USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Өскеменде 7 айлық сәбидің үстіне ескі, ауыр теледидар құлаған

Өскеменде 7 айлық сәбидің үстіне ескі, ауыр теледидар құлаған

Өткен аптаның соңында Өскемендегі Ана мен бала орталығының жан сақтау бөліміне бас сүйектің ауыр жарақатымен 7 айлық нәресте жеткізілді. Ата-аналарының айтуынша, баланың үстіне ескі модельді ауыр теледидар құлаған, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

- Қабырға жағалап тәй-тәйлап жүрген 7 айлық қыздың үстіне ескі жиһаздың үстінде тұрған абажадай теледидар аударылып кеткен. Тумбочканың көлемі теледидардан жіңішке және лакталған жылтыр болғандықтан, теледидар сәл қозғалыстан тайып кетіп баланың тура басына құлаған,-дейді нейрохирургия бөлімінің бас ординаторы Серік Қизатуллин.

Нәтижесінде баланың бас сүйегі деңгейі ауыр жарақатқа ұшырады. Миына зақым келіп, бас сүйегінің жіктері ажырап оған қан құйылған.

Дәрігерлердің айтуынша қазыр балақайдың жағдайы жақсарып келеді, бүгін оны жан сақтау бөлімінен нейрохирургия бөліміне ауыстырған.

- Соңғы бес жылда ауыр теледидарлардың құлауы салдарынан 45 бала зардап шеккен. Өкінішке орай біз соның ішіндегі бір баланы ажалдан аршалай алмай қалдық,-дейді Серік Қизатуллин.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
16 комментариев
  1. Әлия
    Ағайын, балалрыңызды 1 минутқа да қараусыз қалдырмаңыздаршы. Обал болған екен, тезірек жазылып жүгіріп кетсе екен.
  2. Ғайша
    Балаға обал болған екен. тезіреееекк жазылСЫН! Алла шипасын берсін
  3. Әже
    Ескі жиһаздың үстінде тұрған абажадай теледидар аударылып кеткеніне қарамастан аман қалғанына қарағанда баланың бағы бар көрінеді. Аман болсын, тезірек сауығып кетсін кішкентай балапан
  4. Майра Семейден
    Ата атаналардың жауапсыздығы бұл. Үйде бала бар екендігін көре тұрып теледидарды онай құлайтындай кылып неге кояды, бұл баланын родительдерін жауапка тарту керек. Солардың халатностьтарынан бала енді мүгедек болып қалу мүмкін. Проста жүрегім ауырып давлением көтеріліп отыр жаналыкты окып
  5. Адиль
    Баланы қараусыз қалдырған папасы мен мамасы кінәлі осындай жауапкершіліктен жұрдай ата-ананың кесірінен қаншама кішкентайсәбилер зардап шегіп жатыр. Бір балаға қарай алмағандары қалай? Осы баласын қарасын деп мемлекет мамасын 3 жылға декретке жібереді емес пе
  6. Ақмарал Курчатовтан
    өзім деген баламды бір минутта қараусыз қалдырып көрген емеспин. Бұл баланың ата-анасы не деп ақталса да осы істегендері үшін оларды жауапқа тарту керек или оларды ата-ана правосынан лишать ету қажет деп ойлам
  7. Атым бар
    Обал баланы, тез жазылып кетсін. Бала деген орынында отырмайды ғой, соны карай алмаған үлкендердің ғана кінәсі бұл оқиға. Балаларыңызға қараңыздар, ата-аналар!
  8. Врач
    Иә, Майра ханым этот осы стиуацияны бир жакты бағалауға болмайды. Ата атаналардың жауапсыздығы екені рас. Но, может олардың үйі тар шығар, вы откуда знаете что телевизорды онай кулайтын жерге койгандыктарын, может уйлери тар болган сон коя салган шыгар. Просто жүрегініңз ауырып давлениеніз көтеріліп отырса дәрі ишиниз или больницага барыныз
  9. Жынды
    Родители не виноваты. Бәріне виноват телевизор. Басқа кезде басқа уакытқа құлауға болады гой проста так адамгершилик жасап.Телевизорды сотқа беріңдер дегім келеді родительге баланын
  10. Ғазиза
    Ана деген – ұлы есімді қорлауға қалай дәттерің барады! Тұрса да қажып тағдыры, Бар шаттығым – бала деп, Тәнін торлап таң нұры, Мін бақпай ұрпақ өсірген. Бар қатені кешірген мына кішкентай сәбидің әке-шешесіне құдай сабыр берсін, балалары тез жазылып, жүгіріп кетсін. Мына жаңалықты оқып отырып, есіме бір жағдай түсіп кетті, менің көршілерім болған еді солардың 3 баласы бар еді солар бірде ата-анасы тысқа шығып кеткенде газды байқаусызда ойнап журип ашып жиберип газдан уланып қалған еді...Бәрі жақсы болып кетеді әлі көңіл-күйлеріңізді түсірмеңіздер
  11. Алтынай
    Біздің врачтардың колынан тукте келлмейди баланы шетелге апарып емдету керек жаңа технология дегеннен журдай гой больницадар иран мен израильге апару керек сол жактын даригердери мыкты деп естигем мында текке уакыт жогалтып алад
  12. Құндыз
    Өскеменнің шала қазақтары жазған-ау осы пікірлерді.)))
  13. Салтош
    Шалаказахская семьяның баласымыз гой биз деген Құндыз ханым))))))) Дәл тауып айттыңыз хотя бы қазақшамыз жарытлай говорить етип отырмыз ғой
  14. Тіл жанашыры
    ШалаҚазақская семья.
    - Балам, қазақша сөйлеу керек. Хотя бы половиносын қазақша говорить етсей, главное чтобы қазақшаға келсе болды ғой))))))
  15. Сейсенбі
    Көпке топырақ шашуға болмайды. Өскемен таза қазақша сөйлейді деп айтуға болады. Неге қазақтар өздерін таза қазақ және шала қазақ деп 2-ге бөлініп отсындар, ұят ессе мынадарын. Баланың тағдыры шешіліп жатса да бөлінуді қоймайсыңдар
  16. Лиза
    Ескі телевизорды сақтап қойғаны нес ай? Не істейд лақтырмайма қоқысқа? Балаларды абайлаңдар!
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде