USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Көкпекті ауданында ауыл шаруашылық инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда

Көкпекті ауданында ауыл шаруашылық инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда

Көкпекті ауданында төрт инвестициялық жоба бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Елім-ай Көкпекті» агроөнеркәсіп кешені» инвестициялық жобасының жетекшісі Болат Бекбердинов асыл тұқымды репродуктор шаруашылық құру, мал азығы өндірісін дамыту, бордақылау алаңы мен мал сою цехын салу жұмыстарымен айналысуда. Биыл маусым айында 2000 басқа арналған асыл тұқымды репродуктордың құрылысын бастады.

Ержан Қойгелдин жетекшілік ететін «Өрнек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 400 бас ірі қара малға лайықталған бордақылау алаңы бар. Енді 800 басқа шақталған тауарлы сүт фермасын құру және 800 гектар суармалы жерді игеру жобаларын жүзеге асырмақ.

Ермек Мажитаев басқаратын «Кузьмич» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құнды балық шабақтарын өсіру және жылыжайда көкөніс өсіру шаруашылықтарын құру жобасын іске асыру мүмкіндіктерін қарастыруда. Ербол Шәкеров жетекшілік ететін «Елдар» шаруа қожалығы қымыз өндіру жобасын қолға алды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде