USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Рождество Христово мейрамымен құттықтады ШҚО әкімі

Рождество Христово мейрамымен құттықтады ШҚО әкімі

Құрметті шығысқазақстандықтар!
Православиелік жерлестерімізді Рождество Христово мейрамымен құттықтаймыз!

Бұл мейрам жүректерді мейірім мен сүйіспеншілікке бөлейді, жұрттың болашаққа деген сенімін арттырады. Бауырлас халықтардың бүгінгі қуанышына барша шығысқазақстандықтар ортақтасады.

Түрлі ұлт пен ұлыс, түрлі дін өкілдерін бір шаңырақ астына жинаған Қазақстан әлем елдері таңдана қарайтын бірлік пен төзімділіктің үлгісіне айналды. Біздің елде Рождество мейрамы үйлесім мен өзара түсінушілікті бейнелейді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның басты байлығы – мемлекеттіліктің негізін қалыптастыратын, оның тұрақтылығының кепілі болатын біздің көпұлтты халқымыздың бірлігі мен келісімі екенін ерекше атап өткен еді.

Туған өлкеміздің өркендеуі өзімізге байланысты. Бірлесіп қана берік ірге құра аламыз. Еліміздің болашағы баянды болғай!

Бердібек Сапарбаев,
Шығыс Қазақстан облысының әкімі
Григорий Пинчук,
облыстық мәслихаттың хатшысы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде