USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Жуықта Өскемен тұрғын үйлерінің келбеті өзгереді

Жуықта Өскемен тұрғын үйлерінің келбеті  өзгереді

Өскемен қаласының сәулетшілері қаладағы орталық даңғылдардың бойындағы тұрғын үйлердің кескін-келбетін өзгертпекші, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл жобаны әзірлеуге былтырдан бастап қаржы бөлінген-ді. Қазіргі күні Сәтпаев пен Жеңіс даңғылдарының құжаттары дайындалып қойған, алдағы уақытта бекітілмек.

Жобаға сәйкес осы даңғылдардың қос қапталында орын тепкен тұрғын үйлердің, ондағы дүкендер мен басқа да қызмет көрсету орындарының, ұйымдардың қас-бетінен бастап бүкіл абаттандыру, көгалдандыру үлгілері бірыңғай болады.

Айта кетейік, жобаны жүзеге асыру кәсіпкерлердің өз есебінен жүргізіледі. Бұдан былай кәсіпкерлер сәулет және қала құрылысы бөліміне аталған көшелердің бойында дүкен, дәмхана, сұлулық салоны секілді қызмет нысандарын тіркеуге немесе қайта жөндеуге өтінім жолдаса, міндетті түрде кіреберісін тиісті тәртіп бойынша безендіруге нұсқаулық алады.

Бұл өзгеріс тек бизнес өкілдерін ғана емес, сонымен қатар, осы көшелердің жиегінде тұратын тұрғындарды да қамтымақ.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: тұрғын үй
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
3 комментария
  1. Ахмет
    Қаланың көркейгені жақсы ғой. Қуанамыз!
  2. қазақ
    Біздің басекелер терезеден қарап отырғанда көретін үй қабырғаларына кірісті ме? Жұмыста өздерін жайсыз сезінген ғой. Терезеден қарап бізде бәрі керемет деп сезінгілері келе ме? Сол маңайды кешке дейін әлеміштегенше сол қаражатқа жарлы-жақыбайларға көмек қолын созып, жағдайларына азда болсын қараспайма? Не бір ұстаздар, білімді дәрігерлер жастар баспанасыз жүр, қарттар автобусқа мінер ақшасы жоқ жылап жүр, халықтан түскен ақшаны сол адамдарға берсе, әлдеқайда сауабы тиер еді. Әй қайдам, кеңірдекке жұтқаннан қалғанды осындай көзбояу жұмыстарға жұмсағанға біздің басекелер мастер ғой.
  3. ҚАЗАҚ
    Шындықты қашан жариялаймыз? Көркейсін, бірақ ақшаны текке шашу арсыздық.
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде