USD 314.79
EUR 337.96
RUB 5.59
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Жаңа жыл қарсаңында «Жан жылуы» жәрмеңкесі өтті Семейде

Жаңа жыл қарсаңында «Жан жылуы» жәрмеңкесі өтті СемейдеЖаңа жыл қарсаңында Семейде «Жан жылуы» атты ерекше жәрмеңке өтті.Айты айтып тұрғандай, бұл шараның басты мақсаты қолөнермен айналысатын мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің ақпаратына сілтеме жасап.


Жаңа жыл қарсаңында «Жан жылуы» жәрмеңкесі өтті СемейдеЖәрмеңкеде қаланың қолөнер шеберлері мен мүмкіндігі шектеулі жандардың туындыларының көрмесі ұйымдастырылып, сатылымға ұсынылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай жәрмеңкелер жастар арасында қолөнер шеберлігіне деген қызығушылықты арттырып, тұрғындар арасында ұлттық қолөнерді кеңінен насихаттауға септігін тигізбек.

Жаңа жыл қарсаңында «Жан жылуы» жәрмеңкесі өтті СемейдеАталмыш мейірімді шараны өткізуге бастамашы болған Семей қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалының «Жас Отан» жастар қанаты. Іс-шараға Семей қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалы мен қалалық ішкі саясат бөлімі қолдау көрсетті.

суреттер Семей қалалық ішкі саясат бөлімінен алынды
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде