USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Бесқарағайда екі жылда 50,6 млн. теңгенің шағын несиесі берілді

Бесқарағайда екі жылда 50,6 млн. теңгенің  шағын несиесі берілді «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 50,6 млн. теңгенің шағын несиесі берілді Бесқарағай ауданында, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Канонерка, Қарабас және Семиярка тірек ауылдарының 24 тұрғыны бұл қаражатқа екі жыл көлемінде қолдарын жеткізді. Олар бұл қаржыны негізінен мал шаруашылығын дамытуға жұмсады, яғни, 48 жұмыс орнын құрып, жобаларын толықтай жүзеге асырды. Канонерка ауылында екі адам 5,5 млн. теңге мөлшерінде несие алып, алты жұмыс орнын құрып, мал өсіріп жатыр.

Қарабас ауылында 15 адам жалпы жиыны 30,6 млн. теңге несие алып, 27 жұмыс орнын құрды. Соның ішінде 13 адам 25,6 млн. теңге несиеге төрт түлік мал сатып алып, бағып өсіруде. Сондай-ақ, тігін цехын ашу үшін 2,5 млн. теңге және шаштараз ашу үшін 2,5 млн. теңге несие алған жеке кәсіпкерлер де өз істерімен айналысуда.
Семиярка ауылында жеті адам жалпы жиыны 14,5 млн. теңге несие алып, 15 жаңа жұмыс орнын құрды. Мал өсіру үшін бес адам 10,5 млн. теңге, бір адам шағын құс фермасын ашу үшін 2,5 млн. теңге және бір адам картоп өсіру үшін 1,5 млн. теңге несие алып, жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Әлімжан Қадылбекұлы
Мәлімет көзі: Altaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: жұмыспен қамту-2020
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
1 комментарий
  1. даулетбек
    Қалай кредит алуға болады?
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде