның сүйген жүрегі – еліміздегі телеарналардың бірінде қоюшы-режиссер болып қызмет атқаратын Олжас Смағұлов есімді жігіт екен. Осы жылы 35-ші көктемін қарсы алғалы отырған Сыр өңірінің тумасы, осылайша, сүйгеніне сүрініп барып қосылмақшы.

Жастар порталы алдағы уақытта Сәдуақасованың өмірі мен өнері турасында нақтылы деректерге негізделген ақпараттарды таратып, әншінің өзімен жүргізілген сұхбатты жариялайтынын айта кету керек.

Ермек Естияр
Мәлімет көзі: Aynaline.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: Мәдина Сәдуақасова
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
37 комментариев
  1. Айзада
    Осы жылы қызымыз 35-ші көктемін қарсы алғалы отырса,күйеубаламыз Олжас Смағұлов нешінші көктемін қарсы алғалы отыр екениии)))
  2. Айша
    Әншілер өздері жиналған жерде ешқашан ән айтпайт дид сол қаншалықты рас? Сонда олар бір-бірінің тойына барғандада ән айтпайтын болғаны ғой. Мәдинә апайды жылатпай, тойында 10 шақты ән орындай салыңдар бұлбұлдар
  3. Автомаркет
    35? Жылы ескіріп кетіпті, бірақ состояниесі жақсы...
  4. Хасан бай
    Мадина мықты әнші! Оның өнерін ұрметтеймін, шаңырақ көтерсе сүйікті әншіме шексіз бақыт тілегім келеді. "Сүйген жүрек" әнінде айтылатындай өмірдегі тірегін тауып жатқанына қуаныштымын!
  5. Әже
    Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды значит бұл новость шын мына жаналыкты окып в шоке болып отырм Мадинаны немереме алып берем ба деп ойлап ем өкінішті жылай жылай көзім ісіп кетті қайран менің болашық келінім
  6. Толик
    Сақинасын қойшы, спиралі бар ма өзінің?)
  7. УКА
    Агентте отырған қызбен сахнада ән салып жүрген қыздар далада қалмайды))
  8. цфлдт
    Бұндай отирик ангимеге сенбейм сендерде сенбеңдер достар кореалмай журген бир дурактын немесе дурочканын шыгарган осеги гой. Мадинаны анши ретінде емес, тележургизуши ертинде сыйлайм
  9. Мархабат
    Мадинаның қандай жақсы тележүргізуші екенін Азиада өткенде көрдік ессе, көрермендерді кәдімгідей қатырды гой ана келе жаткан немеене деп ози билмей
  10. Перизат Семейден
    Еларнаға елге танымал, халыққа сыйлы келін түсті. Барған жеріне балдай батып, судай сіңсін! Бақыт тілеймін!
  11. Самал
    "Ел арнадағы" көптеген бағдарламалардың қоюшы-режиссері Олжас Смағұлов бауырымызға күйеуге шықты Мадина Садуақасова. Қуаныштары құтты болсын
  12. Шалқар
    Келіннің аты Мәдина, фамилиясы Садуақасова екенін мәлім. Қызық, енді жаңа түскен келіннің фамилиясы өзгерер ме екен?
  13. Іңкәр
    Мәдина СӘДУАҚАСОВА бір сұхбатында көктемге қарай тұрмысқа шығамын депті. Мені шын мәнінде сүйетін жүректі жолықтырғандаймын. Өзім бұрыннан танитын, жақсы азамат. Бастысы, менің өткеніме түсіністікпен қарап, өнерімді сыйлайды. Амандық болса, наурыз немесе сәуір айында тұрмысқа шығамын деген болатын бір сұхбатында
  14. Серік А.
    Құдалардың екі жағы да қатты риза болуы үшін Мәдинаның фамилиясын СадуаҒұлова немесе СмаДуақасова варианттарымен ауыстыруға болатын сияқты.
  15. Серік А.
    Құдалардың екі жағы да қатты риза болуы үшін Мәдинаның фамилиясын СадуаҒұлова немесе СмаДуақасова варианттарымен ауыстыруға болатын сияқты.
  16. Бекзат
    Мәдинаның орындауыңдағы халық әні «Көзіңнің мөлдірін-ай» дегенін әнін естіп, риза боламын. Болашақта тыңдарман ретінде одан осы сияқты ғұмырлы әндер күтемін
  17. Еділ
    Өнерге әркімнің де таласы бар ғой, әркім өзін таныту үшін емес, сол талантын жұртқа сыйлап, табындыру үшінн сахнаға шығады. Сол сахнаға шыққандардың елге сыйлы болатындары біршама. Себебі бүгінгі көрерменнің талғамы биік, талабы күшті. Көрерменнің сұранысы мен заманнын ағымына ілесе алмай жүрген өнер адамдарын жрртшылық өз көңіл сахнасынан өшіріпп тастап та жатыр. Бірак Мадинанын жолы да жөні де бөлек. Таза ашық даусы тындарманды еріксіз елең еткізеді. Сүйген жүрегін жастар ғана емес, алдынғы толқын да шырқап жүр. Сондықтан Мадинанын алар асуы әлі алда деп білемін
  18. Азамат
    "Мен өзімді намысшыл қазақтың қатарына жатқызамын" деген сөзіне шын жүрегімнен қуандым. Ал айтып жүрген әндері туралы айтар болсам онша жақсы әндер емес. Жеңіл-желпі. Әннің сөзі өткір, майтып жүрген әндерінің де тыңдәнді, мағыналы болса ғана ол жүрекке қонымды болады. Бірақ, Мәдинаның тыңдаушылары бар екеніне сенемін. Негізі елдің ел, ұлттың ұлт болып толық қалыптасуы үшін, патриоттық әндер керек. "Күйдім", "сүйдім", "мен сені сүйемін" деген сөзді қайталай бергеннен жақсы ештеңе шықпайды
  19. Сая
    Мадина! жарайсың, өнерің өркендей берсін! Бақытты бол
  20. Құралай
    Мадинаның даусы әдемі, өзі де сүйкімді қыз. "Нағыз қазақ қызы" деуге болады, ал оның жеке өмірінде шаруам жоқ, ол сондықтан да "жеке өмір" деп аталады емес пе? Оның жеке өмірін білу міндетті емес, ол бізге дарынды әнші ретінде жақсы таныс, тек талантын бағалауымыз керек қой. Меніңше, осы олы Мәдинанның жолы болды, жақсы жігітке тұрмысқа шығып жатыр екен. Болашақта оның күйеуі Мадинаның өнер жолындағы тамаша мүмкіндіктерін аша түсуге септигин тигізеді. Өнерің асқақтай берсін, Мәдина!
  21. Әділет
    Кімнің есінде осы Мадинаның"Аңсағаным" деп аталатын өзінің тұңғыш ән жинағы шығып еді ғой, сол может осы Олжас Смағүловқа арналып шығарылған-ау дим да
  22. Райхан
    Көркіне өнері сай қыз ертең-ақ қайтадан жарқырап, құлпырып шыға келеді, қай фамилияны алса да
  23. Думан Өскеменнен
    Мадинаның жүрегін жаулаған Олжас та мықты жігіт болуы керек. Екеуіне мәңгілік махаббат тілеймін!
  24. Райхан
    Көркіне өнері сай қыз ертең-ақ қайтадан жарқырап, құлпырып шыға келеді, қай фамилияны алса да
  25. Думан Өскеменнен
    Мадинаның жүрегін жаулаған Олжас та мықты жігіт болуы керек. Екеуіне мәңгілік махаббат тілеймін!
  26. Жарқын
    Жасы жағынан үлкен дейді жігітінен Мадина қыз. Сол шын ба
  27. Бөөө
    Мадинаның күйген жүрегін, сүйген жүрекке айналдыра білген жігіт мықыт жігіт емей немене? Бақытты болсын жастар. Тойлары жынды өтетін шығар
  28. Анар
    Куйеу жігіт неде болса мықты екен. Мадинадай қызды алып жүрген. Әнші әрі сұлу қыз талай жігіттің арманы болды.Жастар бакытты болсын! Мадина , бакытты болуга лайык. Кашан тенiн табып турмыска шыгады деп ойлап журушi едiм.. Куаныштары куанышка ұлассын, тойлары-тойга жалгаса берсiн!!
  29. Гүлдана
    Мәдина мен Олжастың тойы Алтынбек Қоразбаевтың туған күні болады, Құдай қаласа...
  30. Айым
    Алдыннан бері Мәдинаны Хабарға біресе Еларанға келін болды деп жатыр ұзынқұлақтар, не де болса бақытты болсын, дегенмен, қай телеарнаға келін болды аааааа?
  31. гүлдана
    Мейлі бақытты болсын! Әдемі ғой Мадина.
  32. Баян
    Мадина үшiн қуаныштымын. Бақытты болыңдар. Тезiрек ана болуыңды тiлеймiн!
  33. айка
    Сен бакыттысың Мәдина, өзіңнен 6 жас кіші жігітті қалай қараттың.
  34. Өсербай Айгерім
    Салем достар! Менің айтарым кімде кім болса да өз болашағын болжап алалмайды ғой. Мадина да өзінен кішкентайға тұрмысқа шығам деп ойламаған шығар. Алайда тағдырына солай жазылған шығар. Тағдырдан ешкім қашып құтылмайды ғой не бақытты болса болды емес па. Маған Мадина қатты ұнайды. Әрдайым бақытты болыңыз.
  35. Жауһар Қаратерең
    Мадина былайша жақсы қыз, алайда өзінен 6 жас кіші Олжасты қалай қаратып жүр таңым бар.
  36. Айко
    Мадина 3-ші рет үйленіп отыр!!!
  37. Гулбану
    Әркім өз тағдырына өзі жауап береді гой. Сіздер неге бастарыныз ауырып жазып отырсыздар. Қазақтың қыздарын осылай айтуға бола ма?!
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде