USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Үржар аудандық ауруханасының қазандығында жарылыс болды

 Үржар аудандық ауруханасының қазандығында  жарылыс болды

Үржар аудандық орталық аурухананың бөлек тұрған қазандығында жарылыс болды. Бақытсыз жағдайдың кесірінен бір адам зардап шекті. Оқиға орнына тексеру жүргізу үшін облыстық комиссия келді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі ШҚ облыстық ТЖД-нің баспасөз ақпаратына сілтеме жасап.

Жарылыстың күшінен қабырғаның сырт жағы мен ғимараттың бетон жабындысы опырылып түсіп, қазандықтың тазалағыш люктері жұлынып қалған. Бақытсыз жағдайдың кесірінен қазандықтың жұмысшысының арқасы мен бет терісі күйіп, аудандық аурухананың хирургия бөлімшесіне жеткізілді.

Қазір төтенше жағдай болған жерде өрт сөндірушілер, аудандық әкімдіктің қызметкерлері, басқа да мекемелердің мамандары қалпына келтіру жұмыстарымен шұғылданып жатыр. Оқиға орнында облыстық комиссия тексеріс жүргізуде.

Айна Ескенқызы
Мәлімет көзі: Altaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде