USD 315.43
EUR 342.75
RUB 5.55
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Березовка кен байыту фабрикасының жұмысшылары басқа кеніштерге ауыстырылады

Березовка кен байыту фабрикасының жұмысшылары басқа кеніштерге ауыстырылады

«Қазақмыс» корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Березовка кен байыту фабрикасы филиалының қызметкерлері далада қалмайды. Барлық 227 адам компанияға қарасты басқа кеніштерге ауыстырылады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Түсіндіре кетсек, аталмыш фабриканың жұмысы бункердің опырылып құлауымен және ғимараттың металл қаңқаларының деформация алуына байланысты тоқтатылғанды.

Шығыс Қазақстан облыстық еңбек инспекциясының ақпаратына жүгінсек, жұмысшылар келесі тәртіп бойынша еңбекпен қамтылыпты: фабриканың күзет режиміне 18 адам, жөндеу-құрылыс учаскесіне 8 адам, Белоусовка кен байыту фабрикасына 201 адам бөлінген. Ал қазір еңбек демалысында жүргендер жұмысқа шыққан соң, «Қазақмыс» корпорациясының бұйрығымен басқа қызметтерге орналастырылмақ.

Бұл орайда фабрика еңбеккерлері үшін тек жұмыстан шығу және қабылдану бойынша тиісті заңдық процедуралардан өту ғана талап етіледі. Басқа ешқандай мәселе жоқ.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: қазақмыс
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде