USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Өскеменде «Жаңажылдық ғажайыптар» көрмесі өтті

Өскеменде «Жаңажылдық ғажайыптар» көрмесі өтті

Өскеменде ШҚО сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражайда «Жаңажылдық ғажайыптар» атты көрме ұйымдастырылды. Атауы айтып тұрғандай, бұл көрме расымен ғажайыптарға толы екен. Әсіресе, XX ғасырдың ортасында сәнге айналған шырша ойыншықта-ры көпшілікті өткен шақпен қауыштырғандай болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Мұнда Өскемендегі оқушылар шығармашылық сарайының тәрбиеленушілері, Қ.Нұрғалиев атындағы колледж студенттері және осы оқу орынының оқытушысы, сәндік-қолданбалы өнер шебері Раиса Бобровская жасаған тамаша туындылар қойылды.

Атап айтсақ, Жаңа жыл символы саналған әр кезеңдердегі Аяз аталар мен Қаршақыздар, сан алуан ойыншықтар, жылтырақ безендірулер, түрлі бейнелер өткен күннен сыр шертеді. Біздің ата-әжелеріміз, әкелеріміз бен аналарымыз қолданған шырша ойыншықтары көзге шалынады ол жерден. Олардың дені мақтадан, тоқыма матадан жасалғанмен, біраз уақыт өтсе де, бұрынғы қалпын сақтап қалыпты. Мәселен, өткен ғасырдың елуінші жылдары мақтадан жасалған ұл баланың бейнесіндегі ойыншық экспонаттардың ішіндегі ең «кәрісі».

Көрмеде қазіргі күні тарихқа айналған ескі жәдігерлермен бірге заманауи үлгідегі жаңажылдық ғажайыптар да қаперден тыс қалмапты. Мұражай қызметкерлері өз қолдарымен кәдімгі қарағайдың жаңғағынан сәндік шырша жасапты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: көрме
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде