USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Үздік азаматтар Шығыс Қазақстанда марапатталды

Үздік азаматтар Шығыс Қазақстанда марапатталдыШҚ облысы әкімі Бердібек Сапарбаев Өскеменде жыл үздіктерін марапаттауға арналған салтанатты жиынға қатысты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Жылан жылын табысты аяқтадық. Облысымыздың экономикалық әлеуеті артып, жыл көлемінде аймағымызда 200-ден астам әлеуметтік нысан тұрғызылды. Мыңнан астам адам баспаналы болып, Жаңа жылды жарқын көңілмен қарсы алып жатыр. Биыл қай сала болсын оңды өзгерістерге бет бұрды. Өңірімізде биыл бірнеше рет халықаралық және республикалық деңгейдегі маңызды форумдар мен фестивальдар өтті. Он екі айдың ішінде күн батареялары пластиктерін шығаратын заманауи зауыт іске қосылды, Зайсан ауданының тұрғындары табиғи газдың қызығына кенелді, күршімдіктер Ертістен пароммен кідірмей өтетін болды, Өскеменде халықаралық бал, Катонқарағайда түркі әндерінің фестивалі бірнеше жыл қатарынан дәстүрлі түрде жалғасып келеді, Алтай балы брендке айналды, Семейде қазақ футболының 100 жылдығы, өңіріміздің диқандары миллион тонна астық жинады, айта берсек, бұл тізімнің созыла берері анық.

Салтанатты жиында сөз сөйлеген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өткен жылдың жетістіктерін талдап, есеп беретін дәстүр бар екендігін атап өтті.

– Жылан жылы жеңіл болды деп айта алмаймын, алайда, біз кездескен кедергілерге еш мойымадық. Мемлекетіміз гүлденіп, көз алдымызда дамып келе жатыр. Елбасымыз биыл 2050 Стратегиялық бағдарламасын қабылдап, халықтың келешекке деген сенімін арттыра түсті. Осыншама жетістіктерге Сіздердің қосқан үлестеріңіз мол. Облыс көлемінде биыл 315 мың шаршы метр баспана халық игілігіне берілді. Бұрын көпқабатты тұрғын үйлер Өскемен, Семей сияқты ірі қалаларда ғана салынса, биылдан бастап «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының аясында аудандар мен ауылдарда баспаналар тұрғызыла бастады. Терможаңғырту бағдарламасы бойынша кетеуі кеткен ескі ғимараттар қайта жөндеуден өтіп, қаусап тұрған әлеуметтік нысандар көрікті ғимараттарға айналды. Бағаны тұрақтандыру мақсатында биыл көптеген жәрмеңкелер өткізілді, әлеуметтік сауда нүктелері іске қосылды. Әрине, бұл жыл бойы атқарылған ауқымды шаруалардың бір парасы ғана. Алдағы жылы алға қойған мақсат-міндеттеріміз бұдан да көп. Босағадан Жылқы жылы енгелі тұр. Біз жылқыны қасиет тұтқан елміз, ұлттық рәміздерімізге де осы жануарды бейнелегеніміз тегіннен-тегін емес. Біз алдағы жылдан жылқының бойындағы сарқылмас қуат пен шыдамдылық, жүйріктік, тағы басқа да жақсы қасиеттерді күтеміз. Баршаңызды алда келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын, – деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Салтанатты жиынның ең маңызды тұсы – үздіктерді марапаттау рәсімі ерекше жағдайда өтті. Ең алдымен аймақ басшысы облысқа белгілі кәсіпкер, құрылыс саласының маманы Михайл Анашкинге «Парасат» ордені, белгілі әнші Вячеслав Ткачқа «Құрмет» орденін, облысымыздағы ауыл шаруашылығының дамуына айтарлықтай үлес қосқан кәсіпкер Владимир Акуловқа «Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағын табыстады.

Бұдан кейін сахнаға облысымыздың үздіктері көтерілді. Әр саланың майталман мамандары лайықты құрметке ие болды. Облыс әкімі жыл үздіктеріне арнайы Қазақстан Монет сарайында дайындалған статуэткалар мен дипломдарды сыйға тартты.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Altaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: Бердібек Сапрабаев
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде