USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Алматы туристер назарын бұра алатын әлем қалаларының тізіміне енді

Алматы туристер назарын бұра алатын  әлем қалаларының тізіміне енді

Алматы әлем туристері үшін тартымды 10 қаланың қатарына енді. Британдық «The Rough Guide» басылымы жариялаған биыл саяхатшылар міндетті түрде ат басын бұруға тиіс қалалар тізімінде Алматы жетінші орынға жайғасыпты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Тізімді құрастырушылардың пікірінше, туристерді көп жағдайда Алматының орналасқан жері, яғни, тарихы терең Жібек жолының бойына жайғасуы және төбесін мәңгі қар жапқан асқақ таулары қатты қызықтырады екен. Әсіресе, бұл шаһардың таушаңғысы курорттарына келгісі келетіндер жетерлік.

– Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, елімізге келетін шетелдік туристердің 80 пайызын Алматы қабылдайды. Қаланың мұндай беделді рейтингте үздік ондыққа енуі, оның туристік әлеуетінің мықтылығын, табиғат ландшафтары мен тарихи танымдық нысандарға өте бай болуын көрсетеді, – дейді қалалық туристік басқармасы туризмді дамыту бөлімінің жетекшісі Жанар Алшымбаева.

Айта кетейік, 2014 жылы сапарлауға тұратын қалалар тізіміне Рио-де-Жанейро, Ливерпуль, Марсель, Роттердам секілді әлемнің әйдік шаһарлары енген.

Нұрбек Бекенов
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: алматы
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде