USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Үйден үйге электр желілері арқылы жетпекші болған

Үйден үйге  электр желілері арқылы жетпекші болған

Өткен сенбіде Өскемен қаласының құтқарушылары үйден үйге электр желілері арқылы жетпекші болған 25 жастағы жігітті құтқарып алды. Ащы суға тойып алған ол достарына өзінің мықтылығын дәлелдемекші болыпты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Құрдастарымен дастархан басында ішімдік ішіп отырған жігіттің ойына аяқ астынан ерекше «ерлік» жасау туралы ой келген. Протозанов көшесіндегі №29-шы көпқабатты үйден, №27-ші үйге жалғанған желі арқылы жетемін деп жұлқынған жігітті достары тек қана жігерлендірген көрінеді.

Өскемен қалалық төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз хатшысы Марина Лискованың айтуынша, жерден бірнеше метр биіктіктегі желімен жылжып бара жатқан жігіттің жарты жолда саусақтары үсе бастаған. Қолдарынан әл кете бастағанын сезген «батыр» біраздан соң жердегілерден айғайлап көмек сұрай бастаған.

- Құтқарушылар тобы жылдам жетті. Өрт сөндіру машинасының сатысы арқылы біз оны қауыпті биіктіктен түсіріп алдық. Мас жігіт өзінің бұл қадамға достарымен бәстескендіктен барғандығын айтты, -дейді баспасөз хатшысы Марина Лискова.

Дарын Нұрсапаров
сурет ШҚО ТЖД
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
16 комментариев
  1. nurdar84
    Неше түрлі джындылар бар бұл өмірде))
  2. Айко
    Ну, айтпа дим мынау тошна ерлік екен))) Медаль берек керек мұндайларға)))
  3. Айко
    Десең ия)))
  4. ұстаз
    Ужас қой мынау, осындай адамдарды түсінбеймін вообще.
  5. nurdar84
    Өскеменнің Гәряший жігіттері ғо))
  6. Мууу
    Тарзан жив!
  7. Болат
    Бәріміз жас болдық, біреудің балалық пен жасаған ісі шығар. Күле салуға да болады ауылда мұндай батырлар жетіп артылады қайта құламай немес тоққа түсіп қалмай құдай сақтаған.
  8. Баке
    Биікті бағындырған батыр жігіт, спецназға резюмеңді апарып көрсеңші
  9. 777
    Негізі қазіргі арақтардың құрамында адамды жындандырып жіберетін неше түрлі химиялық қоспалар бер деп естіп жүрмін. Бұл жігіттің мұндай әрекеті сол ішімдіктен болған ба деп ойлаймын.
  10. )))
    Жүрек жұтқан ЭкстреМАЛ
  11. Нурик
    откен жазда менин коршим жаңбырдың суына малтаған, арақ ішіп алып. онын жанынды мынау тук емес
  12. asy
    каскадер болуға болад екен мына батыр жигитке. бирак бұл каскадер болу кооооооооооппппппппппппп арак керек шыгар ияяя аааааааааа как думаете?????????
  13. Қуаныш
    циркке барып та қызмет етуге жарап тур екен. осындай азаматтар аман болсын қазақты танытып журген. айтпакшы6 трамплиннен секируге де мыкты шыгар
  14. Брокер
    мааааааааааа мына жігіттің басы бас, жаны жан екен ше. недеген мыкты журек десеңші! анадай ток желиси аркылы отып журген. Мыкты, батыл жігіттер керек болса, Өскеменге келіп, Асқаралы Алтайдың ұландарын алыңыздар жұмысқа......әйтпесе, халықты жұмыспен қамтамасыз етуге пока что улгере алмай жатырмыз
  15. Ерболат
    Өскеменнің жігіттері өрен екен))))))
  16. Жұбандық
    ондай ондай жас кезде болып тұрады. соған бола жігітті мазақтамаңдар, балаларым. Жастық пен мастық не істетпейді
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде