USD 314.79
EUR 337.96
RUB 5.59
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Қазыналы қарттарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады Семейде

Қазыналы қарттарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады Семейде

Семейдің бір топ қазыналы қарттарын шаһар әкімі Айбек Кәрімовтың тапсырмасы бойынша әкімдіктің жас мамандары Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, сый-сыяпат көрсетті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің ақпаратына сілтеме жасап.

Әр кезеңде өңірдің партиялық, мемлекеттік басқару органдарында қызмет атқарған азаматтардың жұбайларын құттықтаған шенеуніктер қарт аналарға мықты денсаулық, келер жылдың игілігін тіледі.

Тосын сый мен құрметті күтпеген ақ жаулықты аналар өздерінің қала әкіміне деген ыстық ықыластары мен ризашылықтарын айтып, жұмысына толайым табыстар мен биік белестерді бағындыруына тілектестігін білдірді.
Жаңа жыл мерекесі өткен жылға баға беріп, атқарылған істі саралайтын кезең екендігі белгілі. «Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп» демекші, біздің өткенге салауат айтып, жаңа жылмен бірге ізгі жаңалықтардың келуін күтетініміз анық. Семей қаласы үшін 2013 жыл өз ерекшеліктерімен тарих қойнауынан орын алары анық. Босағадан аттаған «Жылқы жылы» да өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан жоғары көрсеткіштерге жетуіне жайлылық танытатындығына сеніміміз мол.

Мәлімет көзі:Altaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде