USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Үржардағы апат толық бақылауға алынды

Үржардағы апат толық бақылауға алынды
Осы жылдың 3-қаңтар күні таңертеңгі 9:30-да Үржар ауылындағы аурухананың отжағар ғимаратында орын алған апатты жағдай толық бақылауға алынды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Осы оқиғаға байланысты энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы А.Шерубаев дереу Үржарға аттанып, қазіргі уақытта арнайы құрылған комиссиямен бірге оқиғаның басы-қасында жүр. Басқарма басшысының айтуынша, тексеру комиссиясының анықтаулары көрсеткендей, жарылыс жауапты адамның салғырт әрекетінен болғанға ұқсайды. Әйтпесе, жылу қазандығы жарыла қоятындай емес, өткен жылы ғана тас-түйін жөндеуден өткізіліпті.

– Қаңтардың 3-і күні таңертең от жағушы азамат үшінші қазандықты іске қоспақ болады. Нұсқама бойынша ол кісі қазандыққа от жақпай тұрып, оның толық дайындығын тексеріп алуы тиіс еді. Бірақ ешкім оған мән бермей қосып жіберген. Екі сағаттан кейін қазандық ыдысында судың жеткіліксіз екені анықталып, толтыру үшін үстіне суық су құйылған. Соның салдарынан бу түзіліп, қысым көтеріліп, қазандық жарылған, – деп баяндаған басқарма басшысы қазір оқиға орнында апат салдарын жою мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар аяқталып қалғанын хабарлады.

Бір қуанарлық жайт, төтенше жағдай ем қабылдап жатқан науқастарға да, дәрігерлерге де ешқандай кесірін тигізбеген. Бүгінгі күні аурухана ғимаратына жылу беріліп, қазандықты жөндеу-қалпына келтіру жұыстары қолға алынған.

Ал от жағушы азаматтың арқасы мен беті 2 дәрежелі термиялық күйікке шалдығып, аудандық аурухананың хирургиялық бөлімшесіне жатқызылған.

Үржардағы оқиғаға толық қаныққан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ең бастысы, ауруханадағы науқастардың, медицина қызметкерлерінің қыстың көзі қырауда жылусыз қалмауы қажеттігін қатты ескертіп, басқарма басшысына жағдай тұрақталғанша сол жақта болуды тапсырды. Ал апатқа себепкер адамдар анықталып жатса, оларға тиісті шара қолдану керектігін жеткізді.

Серік Әбілхан
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
1 комментарий
  1. жанар
    Дұрыстап қарап жақса түкте де болмас еді ғой. Біздің Уржардың адамдарынын салғырттылығын көрсетеді ғой. Хотяб өзіңіз аман қалғансыз, Құдайға мың да бір шүкір.
Біз әлеуметтік желілерде