USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы атағы қадірменді ақсақалға берілді

Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы атағы қадірменді ақсақалға берілді«Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы» атағы Жаңа жыл қарсаңында Тарбағатайдың тумасы, саналы ғұмырын туған ел мен жерге қызмет етуге арнаған қадірменді қария Шәйкен Нұразханов ақсақалға берілді. Құрметті атақтың төсбелгісі мен куәлігін Шәйкен ақсақалға «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Түсіпхан Түсіпбеков үйіне апарып табыс етті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бүгінде жетпістің жетеуіне келген Шәйкен ақсақалдың да өмір жолы, тіршілік-тынысы Тарбағатай ауданымен тығыз байланысты. Ол аудан экономикасының өсіп-өркендеп, кең қанат жаюына зор еңбек сіңірді. Тарбағатай ауданында басшылық қызметтерді абыроймен атқарған Шәйкен ақсақал кейіннен Зайсан, Глубокое аудандарында да басшылық қызметте болды.

– Шәйкен ағаның есімін кішкентай кезімізден-ақ жақсы білетінбіз. Ол кісінің сөйлеген сөзі, жүріс-тұрысы мен қызметі бізге әрқашан да үлгі, өнеге болатын. Енді, міне, Тарбағатай аудандық мәслихаты сессиясының шешімімен Шәйкен ақсақалға аудан-ның құрметті азаматы атағы беріліп отыр. Біз бұған өте қуаныштымыз, – деді Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары Сәумен Жақаев.

Талай жылғы еңбегінің еленгеніне Шәйкен ақсақалдың өзі де ерекше қуанып қалды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде