USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Үздік кен өндіру учаскесі атанды өндірістік жарыста

Үздік кен өндіру учаскесі атанды өндірістік жарыста

«Үздік кен өндіру учаскесі» атанды Артемов кенішінің №3 учаскесі «Востокцветмет» өндірістік бірлестігінің салалық құрылымдары арасында өткен өндірістік жарыста, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Осы учаскенің жетекшісі Бауыржан Қалиакперов білікті басшы, ұжымын жоғары еңбек жетістіктеріне жеткізе білген іскер ұйымдастырушы ретінде өндірістік бірлестіктің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін, Бауыржан еңбек жолын қарапайым кенші болып бастады. Жас кенші қысқа мерзім аралығында мамандығының қыры мен сырын жете меңгеріп алды. Артемов кенішінің директоры Әбдірахман Исаев оған сенім артып, өндіріс саласындағы ең ірі учаскеге басшылық етуге тағайындады.

Ол жаңа қызметінде ең алдымен жерасты жұмысындағы техника қауіпсіздігі мәселесіне баса назар аударып, қарамағындағы қырық адаммен ортақ тіл табыса білді. Кен ісінің тәжірибелі шеберлері Ержан Мұстафинов пен Нұрсұлтан Жүсіпов те жұмыла жұмыс істеп, ұжымның осындай жетістігіне өз үлестерін қосты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде