USD 314.79
EUR 337.96
RUB 5.59
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Абай мұражайы сала көшбасшысы атанды

Абай мұражайы сала көшбасшысы атанды

Семейдегі Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы Ұлттық бизнес-рейтинг бағдарламасы бойынша «Сала көшбасшысы» атанып, арнайы медальмен және ұлттық сертификатпен марапатталды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Сала көшбасшысы-2013» ұлттық сертификаты – Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайы ұжымының атқарған еңбегіне берілген жоғары баға мен жаңа жетістіктерге ынталандыру болмақ.

– Бұл – біз үшін күтпеген оқиға болды. Іріктеуді тек рейтингтің компания жүргізетінін, оған ешкімнің өтініш жасамайтынын ескерсек, жеткен жетістігімізге шынымен мақтануға болады, – дейді мұражайдың аға ғылыми қызметкері Мейрамгүл Қайрамбаева.

Өткен жылы Абай мұражайында бірқатар маңызды шаралар өткен болатын. Зәки Ахметовтың 85 жылдығына, Шәкерім Құдайбердиевтің 155 жылдығына арналған конференциялар осы сөзімізге дәлел. Мұражай қызметкерлерінің табанды еңбегінің арқасында Шәкерімнің «Қазақ айнасы» өлеңдер жинағы жарық көрді. Сонымен қатар, өлеңдерді орыс тілінен аудару жұмыстары да нәтижелі жүргізілді. Мұражайдың ғылыми қызметкерлерінің әртүрлі тақырыпты қаузаған мақалалар жинағы да басылды. Қарлығаш Ибрагимованың «Алаш» партиясы жөніндегі жұмысы республикалық ғылыми мақалалар конкурсының екінші турына өткенін де айта кетуіміз керек. Мұражайдың ғылыми кітапханасы жаңа туындылармен толықты. «Абай мұражайының жәдігерлері» кітабының бесінші томы, сонымен қатар, Шәкерім шығармашылығын тереңірек тану мақсатына бағытталған танымдық кітаптар дайындалды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: абай мұражайы
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
1 комментарий
  1. дос
    http://abay-museum.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=216%3A2013-12
    -28-11-39-29&catid=1%3A2011-07-07-12-34-13&Itemid=2&lang=ry
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде