USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Неміс этномәдени бірлестігі Рождество мерекесін атап өтті Зырянда

Неміс этномәдени бірлестігі Рождество мерекесін атап өтті ЗыряндаЗырян ауданында Рождество мерекесі атап өтілді. Бұл күні неміс этномәдени бірлестігінің Достық үйінің кең залы тақырыпқа сай түрлі суреттермен, плакаттармен безендіріліп, шырақтар жағылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Мереке жүргізушілері неміс этномәдени бірлестігінің жетекшісі В.Ивлева мен Е.Кузнецова аталмыш мейрамның шығу тарихы туралы әңгімелеп берді.

Фольклор жастар ансамблінің мүшелері неміс тілінде өлеңдер оқып, қонақтармен рождестволық әндер орындап, би биледі. Кеш қонағы болған «Сириус» би ансамблі мен оның жетекшісі А.Красиков рождестволық сыйлық ретінде лирикалық вальстер билеп, көпшілікті желпінтті.

Шара соңына қарай қонақтардың барлығы рождестволық тәтті тағамдар жайылған ақ дастарханнан дәм татты.
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде