USD 314.79
EUR 337.96
RUB 5.59
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Серебрянск бейорганикалық өнімдер зауыты қайтадан іске қосылады

Серебрянск бейорганикалық өнімдер зауыты қайтадан іске қосылады

Полиэтиленнен жасалған бұйымдар мен тыныс алу жолдарын қорғауға арналған заманауи респираторлар, өнеркәсіптік фильтрлер шығаратын Серебрянск бейорганикалық өнімдер зауытының жұмысы қайта жанданады.

10 мың тұрғыны бар шағын қаладағы зауытта 500-ге тарта адам жұмыспен қамтылған. Кәсіпорын 2011 жылы «БТА банкке» 1,8 млрд. теңге қарыз болып, сол жылы тамыз айында тірлігін тоқтатқан болатын. Осы орайда қала түзуші кәсіпорын «Ертіс» ӘКК иелігіне өткен. Облыс бюджетінен бұл компанияны сауықтыру үшін 110 миллион теңге бөлінген. Алайда, қаржы игеріліп, зауыт жұмысы қайта қаңтарылады.

Айта кету керек, алдағы уақытта жұмысы құрдымға кеткен зауытқа «Қазинжиниринг» компаниясы инвестиция құймақ. Зауыттың қарызын өтеу үшін «Қазинжиниринг» Серебрянскте улы газден қорғайтын тұтқыш (противогаз) өндірісін іске қосуға әзір.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев кәсіпорынды қалпына келтіруге 2014 жылы облыстық бюджет тарапынан қолдау көрсету жалғасатын айтты. Сонымен қатар, Қорғаныс минситрлігі, Төтенше жағдайлар министрліктерімен және көршілес елдермен байланыс орнатып, зауыт өнімін саудаға шығару жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.

ШҚО Ақпарат орталығы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
9 комментариев
  1. Хе
    Қазақстанның зауыттары дүкеннің есіктері сияқты. Ашылып - жабылып жатады))
  2. Тау жақтан
    Противогаз шығарғалы жатыр ма? Басқа амал жоқ енді! Ммаңайдың бәрі ауыр өнеркәсіп, ауаның бәрі ауыр металлдар, ауылдың бәрінде ауыр жағдай, аяғы ауыр келіншектің денсаулығы ауыр, аурухананың бәрі сол ауыр өнеркәсіптен шыққан ауыр металлдардан ауырған аурулар. Общым ауыр. Противогаз керек әрине...
  3. МУрзилка
    Қашан жабыладытынын да жаза салмадындарма сразу
  4. пмфовпрф
    ЕНді голубой заливке барып "таза ауамен" от души демалуға болады, түске дейін цементен демаласың түстен кейін пллиэтиленнен жасалған бұйымдардың қалдығымен қалғып ұйықтайсың рахат. Суға түссең неше түрлі бірдеңе органикалық заттар жүзіп жүреді, сен де жүзіп жүресің... Айтпақшы, зауыттан барып өз бағасына заманауи респиратор сатып алуға болады еще
  5. Атым бар
    Баяғы қай заманда естіп ем ашылады деп, әлі ашылғай жатыр. Шынында да, ашылғаннан жабылғаны тез болар.
  6. АТЖОҚ
    Ашылуымен және жабылуымен деп бір лента ғана қиылады за то затрат кетпейді жапқан кезде, сразу одно и тож. коке бармайт скоро жабылып калад и если дурыстап подумать етсе Шыгыс Қазақстандықтар противогаз керек-ақ
  7. АнАнДи
    Құрметті МУрзилка қашан жабылатын Назарбек Қожамсейіттен сұраап алсай ол білгіш ессе білмейтини жер астында сосын бизди де хабарда ете сал.
  8. Сырғалым
    Голубой заливти кайтесиндер Оскеменнин ишинде Улби мен Ертистей кос озендерин турганда соган барып демала бериндер. Все таки анда бардын не мында бардын не жутатын да демалатынын газ. Или Оскемендіктер газды тур-турине болип демала ма? Мысалы, титан-магнийден болинген газ, УМЗ-нын газы, КАЗЦИНК-тын газынмен салыстырганда галубой заливтин газы женил болганы гой сонда сендерге
  9. Қазақ
    Жұмыспен қамтылған сол 500-ге жуық адам аяз ата сияқты қысқа да нұсқа қызмат атқаратын болады, бір күн жұмыс істейсін, 365 күн демаласын)))))))))))
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде