USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелерін талқылады Абай ауданында

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелерін талқылады Абай ауданындаАбай ауданында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері талқыға салынды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аудандық ішкі істер бөлімінің ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстел отырысында аудандық ардагерлер ұйымының мүшелері, учаскелік полиция инспекторлары, мұғалімдер мен дәрігерлер қауымы ой бөлісті.

Жиын барысында еліміздің «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» заңы егжей-тегжейлі түсіндірілді. Сонымен қатар, басқосуда аудан көлемінде құқық қорғау саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар сараланып, болашақта қолға алынуы тиіс шаруалардың жоспары жасалды. Бұл орайда қатысушылар тарапынан түрлі ой-пікірлер айтылып, бірқатар ұсыныстар да жасалған-ды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: зорлық
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде