USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Комсомол аралында көптен күткен мұз айдыны ашылды

 Комсомол аралында көптен күткен мұз айдыны ашылды

Өскеменнің Комсомол аралында көптен күткен қысқы сырғанақ ашылды. Мұздан қалашық салып, қардан төбешік үюге биылғы жайлы қыс мүмкіндік бермесе де, облыс басшылығының тапсырмасымен өскемендіктерге конькимен кедергісіз сырғанауға болатын мұз айдыны пайдалануға берілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бір қуанарлық жайт, жалға берілер конькилер биылдан бастап жаңаланған екен. Былтырғы тозығы жеткен, ойдан-қырдан құралған аяқ киімдер биыл көзден таса. Сөреде су жаңа 65 жұп коньки көзге шағылысып тұр. Сырғанақ тебуге келген қалалықтар аяқтарына дәл келетінін іздеп те қиналмайды, мұнда 27-ден бастап, 47-ші өлшемге дейін бар екен.

Комсомол аралында конькиді 1 сағатқа жалға алудың бағасы 500 теңге екен. Сырғанаққа көбінесе мектеп оқушылары, көпбалалы отбасылардың балалары келетінін ескерек, бұл - біршама қымбат баға. Бір үйден үш бала келетін болса, орта табысты отбасы үшін бұл айтарлықтай қомақты шығын. Мұз айдынына екі баласын әкелген қала тұрғыны Мұратбек Есеновтің айтуынша, автобусқа төлейтін жол шығынын қосқанда, балалар үшін баға сәл қымбаттау.

- Балалар үшін – 300, ересектер үшін – 500 теңге болса да, жарар еді, олар мектептен келген соң күн сайын барғысы келеді. Сырғанаққа құлшынып тұрған екі балаға күнделікті 1500 теңгедей ақша кетеді, - дейді ол.

Мұз айдыны енді көктемге дейін қызмет көрсететін болады. Дүйсенбіден басқа күндердің барлығында сырғанақ алаңы түнгі 22.00-ге дейін ашық.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
19 комментариев
  1. оқушы
    О о о бұл қуанышты жаңалық қой. Бүгіннен қалмай, сырғаннаққа барып қайту керек екен.
  2. Русик
    Мектепте сабақ оқып шаршап кетем. Күнде барып сырғанақ тепкім келеді, бірақ, бағасы тым қымбат.
  3. Жомарт
    Кәңкиді 300 теңгеден берсе де болады ғой үкіметтің ақшасына алынған екен. Енді одан біреулер байып жатыр иә. Көп баласы бар адамдар қайтаде 4 баласы болса 2000 тенге керек қой солрды ойламай ма, баларға обал проста.
  4. Денис Тен
    500 теңге норм баға, одан қымбат болса қайтер едік. Каток кішкене сапасыз.
  5. Казах
    27-47 ге дин бар ғой дид қой бәрібір ол размерлері өтірік қой. Біреуін кисең аяғыңа үлкен, тағөгы біреуін кисең тым кішкентай. Китайский бәрі.
  6. ауыл баласы
    Таудан сырғанағанға, өзендегі мұзда коньки тепкен жақсы емес пе оданда чем жасанды сырғанақ ойнап мәз болғанша.
  7. Ананди
    Құрметті халайық катокқа барып күнде 500 теңге бергенше магазиннен барындар да 3-4 мын теңгег коньки сатып алыңдар. Сосын тегін мұзға барып сырғанай бер. Әйтпесе акимат мұзды қатырып жана коньки акеліп қойғанына кінәлі емес шығар. Әйтеуір халыққа түк ұнамайды
  8. Найман
    Сен өзің акиматта істейтін сияқтысың ғой))
  9. Жагдишия
    Ананди, сен ойтип тегин ақыл бермей-ақ қойш. мен сени ақылды қыз деп журсем. акимат кінәлі деп біреу саган айтты ма не
  10. Макпал
    акимматта истейтини коринип тур емес пе мынанын? халыктын камын ойлап турган жоксыз гой Ананди ханым
  11. Түкбілмес Отырғанов
    коньки қанша тұрады? оны кай жерден сатып алсам болады, халайық айтып жіберіңдерш
  12. Мұрат
    Спортивный магазиндерден тауып аласын, сапалылар 8-12 мын тұрады базарда китайскилері бар 3-4 мынга. Сосын секонд хендттерде оте сапалы конькилер сатылады бурын қолданылған бірақ оригинал конкилер 2 мын тенге шамасында
  13. Аңқылдақ Аңдамосов
    ия, дұрыс айтасын Денис Тен биылғы каток онша емес, сапасыз жасалған. былтыр одан айбаттырақ болды ессе
  14. Ірі қара
    Сол катоктын несі қызы осы барып босқа сүмірейіп тоңып дірілдеп жүргенше үйлеріңде жатпайсындар ма бір жерлеріңді қысып. Катоққа барып 500 теңге бергенше, бір шауырма алып жеген артық
  15. Жомарт
    ұнамаса, бармаңдар сырғаннаққа, осы адамдарға ештеңе жақпайды екен. бағасы да нап-нармальна, анда-санда барып демалып туруға болад кой неме ақшаларыңды аяйсындар ма
  16. Оқымысты
    катокка 2-3 рет барып, бос сеңделіп, ерігіп журип 1500 или 1000 теңгені бекер кетіргенше кітап алып оқығаным артық. сонда еліме пайдам тиетін азамат боламын. сондыктан сендер де сойтиндер. ойландарш, катокка барасын, суык тиіп ауырасын, сосын дәрі аласын сонда 2 есе акшан кетип калад коййййй все-таки уйде тыныш жаткан жаксы братишкедерим
  17. Түкбілмес Отырғанов
    ерттеңнен калмай сатып алып катокты корип кайтпасам ба, каладағы екен деп ойлап калмандар))))) ауылдагы катокка барып кайтпасам ба, за то тегин сырганак
  18. айбек
    бір ретт ауылда тауда шаңғы тебем деп оңбай таудан ұшыпп кетип ем. содан бери сырғанақ, мұз айдыны дегенге жоламайм ващщщее.
  19. Сумитра
    биылғы қыс қыс емес қар аз, содан кейін каток қайдан дұрыс жасалсын. ващще та Өскеменнің айналасының бәрі тау ессе. сонда барып неге сырғанақ теппеске? тауда қызықты ғой, чем жасанды мұз айдынында жургенше
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде