USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Челах «Арқанкерген» оқиғасы туралы кітап жазбақшы

Челах «Арқанкерген» оқиғасы туралы кітап жазбақшы

Өмір бойы бас бостандығынан айырылған бұрынға шекарашы Владислав Челах, «Арқанкерген» заставасында орын алған нақты оқиғалар туралы кітап жазбақшы. Бұл туралы Челахтың анасы Светлана Ващенко мәлімдеді деп жазады Tengrinews.kz сайты.

Соталушының анасының айтуына қарағанда өз жоспары туралы ұлы оған 2-ақ сағатқа созылған кездесулердің бірінде айтқан.

- Владислав өз адвокатымен ақылдасты, қазыр ол шығармашылық жұмысқа кірісуге дайын, ұлымның жанында қарулы күзет тұрды сондықтан бөлменің ішінде емін-еркін сөйлесуге мүмкіндік болмады,-дейді Светлана Ващенко.

Онымен қоса анасы ұлының түрмедегі жағдай жақсы екендігін, оның әлі де еркіндікке шығуға үміті бар екендігін, өзімен бірге тағы екі камералас сотталушының отырғандығын да айтқан.

Сондай-ақ, Челахтың анасы қазір интернетте қаптап жүрген «Челах бостандықта екен, Германияда тығылып жатыр екен» деген сияқты жел сөздердің өтірік екендігін, мұндай сыбыстардың барлығы кезекті арандату шаралары екендігін де жеткізіпті.

Естеріңізге сала кетейік Владислав Челах 2012 жылдың мамырында «Арқанкерген» шекара бекетінде болған қанды оқиғаға кінәлі деп танылып, өмір бойы бас бостандығынан айырылған болатын. Қазыр қылмыскер жазасын Қостанай облысы, Жітіқара қаласының маңындағы «Қара бүркіт» колониясында өтеп жатыр.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: Арқанкерген оқиғасы
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
13 комментариев
  1. Бір адам
    Уа-ха-ха қазақтың ұлы жазушысы Владислав Челах қасындағы служактарын қалай қырғаны туралы роман жазса қызық болайын деп тұр. Сосын ары қарай депутат немес әкім болып кетсе де таң қалмаймыз
  2. Әнші Қайрат
    Бұқараға сөзін өткізе алмағандар осылайша бізде кітап жазғыш болып кетеді өзі. Челах та соның бірі. Оны сенсация деп танып, жариялаудың өзі ұят нәрсе. Қылмысын өзі мойындап, соттың үкімі шыққан соң оның жазған кітабы кімге керек шынымен?! Мұны қазақ "Жау кеткен соң қылышынды боққа шап" дейді. Әлгі Еуропа елдерінің босағасында жүрген экс-күйеуден жұққан ауру ғой бұл кітап жазу деген. Егер адам қанын арқаламаған болса Челахың бұрын қайда қалған?!
  3. Патриот
    оган не жок кітап жазып, психикасын жөндеп алсын алдымен. 15 адамды калай кырганы туралы жазбакшы ма? хаха кулким пришла так и ушла
  4. Қорғаушы
    Челах кінәлі емес, логический ойлансандарш, қалай жалғыз өзі 19 адамды қырып тастайды. сонда біреуін атып жатқанда басқалары нестеп тұрған. былтыр жыл бойы шулап еді халық, енді биыл тағы біразға дин байғұс Челахты айыптайтын болды? кітапты өзінің кінәсәз екендігін дәлелдеу үшін жазғалы отыр да, сендердің нелерің кетіп барады
  5. Мәлғаждар Нұрым
    Мектепте оқу үлгерімі нашар болып, диктантты парталасынан көшіріп әрең жазып жүретін, деп мұғалімдерінің айтқанын естіп едім. Жазсын, көрейік не жазғанын. Мектеп бітре салып әскерге кетіп, одан басы дауға қалып таяқ пен тар камерадан басқа түк көрмеген Владислав бала кітап жазады дегенге кім сенеді.
  6. КШТ
    Челах кінәлі ма, кінәсіз ба? это уже не важно
  7. Казах
    Челахтың анасы қазір интернетте қаптап жүрген «Челах бостандықта екен, Германияда тығылып жатыр екен» деген сияқты жел сөздердің өтірік екендігін, мұндай сыбыстардың барлығы кезекті арандату шаралары екен деп айтқан сөзіне сенбейм. Ана болған соң баласын қорғайт та. негизи, қарғайын десем жалғызым, қарғамайын десем жалмауызымның кері ғой бұл
  8. УКА
    почему не важно? казир де актап алуга кеш емес. ештен кеш жақсы дид қой атам қазақ.
  9. КШТ
    Челах сен ойлаған сүттен ақ, судан таза періште емес. Оның рас болуы керек. Канша адамды кырып салган кылмыскерді несіне қорғап отырсын УК?
  10. Асет
    Уа-ха-ха, кітапханамыз кеңейеді екен онда)) Челахтын арқасында))))
  11. УКА
    айтып отырм ессе баганадан ол калай жалгыз ози 19 адамды кырып тастайд деп КШТ?
  12. Әпке
    Челах, бәріне виноват, оңбаған біреу ғой, ол туралы сөз қозғап қайтесіңдер ей халқым
  13. Алия
    Бұл кітап жазып жарытпас. Әріп тани ма екен? Мынаның психологиясын емдеу керек алдымен, роман жазбақшасы ғой түріне қарап алмай. Түрмеде қайдағы ручка, даптер, А4 или компьютер оған беріп қоят дейсін ба. Бос сандырақтап жүрде
Біз әлеуметтік желілерде